Конверт

21.10.2021 4730
ӘЛЕУМЕТТІК РОЛИККЕ СЦЕНАРИЙ
 
 
«КОНВЕРТ»
Тақырыбы – жемқорлық мәселесі.
 
 
Инспектордың кабинеті. 
 
 
Аса сабырлы, байсалды инспектор (Берік Айтжанов) қағаз толтырып отыр, ал тым қобалжып, дірілдеп отырған бизнесмен (бизнесменнің рөлінде тек Фархад Абдраимов болуы керек!) терлеп отыр.
 
 
Инспектор сұрақ қойды: - Домалақов мырза,  сонымен оныншы рет сізден сұрап тұрмын, мына конверт сіздікі ме?
 
Бизнесмен: - Жоқ, менікі емес!
 
 
Инспектор: - Кеше сіз бұны Ықтымбердиевтен алыпсыз. Бейнетаспа бәрін түсірген (экранға көрсетті), конверттегі саусақтар ізі (“отпечатки пальцев”-тің фотосын көрсетті) – сіздің саусақтарыңыздың іздермен сәйкес кеп тұр. Оған не дейсіз?
 
 
Бизнесмен: - Рас па?!
 
 
Инспектор: - Рас, рас.
 
 
Бизнесмен: - Темекі шексем бола ма?!
 
 
Инспектор: - Әрине! Кінәңізді мойындасаңыз – жазаңыз сот алдында жеңілдейді.
 
 
Бизнесмен: - Мен енді... может быть, максимум 50 000 теңге алған шығармын ол конвертте...
 
 
Инспектор (орнынан атып тұрып, ашулы): - Ой, Домалақов мырза, мәселе тек осы конвертте болса ғой! (орнына отырды, құжатты көрсетті) Біз бәрін білеміз, сіз 10 000 000 долларды алыпсыз әлі соғылмаған сағыз шығаратын жеке меншік зауытыңыз үшін! Міне құжат! (құжатты көрсетті)
 
 
Бизнесмен: - А! Оны қайдан біліп қойдыңыз?! Кім айтып берді!? А, ол ма, ол! Рас! Рас! Мен әншейін үлгерген жоқпын әлі!
 
 
Инспектор: - Сізде 5 жыл болды емес пе?!
 
 
Бизнесмен: - Мен зауыттың дизайнын ойланып жаттым.
 
 
Инспектор: - 5 жыл бойы!? Кімді алдап тұрсыз!?
 
 
Бизнесмен: - Мен оригинальный дизайн жасағым келді...
 
 
Инспектор: - Жасадыңыз ба!?
 
 
Бизнесмен: - Шабыт келмей жүр.
 
 
Инспектор: - Сіз мені мазақ қылып тұрсыз ба!? Шарт бойынша ақшаны толық үкіметке қайтаруыңыз керек, себебі сіздің жоспар бойынша сіз сол зауытты 2  жыл бұрын толық салып біту керек едіңіз. Ал сіз тіпті фундаментін де құймапсыз әлі! Міне фото! (бос жердің фотосын көрсетті) Іргетасы да қаланбаған! Журналисттер шулап жүр, бұл жерде “спортплощадка” тұруы керек еді!!!
 
 
Бизнесмен: - ой, ол жақта балалар онсыз да футбол ойнап жүр ғой!
 
 
Инспектор: - Қоршау қайда?! Газон қайда!? Жаттығу жасайтын орын қайда?! Миымды ашытпаңыз! 5 жыл бұрын кенеттен сізде төрт қалада төрт биік коттедж пайда болыпты. Ақшаны қала бюджетіне қайтармасаңыз, мүлікке конфискация жасалады. Ол ақша әлдеқайда адал бизнесменге немесе спорт  салуға кетеді.
 
 
Бизнесмен: - Әуре болмаңыз, мен спортплшадканы мен салып беремін, салып беремін!
 
 
Инспектор: - Керек жоқ! Ол жақта енді әкімшілік спортплощадка салатын болды! Бұл – бір, екіншіден, бүкіл қаржылық кінәні сіз өзіңіздің бизнестен мүлде хабары жоқ ініңізге жауып жіберейін депсіз...
 
 
Бизнесмен: - Өтінемін, бұл туралы ініме айтпаңызшы, ол ренжіп қалады маған! Айтпаңызшы! Сіз бәрібір мүлікті конфискация қыласыз ба!?
 
 
Инспектор: - Әрине, ол жақта енді шағын мемлекеттік ауруханалар салынады.
 
 
Бизнесмен: - Отырамын ба?! Отырмайыншы, мен точно точно-шынымен сағыз жасайтын жекеменшік зауыт саламын!
 
 
Инспектор: - Домалақов мырза, ертерек ойлану керек еді! Ақшаны өз жеке пайдаңызға жұмсадыңыз ба!? Жұмсадыңыз! Қазір сіздің депозитте ақшаңыз жоқ. Оларды да сол алтын ванна орнатуға жұмсапсыз.
 
 
Бизнесмен: - Менде де шетелдегі байлардағыдай ванна болсын деген едім... (күрсінді)
 
 
Инспектор: - Және сол үшін заң бұзу керек еді ме!!? Сонымен, “полный срогыңызды” соңына дейін отырасыз! Срок үлкен. Адвокат сізге тым қатты көмектесе қоймас. Оның үстіне, сіз тағы ақша алуды жоспарлапсыз.
 
 
Бизнесмен: Енді нәпсіме тоқтау сала алмадым, рас. (күрсінді)
 
 
Сержант бизнесменге кісен салып алып кетті.  
 
 
2019 жыл. 
Тапсырысқа жазылған дүниелердің бірі. 

Share: