Қажы баян
(Эссе)
Бисмиллаһи Раһманнирраһим!
Алла қалағанда бәрі сәтімен шешіледі. Алланың үйі Қағбаны көреміз бе, көктен түскен қара тас Хажер ул-Әсуәдтты сүйеміз бе? Әлем аруақта берген сертімізді еске алып, иманымды жаңартамыз ба? Исламның алғашқы отанын, пайғамбарымыз(с.а.у) дың, сахабалардың табан іздерін көзімізбен көреміз бе? деген сан сұрақтың ішінде Алматы әуе жайына келдік.
Анаңды ертіп қажылыққа барудан үлкен бақыт бар ма? Анаңның қуанғанын көруден артық бақыт бар ма?
Сапырылысқан жолаушылар. Ақ жаулықты апалар тұтасай ақ матаға оранған. Ішітерінде жасамыс әйелдер мен қара сақал еркектерде бар. Ілезде барлығы көк тудың түсіндегі киім киді.
Рейістің де кезегі жақындап адамдар кезекке тұра бастады. Қажалық ең бірінші сабырды шыңдайтынын құлшылық. Үйден қырық қадам ұзаған соң жол азабы басталады... жүк сүйрлеу, құжатты дайындау, кезкке ұмтылу, жанталас...екі тексерістен өтіп, ұшаққа мінетін кішкене залға жайғастық.
«Шешең ұшаққа мінгенде жүрегі шыдамайды» деген әке сөзі есіме түсті...Алла Өзіңе тәуекел еттік деп, көкке көтерілдік.. Анамның бірінші рет ұшуы, қолынан ұстап қорықпаңыз деп, жанында отырдым, шешемде ешқандай қорқу, қобалжу болған жоқ. Түске жақын Түркияның ата-түрік әуежайына шатырлаған шапалақ үні ішінде қондық. Алып әуежай, құжынаған адам, табанымыздан таусылып ішінде көп жүрдік, табанның астындағы еден өзі жылжиды, оған қарасаң қатардан қаласың. Алматыда жонданып тұрған кейбір қара сақал кісілер мен елден бөлектене жүретін бірнеше жасамыс келіншектер әлі солай. Әжетқанада ұзақ отыратын апаларды тосқысы келмейді. Жолбасы болған Олжас ұстазоларды күтеді. Мен оған көмектесіп елдің алдына өтіп, кісі санаймын. Олжас екеумізді қосқанда отыз алты адам. Ирек-ирек темір қорша темрді көп айанлып тысқа шықттық. Түнгі он екіде ұшаққа қайта мінеді екенбіз. Елге мен ие болып қалдым Олжас қонақ үй аштыруға кетті. Екі сағатта автобус бастап Олжас келді, Әсем қала Стамбул. Түркияға келмегендер жан-жағына тамсана қарайды. Сезген адамға басқаша энергия байқалады. Жан тыныштыққа шомды.
Қаланың әуелгі аты Византия, Римдіктер салған. 628 жылы Пайғамбармыз Византия(Рум) императоры Гераклийге хз. Дихиятул Кәлбиді елші етіп, хат жіберіп, мұсылмандыққа шақырды.
Бір Алланың атымен бастаймын!
Алланың расулы Мұхаммедтен Рум билеушісі Гераклиге!
Уа, Рум басқарушысы мен сізді Мұсылман болуға шақырамын! Мұсылмандықты қабылдасаңыз сау-сәлемет тіршілік кешіп, Алланың теңдесіз сиына ие боласыз. Егер шақырумды қабылдамасаңыз, жамандықта қалған бүкіл халқыңыздың обалы сізде болады.
Пайғамбарымыз (с.а.у)ға қымбат сыйлықтар жіберді. Пайғамбарымыз:«Византия менің хатымды қанша уақыт сақтаса, сонша мезгіл дәурендеп тұрады»,- деді. Византияны алған басшы қандай керемет басшы, оның әскері қандай тамаша әскер деген Пайғамбар хадисіне амал еткен сахабалардың бірталайы осында жерленген. Кейін 15 ғасырда атақты қолбасшы Фaтиқ сұлтaнның пірі хз.Ақшамсейддиннің жол көрсетуімен жирма жасында қаланы басып алып, атын Исаламбол деп қойған.
Осы қалдағы Аюп суфия мешітінің өз тарихы бар. Оны Христандар бaстaпсaла бастағанда құлaп тоқтaмaйды. Визaнтия қaлaсының мэрі түсінде соңғы Пaйғaмбaрдың түкірігін қос деген дaуыстaн оянaды. Поптан кеңес сұрaйды, елші жіберіп сүйкті Пaйғaмбaрымыз Мұхaммед (с.a.у) түкірігін сұрaтады. Сондa сaхaбaлaр Я, Аллaның елшісі, олaр шіркеу сaлғaлы отырсa қaлaй түкірік бересіз деп тaңдaнды. Сондa Пaйғaмбaрымыз, сендер білмейсіңдер ол жер түбінде мұсылмaндaрғa мешіт болaды деп болашақтан хабар береді. Жергілікті хaлыққa еш зиян келтірмеген мұсылмaндaр Визaнтияны сейсенбі таңда алған Фатиқ сұлтан екі күнде шіркеуді мешітке өзгертіңдер, жұма намазын сонда оқимыз деп жарлық береді. Шіркеде құбыласы дұрыс болмай қатты қиналады. Сол күні таң намазынан бұрын Алланың қалауымен Қызыр(а.с) суқ саусағымен шіркеудің құбыласын Қағыбаға бұрады. Жұма намазы. Имaмдыққa кім шығaды, іштеріңізде екінті нaмaзының aлдындaғы бекітілмеген сүннетті ешқaшaн тaстaмaй оқығaн жaн болсa, сол кісі имaн болсын және ол кісі осы елдің сұлтaны болып тaққa отырсын деп, жaр сaлды. (Жaстығының бaсынaн жaрты кірпішті көрген жұбaйы қaтты қорқып, оның aйтқaнын тез орындaп жүреді. Кейіннен ол кірпішпен күйеуінің төсектен тұрa сaлып тaяммум aлып, дәретсіз жер бaспaй дәрет жaңaлaйтынын көрді). Ерте келіп отырған Фатиқ сұлтанды кіші дәрет қысады. Артына қарайды құжынаған адам. Жол жоқ. Жұма уақыты жақындап келеді. Қатты қысылады. Осы кезде жанында отырған бір кісі жеңін ашып сұлтанға ақырын ишара жасайды. Сұлтан қараса даңғыраған жол. Сұлтан жеңге кіріп әжетханаға барып дәретін жаңалап келеді. Алланың қалауымен өзі aлғa шығады. Бүгінде 30 дей асхабы икрам 300 дей әулие жатқан нұрлы қала.
Олжас екеуміз метроға мініп, ұстазымыздың аяғына барып құран бағыштадық. Рухани ауамен тыныстадық, айтып жеткісіз тілсім күй кештік. Ксіклі дейтінжер астында төрт қабат, жер бетінде төрт қабатты Олжас ұстаз оқыған оқу орнына барып шай ішіп, шәкірттердің артжағында отырып, күнамыздың кешірілуін тіледік. Кештетіп қонақ жайға келіп аз демалып, түнгі онда әуежайға шықтық. Онбірден бастып таможнялық, кедендік тексерістерден өтуге дайындала бастадық. Олжас артжақта, мен әдетім бойынша елдің алдын тоқтатып, қайта-қайта санап тұрдым. Оң қапталдан біздің мешпеті киінген үркердей бір топ келіп бізге қосылды. Ондада апалар басымдау екен. Алдарында кішкене көк жалатуды көтеріп басында көк тақиясы бар аласа бойлы жалпақ бет, қызыл шырайлы, жүзінен нұр тамған жас жігіт келеді. Біз сіздермен бірге баратын, Астанадан ышққан топпыз деді, мен бірден санап өз адамдарыма қостым, барлығы бас-аяғы қырық тоғыз адам болдық. Өзін Жұмақан деп таныстырды. Кезегіміз келіп шетінен өте бастадық. Артты жиып Олжаста келді.
Бір апамыздың визасының уақыты бітуге үш күн қалыпты. Арабиға кіргенменқайта қайту үлкен әуере болады деп сол жерден Алматыға кері қайтарды. Он күннің алдындағы рейсте немересіне зейнет ақысымен машина алып берген апаның қарызы оны Алматы әуежайынан үйіне қайтарыпты. Он күнде қарыздарын құйып, біздің қатарға қосылғанда он бес күнге ашқан визасы бітуге үш күнқалған екен. «Маған қажылық нәсіп болмады» деп зар еңіреді...Олжас Алматыға қоңырау шалып қызмет саяхатқа жағдайды түсіндірді. Жұмақан зыр жүгіріп ол кісінің Түркиядағы қонақ үйін, ертемен Алматыға ұшатын билетін дайындап шапқылады. Мен елді қайта-қайта санап қадағалаумен болдым. Ұшаққа кіргізу де басталды. Олжас пен Жұмақан әзер үлгірді. Түнгі екіде Арабияға ұштық. Янбу қаласының айропорты. Ерлерді ер адам, әйелдерді әйел адам бөлек-бөлек құжат текесеріп өткізді. Жуан-жуан камералары төбемізден төнді. Құжатымызды ұзақ тексерді. Әуежайдан шығысымызға жұма таңының әуелеген азан даусын естідік, киелі Араб даласына табанымыз тиіп, жанымыз толқып, көзімізден жас төгілді, мешіт имамының артында тұрып таң намазын оқыдық.... әдемі қоңыр дауыс, құран көктен өзі оқылып тұрғандай тамылжиды....дайын тұраған жап-жаңа автобусқа міндік...
Қасиетті мекеннің тау мен тасына таңғала қарадым, бұрын бала кезінде көрген жер сияқты, таныс өлке, таныс маң. Таңқалдым, қайдан көрдім, біріншірет келуім... ойландым... Адамзаттың атасы Адам Ата (а.с) ды Алла Тағала осы топрақтан жаратқан. Сондықтан да бұл мекен барша адамзаттың туған жері, ата мекені. Құдды балалығы шашылған, балдәурен күндеріңді еске салатын өз ауылыма келгендей жаным жадырап сала берді...
Шөл жазиралы араб даласы, құрғақ ыстық. Араб жарты аралының шығысында Барса, оңтүстігінде Амман, одан ары Үнді мұхиты. Терістігі ақ теңіз. Ақ теңіз жағасында Палестин жері Газаадан басталып, Ирақтағы Фырат өзеніне тіреледі. Батысы қызыл теңіз, оған параллель Ухуд, Әбу Қубайыс, Нұр тау сілемдері Иеменге дейін созылып жатыр. Тайф, Мекке, Мәдина, Жаңа Хижаз өлкесі осы аймақта. Жида мен Янбу да теңіз жағалауындағы қала. Қызыл теңізге 40 тан 100 шақырымға дейін. Теңіз деңгейінен биіктігі 2000 шақырым.
Тау арасында жанбағысқа қолайлы сулы егіс алқаптар да бар.
Пайғамбар(с.а.у) қаласы Мәдинаға жақындап қалдық. Әр жерде тоқтаусыз сағызын шайнаңдай маңқиа жан-жағына қараған түйелер табыны шалығады. Темірден қорасымақ етіп жасаған қоршаулар жасырына қарайды. Қаланың бұрынғы аты «Ясриб» сараңдық мағынасында. Пайғамбарымыз(с.а.у)ның әкесі хз. Абдулланыңда қабірі осында. Мұнда Пайғамбарымыз(с.а.у) ның осы қалада болатынын алдын ала біліп көшіп келген Еврейлерде көп. Пайғамбарымыз(с.а.у) дың мұнда келуінде үлкен хикімет бар. Пайғамбар (с.а.у) келіуімен бұл жердің дәмі мен түсі бұзылған суы құрғап, ауасы тазарды, суы жақсарды. Беркетті қалаға айналы. Қаланың жеті есігінде де періште бар, дажал ол жерге мүлде кіре алмайды.
Мәдина қаласына кіруге аз қалдық оқитын дұғаны мен оқимын сіздер «амин»дегенде бет сипаңыздар деп Олжас арабша дұға оқыды.
Пайғамбарымыз(с.а.у) дың «менің қабірмді зиярат еткен, мені тірі күнімде зиярат еткендей болады» деген хадисі бар. Шейх Шамил келгенде Пайғамбарымыз(с.а.у) қолын шығарып сәлемін алған. Бізде шынайы нитпен бір фатиха, үш ықылас оқып Пайғамбармызға бағыштап, Пайғамбарымыз(с.а.у) ды ойлап дайындалдық.
Ертегідей жарқыраған әдемі аппақ мырамор қала. Басқа әлем. Тыныштық. Қонақ үйдің алдына келіп тоқтадық. Мәдинадағы қызмет саяхаттың қызметкері Фатиқ қарсы алып, Пайғамбар(с.а.у) қаласы Мәдина Мүнаууараға келумізбен құттықтады. Фатиқ дауыс зорайтқышпен сөйлеп тұр: Бөлмелеріңізден тездетіп бой дәрет алып, астыға түссеңіздер. Жұманың алдында Пайғамбарымыз(с.а.у) ға сәлем беріп, дұға тілектерімізді жасап, сосын жұма намазына қатысамыз.
Анам Түркияға келіп алғаш қонақ үйде бірге жатқан үш апамен бірге туғандай болып бірін бірі қолтықтап сондай жарасымдыққа өткен. Ішінде біреуімен тіпті егіз қозыдай еш ажырамайды. Білетін құранымызды оқып, Пайғамбар(с.а.у) мешітіне жақындап барамыз. Өне бойым төк соққандай дыз-дыз етті. Фатиқоқитын дұғаны дауыстап оқып алдымызда келеді. Қара құрым адам, барлығы арапша сөйлейді. Төмен қарап табанымызды санап басамыз. Қақпаға келдік. Іште үлкен мешіт, ортасында жасыл күмбез еркше нұр шашады. Нұрдан көзің ұялады. Адамдар теңіздей жөңкіледі, бірақ бірін бірі басып кетпейді. Алып лағыл мырамор діңгектердің басында үлкен шырақ, құс қанаты сияқты жайылған шырақ үстіндегі шатырлар жерге басқаша салқындық сыйлап тұр. Пайғамбар(с.а.у) мешітінің ауласында дүние сөзін сөйлеуге, ойлауға болмайды. Бұл жерде оқылған екі бас намаз басқа жерде оқылған он мың ракағат намазға тең. Ондай болса бұл жерде жасаған кішкентай күнада еселеніп кетеді. Өте сақ болыңыздар деп ескертті артына қарап тоқтаған Фатиқ. Мен Византияны алған Фатиқ сұлтанды көріп тұрғандай болдым. Пайғамбармыздың жасыл күмбезіне қарап тұрып жамағатпен жақсылап Пайғамбарымыз(с.а.у) ға сәлем беріп, құран бағыштадық, дұға жасадық. Міне бұл Мәсжид Нәбәуи. Одан кейін өзіміз жеке-жеке Пайғамбарымыз(с.а.у) дың мүбарак қабір шарипіне ерлер бөлек, әйелдер бөлек беттедік. Мешіт ішіне аяғымызыд шешіп, оң аяқпен ендік, дайындап келген отыз пара құранның соңғы сүрелерін оқып, Пайғамбарымыз(с.а.у) дың мүбарак рух-шарипіне бағыштадым.Тіл, ақыл, көздің шамасы жетпейтін, тек жүрекпен сезетін әлем, қалың ел, кара нөпір жұрт, елмен бірге кетіп барам, сол жағымызда «кәусар қауызы», «жасыл кілем» бұл жерлер жәнаттан бір бақша деген Пайғамбарымыз. Көзден төгілген жас, тоқтаусыз екі бетті жуады, жүректен тереңнен шығады. Жыламаған ел өте аз. Пайғамбарымыз(с.а.у) дың қабірінің тұсына келгенде адамдар магнитке жабысқан темір үгіндісіндей жабысып қалды. Адамдар қатты зат емес, жұмсақ затқа айналып, артынша су болып, соңында буланып ұшып жатқандай. Пайғамбарымыз(с.а.у) бен тілдесіп тұрғандар да жетеді. Тек оны өзі ғана көреді. Әр кімнің рухани дәрежесі сол жерде анық көрінеді, таразыланады. «Үметтім, үметім» деп туып, «намаз, намаз» деп кеткен біздер үшін түнімен ұйқтамай қиямда тұрған басымыздың асыл тәжі, көзіміздің нұры, ардақты Пайғамбарымыз(с.а.у) дың алдында жүзіміз жарық па, әлде көн шарық па? ол күнамен жиған сауабымызға қарай белгілі. Адамдар құдды омартаға үймелеген арадай, қайта-қайта ентелей Пайғамбар қауызына ұмтылады. Өркештенген су бұрқағындай. Алланың әулие, салих құлдары Пайғамбарымыз(с.а.у) дың құзырында егіліп тұр....Артта келе жатқан елдер тосылған судай бұрқақтап аспанға шапшиды. Аяқтары жерден биіктеп, мешіттің төбесіне бастары тие жаздайды... Жанаттағы періштелердай жас жігіттер «қажы, қажы» деп ақырын елді ығыстра қуады. Арттағы ел оларға риза болса, егіліп тұрған қажылар оларға нарау қарайды. Оңнан кіріп содан шыққан ел енді қайта айналып келіп екінші мәрте Пайғамбар(с.а.у) алдына кезккке тұрады. Осылай адамдар айалана береді, айлана береді. Қанша айланғандарын өздеріде білмейді. Жұма намзадан соң елдер «Кәусар қауызы» мен «жасыл кілімге» жапа-тармағай кезекке тұрады. Түске дейін ерлер түсен кейін әйелдер кіреді. Ол жерге бағың жанып кіре алсаң екі дүниеде тасың өрге домалайды. Жәнатта кәусардан ішіп, жәнат бақшаларына боласың деген. Адамдар ұйқыны ұмытып күн-түн демей сол жерге аңсары ауады. Алланың қалауымен екі рет кәусар қауызы мен жасыл кілемге табаным тиді. Шыққым келмеді. Тағы сол сақшылар «қажы, қажы» деп арқаңнан жұмсақ шапалақтап қуады. Дұға тілеп қақайып отырсаң «ел күтіп қалды, қажы, шығыңыз»деп шапалағын көбейтеді, намазға тұрсаң, не сәждеде жатып аласаң еш уақытта сізге тиіспейді.
Жанымда жатқан Олжасқа кірдіңіз бе десем. Жоқ әлі кіре алмадым дейді. «Жүрңіз мен сізді таң нмаздан соң кіргіземін» деп мешітке сахр уақытында зулап келеміз. Намаз бітіп өзім үйренген жолмен бастадым, кезегіміз жақындап қалды. Көз жетпейтін үлкен мешіт, қалың адам. Қалың мырамор діңгек, әр діңгектің өз тарихы бар. Айша анамыздың дұғасы қабыл болған діңгек. Өзін діңгекке таңып қойып, мені Алла кешірмейінше босатпаңыз деп өзін байлаған, дұғасы қабыл болған діңгек. Бір кезде сақшылар мен күнде кіріп жүрген есікті дәл біздің кезек келгенде жауып тастап, шығыстағы екі кермені ашып есікті өзгерітп жібергені.Солай қарай тау суындай ағылдық. Мен өзімнің қайда қалғанымды білмей қалдым. Бар ойым Олжас кірсе екен деймін. Түске дейін тұрып кіре алмай, бесін намаз оқып, бөлмеге келсем, Олжас жоқ. Сәлден кейін Алланың қалауымен кірдім деп, Олжас келді. Қатты қуандым. Мен сол күннен кейін қанаша құлшынсамда еш кіре алмадым. Неше түрлі әдіс қолдандым, кіруге мүмкіндігім болмады. Біздің киім ол жерде жалаңаш жүргенмен бірдей, өзіңнен өзің қысылып, қиналады екенсің. Денені толық жабатын мұсылманша киім сатып алуға базарға шықтым. Бағдар шамсыз қала, жұмсақ резінкалар жиырма метрдей кеңдікте жолға тасталыпты, көліктер баяу келіп тоқтап жаяу адам өткізеді екен. Қала сондай ретті де таза. Адамдары күліп қарайды. Жер асты базарынан араб жігітінен ағылшынша сөйлесіп әдемі қара таспиық сатып алдым. Ара тұра өзбектер кездескенде өз ағамдай еркін сөйлестім. Біраз жүріп едім қырғыз жігіті кездесті, тіпті, туғанымдай шүлдірлесіп кеттім, одан аз өтіп, Ақтөбелік екі ағайынды жігітке кездесіп, қуанғаннан хал-жағдайларын сұрадым, жағдаймыз жақсы, менің әкем осы жерге жиырма жылдың алдына келіп тұрақтап қалпты. Біз осы жерде туылдық дейді екі аппақ жігіт. Сол жерден пакстандық үлгідегі намаз оқығанда киетін сүнет киім сатып алдым. Тезден кері қайттым, біреулер етегімнен тартады, тамақ іш деп жабысады. Көпірдің астына дастархан жайып тастапты. Аты көпір болғанмен тап-таза. Қолымды кеудеме апарып, рақмет айытып жүре бердім. Пайғамбар(с.а.у) мешітінің күмбезіне қарап келе жатырмын, күмбез сондай ыстық, ауда ұшып келе жатқандаймын, сол жағымда Масжид Ғамама(бүлт мешітіне). Пайғамбарымыз(с.а.у) дың омір бойы төбесінде жүрген бұлт пайғамбарымыз(с.а.у) дың ақтық демінен кейін осы жерге жауыпты, сол жерге осы мешіт салыныпты. Жанында хз. Әбу Бакр мешіті, хз. Али мешіті тұр.
Пайғамбар(с.а.у) қаласынан кететін күні таһажүт намазда көп жылап Алладан кешірім сұрадым. Азанда таң намаздан кейін Мұхаммед сүресін оқып отырғанымда көз алдыма отыз бес жастардағы нұрлы ақсары жігітті көрдім. Пайғамбарға салауат айттым. Басқа әлемде жүргендей сезіндім. Бір кезде кезегім келіп жасыл кілемге үшінші рет кірдім. Өзімді сондай бақытты сезіндім. Шешемде Фатиқ ұстаздың әйелі ертіп жасыл кілемге бір кіріп шықты.
Біздер Ухут тауының баурайына бардық. Тау бейне арқасын тиістіре жауға қараған сахабалардай. Түйе түстес жартастардың дәл ортасында Жебірейіл(ғ.с) мен Пайғамбарымыз(с.а.у) жүргендей. Ұхуд тау бізден деп, пайғамбарымыз бекер айтқан жоқ, тау тірі, тыңдаушысы болса сөйлейтін сияқты. Бергі жазықтағы кішкене жотаның үстінде садақшылардың бастығы Абдулла ибн Зубарир (р.а)дың ту ұстап тұрғандай елестейді. Бізге басшыға бағыныңдар, дүниеге қызықпаңдар деп, ескертіп тұрғандай.
Алла Хабибісі(с.а.у) жазуға тіл жетпейтін, бейнелуге қалам қуаты келмейді. Алла расулын біздердің түсінуіміз үшін алдымызда ұзақ-ұзақ жол жатыр... Ол үшін жүрек(хәл) ілімін меңгеруіміз керек... бұл көп еңбекті қажет етеді... Сахар уақытында ұйқыны мүлде ұмытқан, таһажүтті өзіне парыз еткен, жүректері тек «Алла» деп таулармен бірге соққан, тәбиғатпен үндескендердің қолынан келеді. Біздер көбінде Пайғамбарымыздың мұғжизасы деп «Құранды», «Миғраж уақиғасы», «айды екіге бөлуін» ғана айтамыз. Шын мәнінде Пайғамбарымыз (с.а.у) бүтіндей өмірі тұнған мұжиза. Адамға қараған сияқты көзбен қарасақ үлкен қателіктерге бой алдырамыз, Алла сақтасын. Шамамыз келсе Пайғамбарымыздың Нұрына қарауға, өнегелі өмір жолының аржағында жатқан Хикмет сырларға үңілуге тырысуымыз керек. Сезіне алсақ оның әр ісінің артында біздер үшін үлкен ғибарат бар.
Құрма бақтарына келіп, Пайғамбарымыз(с.а.у) дың табан іздерін көргендей болдық. Фатиқ ұстаз жүрегімен уағыз айтқанда көздерден моншақтаған жастар төгілді. Астаналық толықша келген жас жігіт анасымен өз атынан пайғамбарымыздың ниетіне шалған құрбаныдығының былқыған қой етімен палау жеп түстендік. Арабияда сағат тоғызда бір, кешкі алты да бір екі уақ тамақ ішеді екен. Біз қазақтар күн ара құрбан шалып, немесе тағы басқа деп, үш уақыт тамақты тастамадық. Негізі адам үш мезгіл тамақ ішіп, үнемі тойып жүрсе қатқыл мінезді қара жүрекке айналады, ауырудың басыда содан. Аталарымыз айтатын түлкі құрсақ жүру керек-ақ. Құрма алып қайтық.
Исламдағы алағашқы мешіт, жұма намазы парыз болған Куба мешіті, қос құбылалы мешіт, Хендек соғысы болған жердегі жеті мешітке барып Алланың хикіметін сезініп сәжде де ұзақ жаттық.
Анам жексені түнде ауырып қалды. Менің есім шықты. Әкеме бауырларыма не бетімді айтамын. Пайғамбар қаласында Алланың сүйікті құлдарына топырақ бұйрады. Пайғамбар шапағатына ие болады. Мұнда пайғамбар(с.а.у) отбасы және мыңдаған сахабалар (Алла жарылқасын) жәннатул Бақи қабірстанында жатыр.Бірақ оны артымдағы елім түсіне ме?
Әр намаздан соң имамның «ассалатуы жаназа» деген үнімен ел сілтедей тынып, өлімді еске алады. Намаздан соң он шақты адамды арқалап жәннатул Бақиға жерлейді. Әр намаздан соң тұрақты осылай, қайталанады. Көп тақуалар жербетінің түкпір түкпірінен осында қалуын шын тіленіп келеді екен.
Бізде үйден шығардан екі күн бұрын Пайғамбарымыздың(с.а.у) атына бір құрбан шалып, туыс-туған тамақ беріп, үй-ішімен қоштасып, жолға шықанбыз. Бұл жол сондай өлмей тұрып өлімді еске алатын, бұл дүниенің жалғандығын шынайы мойындайтын сапар. Мен дүйсенбі күні Алланың қалауымен жасыл кілемге таң намаздан кейін үшінші рет табаным тиіп Алладан анамның аман-есен елге жетуін сұрадым. Пайғамбарымыздың құріметіне дұғамның қабыл болуын жылап отырып тіледім.
Дүйсенбі бесін намаздан соң бой дәре талып, тазаланып, қасиетті Мекке қаласына жолға шықтық. Анамның екі беті ісініп кетті. Жүректің, қан қысымның дәрісін ішкізіп автобусқа отырғыздым. Көзін жұмып, қабағы түйіп алған «неге мені алып бара жатсың» дегендей маған өкпелі сиқты. Жұмақан ұстаз уағыз айта бастады. Алла қажылққа шақырады, бұл кісілер осында келіп, қажылық жасап топырақ осы қасиетті мекенен бұйрады. Екінші топтағы адамдарды Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у) шақырады. Ол кісілер қажылығын жасап еліне аман-есен қайтады. Үшінші топты шайтан мақтан жасау үшін шақырады екен. Олар сяхатқа келгендй, рухани аудан түкте сезбей, өздерін селфи жасап, қыдырып қайтады екен. Одан Алла сақтасын. Анам аузы ашылып, көзі жұмылып отыр. «Ана сізді Пайғамбарымыз шақырды» деп қайталай бердім күбірлеп.Темір тұлпар Меккеге асыға зулап келеді.... Хижреттің алтыншы жылы Мединадан умра қажылығын жасауға пайғамбарымыз 1400 сахабамен жолға шығып,аралырында 200 адам атқа мінген, қалағаны түйеде дәл осы Зул-Хулайфаға келіп ихрамға кіріп. 70 түйеге құрбандық белгісі таққан. Зул-Хулифада ихрамға кіргенде жанымызда қалың адам жүргендей күй кештік. Дүние салтанаты болған асыл киімдерімізді шешіп тасап жалаңаш тәнімізді ақ матаға орадық, тірі өлікке айналдық. Қорқынышты....Өлетінімізге анық сендік....қорқыныш...
Ихрамнан шыққанша тіс жұлдыруға, шаш тырнақ, мұрт-сақал алуға, қырынуға, денесіндегі түкті жұлуға, иіс су себінуге, исті сабынмен жуынуға, мұртын қысқартуға, қына, бояу жағыуға болмайды. Дүние сөзін сөйлеуге, шаһуатты қоздыратын сөздер айтуға, төбелесуге, сөз таластыруға, өсек-ғайбат айтуға, жаман сөзбен кісі көңілін қалдыруға болмайды. Белдік, мылтық, сағат, жүзік тағуға, тақия, сәлде орауға, тігілген киім киуге, байпақ, үсті жабық аяқ киім киуге, жыныстық қатынас жасауға, сүйісуге, құшақтасуға болмайды. Харем аумағына кірген соң өсімдіктерді жұлуға, таптауға, құрт-құмырсқа, шегіртке, маса, шыбын, жалпы тірі жәндікке тиіспеуге, өлтіруге, жануарларды аулауға қатаң тиім салынады. Кәдімгі тірі өлік, өлмей тұрып өлу, басты төмен салып үнсіз Алланы зікір ету...
Шешем көзін бір ашып қайта жұмды. Қолынан ұстап тамыр соғуын бақылап отырмын тез де емес баяуде емес бір қалыпты соға бастады. Әйелдер өз кимімен ниет ете береді екен. Шешем де автобустан түсіп мешітте екі бас намаз оқып ихрамға ниет етіп шықты. Алдымызда Қасиетті Мекке! Барлық тіршілік, жанды-жансыз Хажер ул-Әсуәдпен бірге Алла деп зікір ететінін өздері біледі не білмейді. Бүкіл әлемнің тартылыс күші Меккеде. Адамның тыныс алып, дем шығаруы Алла деп зікір етуі екенін көкірек көзі ашылғандар біледі.
Жұмақанға ілесіп Лаббайкала айта бастадық. Бар тіршілік, жанды жансыз жерасты- үсті барлығы бізге ілесіп Лабайік айтып жатты.
Мекке ежелден араб жарты аралында маңызды болған үлкен қала. Бұрынғы аты Бака болған. Жәннатан жер бетіндегі Шриланкаға Хауана, Юорданияға Адам ата түскен соң үш жүз жылдан соң осы мекенде кездеседі.
Адам ата мен Хау ана жанатта періштелердің Қағыбасы Бәйіт ұл-Мағмурды айналып Алланы зікір еткендерін еске алады, сол кезде жандары тыныштыққа шомып, рухтарына азақ беретінін сағынды.
Алла Тағала: Уа, Адам! Мен үшін көктегі Қағыбаның астына жер бетінде бір Қағыба тұрғыз, періштелер көкте Қағыбаларын тауаф еткендей сен және ұрпақтарың да соны айналып тауаф етіп, маған құлшылық жасаңдар деп бұйрды. Адам пайғамбар Қағыбаны тұрғызды. Жаратушыға жалбарынды:
-«Уа, Раббым, еңбек еткеннің ақысы болады, менің де өтеуім бар ма».
- «Иа, бар. Менен қалағаныңды сұра».
-«Уа, Раббым мені қайтадан жәннатқа жібер»-деді.
-Бұл сен үшін ақыретте жүзеге асады.
-Уа, Раббым менің қателерімді мойындағаным секілді, ұрпақтарымның да күналарын мойындап, Саған жалбарынып мына Қағыбаны тауаф еткендерін кешіргеніңді сұраймын.
-Уа, Адам! Мен сені кешірдім. Сенің ұрпақтарыңның да мына Қағыбаны зиярат етіп, күналарына тәубе етушілерді кешірдім.
Адамдар Қағыбаға өз деңгейінде құрмет көрсетпесе сол кезде жер бетіне апат келеді. Біздер үлкен жауапкершілікті арқалап қорқа-қорқа ақшам намазы уағында Мекке харем аймағына келдік, міне Мекке, Олжас арапша қалаға кіретін дұғаны оқыды, біздер қол жайып отырдық. Алпауыт үлкен қала. Шырақтары күндізгідей жарқырайды. Бағдар шамда тізілген көліктің легі ұзақ. Қала ішінде таулы қырат-қарат жоталардың үстінен сан рет шығып, сан рет түстік. Жалама жар тастарда кездесті. Көкке бой созған зәулім ғимарттар қатарласа тізілген, анадайдан төбесінде сағаты бар үлкен қөп қабатты үйді иегімен нұсқаған Жұмақан БӘЙТҰЛЛАҺ Әл-Харем сол жерде деді.
Көлігіміз үлкен қонақ үйдің алдына келіп тоқтады. Қолына екі парақ ақ қағаз көтерген толықша келген қазақ жігіті Қасиетті Меккеге хош келдіңіздер деп, жылы жымия кілт таратты. Бөлмемізге заттарымызды қойып тез түсіп ақшам намазын оқыдық, содан кейін сол қапталдағы швед столда ерлер, оң қапталда әйелдер тамақ ішіп, асықпай шайға қандық. Дәреттерімізді жаңалап, сағат он бірде бірінші қабатқа жиналып, есіктен шыға автобусқа мініп Қағыбаға қадам бастық. Он минут жүріп бір жотаны астықта бір үлкен алаңхайға келіп қалың автбустың арасына тоқтадық.
Бізге кілт тартқан Ақтөбелік жігіттің артына ілесіп 49 адам аяңдай басып, әл-Харем мешітінің ауласына жақындадық. Қалың адам, дұға аяттарды білетін Олжас, Жұмақан, мен, Амырза тағы басқа ер адамдар әйелдердің сыртын орай қоршап ішімізге бөтен адамдарды кіргізбей алға жылжыдық. Арабша оқи алмайтын кісілер дұғада бізге ілесіп шу-шу етеді. Адамдар үсті үстіне үймелеп жатқан жерге келдік, бұнда зәм-зәм ағып тұр екен. Қалағандарыңызша ішіңіздер, судың керметі сол кіндіктен төмен түспейді, кіші дәрет қыспайды. Қандай мақсатпен ішсеңіздер сондай пайдасы бар. Біздер зәм-зәмді мейілінше қанып іштік, шипа ниетімен, дұға ниетімен іштік. Алдыңда тұрған стаканды алып су ішіп боған соң, түтікшеге тастай салсаң екінші түтікшеде су жаңа стакан алдыңа келе қалады. Кермет қызмет.
№71 үлкен есіктің алдына келдік. Жаттап алыңыздар осы қақпаны, біздің қонақ үйдің бағыты осы жақта, анау төбеден ассаңыздар автотұрақ бар, ондағы жасыл түсті автобустың қайсысы болсада қонақ үйдің алдына апарады. Ондағы барлық көлік ақша алмайды, қызыл басқа жаққа, сары басқа жаққа, ақ басқа жаққа алып кетеді. Біздікі жасыл деп ескертті Олжас пен Жұмақанға қарағанда ұзын бойлы батыр денелі жаңа жолбасшымыз. Егер де адасып жатсаңыздар кеуделеріңізде тұрған пейжікті көрсетсеңіздер кез-келген адам жол көрсетеді.
Алла деп Әл-Харемге аяқ бастық. Адамның көптігі сондай, бірін бірі таптап кетердей тығыздықта, алайда адамдар арасына кірген сайын сондай рахаттандық. Ешкім ешкімді соқпайды, жылылық, үйлесілмділік. Сондай бір нұрдың ішіне ендік. Көкте қалықтап ұшып келе жатқандай болдық. Ақ, қара, қызыл, сары, қоңыр неше түрлі мұсылман, барлығы жылы шыраймен күлімсірейді, мұсылман мұслыманға бауыр, олар бір дене сияқты дегенге шүбәсіз сендік. Аз жүріп оң қапталда әйелдер сол қапталда ерлер құптан намазын өтедік. Намаздан соң бір адам жоқ, іздесек бір жас келіншек көз жасы төгіп екі алақанын жайып әлі дұға жасап отыр екен, енді жүрейік десек арбамен келген Астаналық әйелдің арбасы қойған жерде жоқ, іздедік жоқ. Арбаны адамдар жүретін жолға қойып кеткен екен, қызметкерлер елге кедергі болмасын деп, бір жерге апарып тастаған сияқты, ол да Алланың қалауы «Бисмилла» деп аяғыңызды жерге басыңыз деген күйеуі мен баласы екі қолтығынан дем берді, денесі ауыр жасы алпысты алқымдаған ана қыбырлап ақырын жүрді, бәріміз қуандық, сол жүргеннен арбасын ұмытты, кейін өзі жалғыз шауып кетті. Алланың құдіретінде шек жоқ.
Біздер төмен қарап Алланы зікір етіп, күналарымызды ойлап, кешірім сұрап, тәубе етіп келе жаттық, бес минуттай жүргеніміз жолбасшымыздың даусы саңқ етті, «бастарыңызды көтеріңіздер алдарыңызда Қағыба, бірінші көрген адамның дұғысы кері қайтпайды, қабыл болады, дұға жасап алыңыздар».
Басымызды көтердік алдымызда қасиетті Қағыба, ток ұрды, шок болдық, не айтып не қойғанымды білмедім, аузыма сөз түспейді, білетін дұғаларымды толығымен ұмыттым, алақанымды жайып тұрмын, жылап тұрмын, тілім енді иманға келіп Алладан сұрадым, іштегі тау болып үйілген армандарымды сапырдым, ел күтіп қалмасын деп айналама қарасам адамдардың барлығы көз жасын төгіп еңіреп жылап дұға жасап тұр, анама қарасам боздап еңіреп дұға жасап тұр, менде қыстыға жылап дұғаға тағы кезек бердім... бір кезде таныс даус тағы саңқлдады «болыңыздар астыға түсіп Уамра жасаймыз». Адамдарды жабыла санадық, тезден астыңғы қабатқа түстік. Адамдар жағаны ұрғылап жөңкіле аққан ақ жағақ толқындардай Қағыбаны тоқтаусыз айналады. Біздер әйел кісілерді ортаға алып, тобымызды жазбай келеміз. Ортамызға ешкімді кіргізбеуге тырыстық. Жолбасшымыз алдымызда көк туымызды көтеріп дауыс зорайтқышпен дұғаларды тынбай оқып келеді, екі алдыңғы бұрышта менімен Ақмырза, ортада Олжас, Бек болса, бір қапталда Бауыржан, Нұрландар. Арт жақта Жұмақан жалғыз айқайлай дұғаға оқыды, екі көзіміз Қағыбада, бізден бірнеше есе көп, үлкен пархоттай Индоназия, Малазия топтары өтті, әр бірінің аузында кішкене микропан бір келкі дауысен дұға оқиды. Олар жанымызға келгенде біз өшіп қалдық. Бізде жалғыз микропон ол жол басшымызда, бірде дыбысымыз шықа, бірде шықпай қалды. Төбеміз анда бір мында бір көрініп кетіп барамыз. Ақ кебінге оранған өлі жандар, қабірден тұрып, махшарға жиналғандаймыз.
Қағыбаның нұры естен тандырды... анадан туғандай сәби шаққа ендік, білетіндұға, сүре, аяттарды ұмытып қалдым.... тіпті күнде оқитын фатиха, ықылас сүрелерді де есіме түсіре алмадым.... денем жеп-жеңіл, тозаңдай салмағым жоқ... қаңбаққа айналдым. Сондай дегбірсіздендім, не күбірлеп жатқанымды өзім де білмеймін...Жан тыныштығына шомды...
Мақшар алаңы...енді адамдар дұғаға ілесуді қойды өздерін жоғалтты...біріне бірі қарауға шамашы жоқ. Өздерін жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушыға жалынып, жандары егіле көздерінен жас парлайды... Рукн-и иеманиге жеткенде адамдарды сондай бір күшті магнит тартады, ол күш Хажер ул-Әсуәд. Жәннаттан түскен аппақ тас, күнакар адамдардың қолы тиіп қара тасқа айналыпты. Әлем аруақта адамзаттың тозаңдай рухы «Сен менің Раббымсың» деген серті үш жерде сақталған. Бірі ЛауҺи махфузда, екіншісі осы Хажер ул-Әсуәдта, үшіншісі әр адамның жүрегінде. Сондықтан да Хажер ул-Әсуәдты сүйіп Алла алдындағы сертімізді жаңартамыз. Адамдар осы маңда буырқанған алып теңіздің асау толқынындай толқиды. Қара тасқа жабыса береді, жабыса береді...біреулер әубастан бағытын туралап, жетінші айналымда қара тасқа зорға жабысады. Енді біреулер сүйе алмай, қайта кері бұрылады, айналсоқтайды, қайдан шыққаны белгісіз, құдды теңіздегі алып акуладай, еңгезердей адамдар Хажер ул-Әсуәдттың дәл тұсынан киіп- жарып барып, тасты бас салып сүйіп...«Әлмисақта» берген сертін жаңалап, имандарын жаңалады. Сүйе алмағандар үміттерін үзбей Алла үйін қайта-қайта айланады. Айналған сайын рухы азықтанып, рахаттанады... ешкімнің бұл мекеннен кеткісі келмейді...
Кағбаның одан кейінгі бұрышы хижри Исмаилге келгенде Ибраһим(ғ.с) табан іздері анық көрініп тұрған көк тасты көріп иманың күшейеді. Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға «Қағыбаны қайта тұрғызып, адамдарды Қажылыққа шақыр» деді.
Алланың қалаумен өрмекші Қағыбаның сехмасын торымен сызып көрсетті, көгершін жұмыртқасын жарып, сағыз балшық жасауды пайғамбардың есіне салды. Солай Бәтүллақ құрылысы басталды. Ибраһим пайғамбар барлық адамға «даусым жетпейді»- деді. Алла Тағала «Сен шақыр, естірту Бізге тән». Содан кейін Ибраһим пайғамбар Мақамы Ибраһимнің(Қағыбаны салғанда табанның астында лифт болған көк тас)үстіне шыққанда бүкіл жер жүзін алақанындағыдай көрді. Таулар мен ойпаттар, теңіздер, ондағы адамдар мен жындар толығымен көз алдында болды. Содан кейін қолын құлағының түбіне апарып оңы мен солына, шығысы мен батысына қарап«Уа, адамдар! Қағбаны зиярат ету сендерге парыз болды, Раббыларыңның шақыруына бойсұнып келіңдер» деп дауыстады. Сол кезде адамдардың рухы қанша рет Лаббайк(әміріңе құлдық) десе сонша рет қажылыққа келетін болды. Қажылықта рухани ауаны қаншалық сезіне алсаң, соншалық жаның тыншып, раххатанасың... бар дертің кетіп, жаның да тәнің де тазарады, анадан туғандай пәктенесің. Қағыбаның тілі, ерні, көзі бар. Сен көрмесең де ол көреді, ертең қияметте келгеніңе куа болады, күнәң кешіріледі.
Одан соң Айша(р.а) анамыз сәжде жасаған Қағыбаның іші саналатын қапталда жапырлаған адамдардың табаның астынан сәждеге басымызды зорға қойып дұға жасап, жетінші айналып тауафті бітірдік. Екі рағат шүкір намазын оқып, зәм-зәмға бас қойдық.
Сафа мен Мәруаның арасында әлсіз бейшалар адам Жаратушысын ұлықтап, зар илеп жүгіреді, екі төбенің арасы үш жүз елу метір, ақ кебіндегі адамдар тынбай күндіз-түн сонда ағылып жатады... Алланы зікір ете жеті рет жүреді. Адам ата(ғ.с) Хау ана(ғ.с) осы төбеде кездескен. Осы екі төбенің арасында жеті пайғамбар жерленген, бұнда болғандарға жәнаттың рахым есіктері ашылады. Ибраһи (ғ.с) жары Ажар анамыз баласы Исмаил (ғ.с)ға су іздеп осы екі төбенің ортасында жеті рет жүгірген. Сонда баланың өкшесінен зәм-зәм шығады. Кеңдігі 14,5 тереңдігі 42 метір етіп Жеберйіл(а.с) періште қанатымен қазады. Су тоқтаусыз ағады. Зәм-зәм(тоқта)деп, суды анамыз тоқтатпағанда бүкіл жер бетіне жайылар еді....
Біздер енді Сафадан бастап жүгірер кезде жиырмаға жуық адам әжетхана іздеді. Қалың адамның арасынан шығып, дәрет жаңалап келгенше күтетін болдық. Біз тұрған Сафа жотасының үсті мүлде басақ климат. Теріміз қатып, қалшылдай бастадық, суық табанымыздан өтіп, миымызға жетті. Жайнамазы барлардың жайнамазына табанымызды қойдық, олда болмады жаурап кеттік, ертең барлығымыз қырқай ауыратын болдық-ау деп тұрмыз. Дәретханаға кеткендер кешікті, сағат тілі түнгі екіге таяды. Таһажұт намазына әуелеген азан шақырылды. Біздер шыдамадық. Олжас пен Жұмақанды қалдырып, жол басшымыз Ақтөбелік жігітке арапша оқи алатын Ақмырза екеуміз көмекші болып, екі қапталдан дұғаларды дауыстай оқып жүгіруді бастап кеттік.
Жеті рет жүгіріп болып, арттағы топтан шешемді іздедім. Бізден екі айналым кейін жүгірген олардың арасында анам жоқ, сұрастырсам бірнеша әйел кісі жүгіре алмай Мәруа жотасында қалған дейді. Сонда барсам анам өзімен бірге жатқан бір апа және бір жастау келіншек үшеуі аяқтарын ұстап отыр екен. Шешем алғашқы зәм-зәм ішкеннен-ақ бірден бет аузының ісігі қайтқан. Қағыбада алғаш дұға жасағаннан бас аурғаны басылып, сергіп қалған болатын. Аяғын аз уқалап, жүрмесек умра толық болмай қалады. Жалға беретін бұнда арбда жоқ.Сізді арқама көтеріп алайын деп едім, шешем, бірден өзім жүрем Алла күш береді деп, орынан тұруға ұмтылды. Қолтығынан демеп тұрғыздым. Шешемді бір жағыма апаны бір жағыма қолтықтап «Бисмллла» деп ақырын жүрдік....Қағыбаның түбінде шешесін арқалаған қара жігітті көріп жүрегім елжіреген еді. Менде со кезде сондай қызыққам, анамды арқалауға ниет еткем. Алайда анам мені аяды. Таң намазының азанына дейін ақырын жеті рет жүріп өттік. Мәруажотасында шаштарын кішкене қидырып иқыраман шығып алғашқы умраны өз атына жасады. Үш айда бір рет доқтырдың қадағалауымен балницаға жататын анамның денсаулығы осыдан кейін сондай жақсарып әкесіне, атасына, інісіне бір умара жасадады. Мен алғашқы умраны өзіме, сосын әкеме, одан кейін марқұм ағам мен ініме жасадым. Алла Тағала қабыл етсін.
Жалғыз имамның үнімен бес млиондай кісі бір сәтте Қағбаны айнала әр тұстан сілтідей тына такбір алып, қиямға тұрдық. Милион ойлар ілезде жоғалып, естеріне қараңғы, суық қабірде жалғыз жатар шақтары түсіп, мұңая төмен қарап, жүздері сұрлана қорқыныш пен үміттің ортасында қалтырап, Раббысына жалына, сәждеге кетіп бара жатты, асау нафсіні жерге ұра«Сұбхан Рабил ағла» деп Жаратушыны бір ауыздан зікір етті. Жүрелей отырып, қайта жерге бас ұрып Алланы еске алды. Әттахиятқа отырып, барша жандыны мен жансыздың сәлемін Аллаға жекізді, Алла Тағала сәлемімізді қабыл алғанын естіген періштелер шаһадат калмимасын айтты. Екі жаққа сәлем бердік. Әр намаздың соңында тұрақты түрде қайталанатын«әссалату жаназа» деген суық дауыс қалтасы жоқ ақ матаға оранған жұртты одан бетер шошытты. Таңғы суық жел пайда болды. Ақ мамық бұлттар көк аспанда тоқтаусыз жылжиды. Қағыба барлық қажыларға есіркей қарайды...Арамызда тоқсандағы екі әже бар Алланың берген күшімен барлығымыз №71 қақпадан шықтық. Өкшесі жоқ, беті ашық тәпішкемізді белімізге байлаған салапаннан шешіп киіп тыпылдата сүйрей басып, жерде жөргелеген ақ шегірткелерді бассақ кәфараты бір қой құрбан екенін есімізге ала ақырын басып келеміз, кімнің басқаны белгісіз анда-мұнда шала жансар шегіртке қыбырлап жатыр, кейбірі өлі, түнде келгенде шырақтардың түбінде жарқанттардай гулеп жатқан осы үлкен ақ шегірткелер екенін енді білдік, Индоназиялық жұмысышлар бір-бір маторлы арбаға мініп тазалық жасап жүр. Артта қалған апаларды ертіп әжетханаға кіргізіп күтіп тұрдым. Ығы-жығы ин тірескен қалың адам. Аппақ таң атты, біздің адамдар барлығы кетіп қалыпты. Жеті апамен мен адастым. Басымыз айланып қайда барарымызды білмей дал болып тұрдық, айналаға қараймыз барлығы араптар, кеудеміздегі пейжікті көрсеттік, бірдеңе айтады дым түсінбедік. Бір бөлмеде жатқан Астанадан келген жігіттің Түркия әуежайында адасып, есі шығып, Пайғамбарымызға салауат айтып тұрғанда Жұмақанды көргенін айтқаны есіме келіп, менде Пайғамбарымызға салауат айта бастадым...Анадайда бір ала шапан киген Өзбектің төбесі көрінді, тез жетіп сәлемдесіп жол сұрадым. Кәдімгі өз ағам барлығын әдемілеп түсіндірді.
Түске дейін ұйқтап, бесін намазынан соң қасиетті Қағыбаның шығыс қапаталында Сафа жотасынан 120 метір биікте Әбу Қубайс тауына бардық. Бұнда Адам Ата жерленген. Жәннаттан түскен Хажер ул-Әсуәд Нұх(ғ.с) топан суы кезінде осы тауда сақталған. Осы таудың үстінде пайғамбарымыз(с.а.у) жұғжиза көрсетіп айды саусағымен екіге бөлген. Таудың оң жағында Пағамбарымыздың туылған үйіне бас сұқтық. Бүгінде кітапхана ретінде қызмет көретіп тұр. Үйдің артжағында Зәм-зәм құдығы. Одан ары жын мешіті мен ағаш мешітін көрдік. Жын мешітінде жындар пайғамбарымызға баят жасап мұсылмандықты қабылдаған. Ал ағаш мешітінде, мүшіріктер пайғамбарымызға сенбей бір мұғжиза көрсет дегенде, ағаштар пайғамбар әмірімен жуан тамырлан қопара пайғамбарымызыдың жанына келіп сәжже жасаған екен.
Екінші умрадан соң қаланың оңтүстік шығысында Нұр тауына мен Олжас, Ақмырза, Бауыржан төртеуміз барып, Хира үңгіріне кірдік.
Адамдар күнаның сан түрін ойлап тауып, жез өкшелік пен зинаны ашық жасағаны сондай, ұл-қыздар өз әкесінің кім екенін білмей тексіздік жайлаған. Арзан сөзді ақындардың көбейіп, өлеңдерін Қағыба қабырғасына іліп қоятын, олар ең беделді адам болды. Пұтқа табынғандар ұннан жасаған пұттарын қарны тоқ кезде құдай санап, қарны ашса жей салатын. Қыз туылса тірідей көметін. Әйелдің орны құлдан да төмен болды.
Арсыздыққа төзбеген Мұхаммед Мұстафа(с.а.у) Нұр тауының ең биік төбесіне күнде жаяу шығып, елден оңашаланып, бұл сұмдықтарға назалы күй кешіп, Хира үңгірінде адамзаттың қамын ойлап, ой үстінде отыратын. Тау шоқысының батыс қапталына сәл еңістеп, кішкене оңға қарай бағытталғанда жапсарланған жар тастардың арасынан өтуге тура келеді, жай көзбен қарап, ақылмен топшыласаң өте алмайсың, өте тар. Аллаға тәуекел етіп, Алла хабибісіне салауат айта тасқа жақындасаң тастың арасы ашылып, кеңіп сала береді, содан өткен соң Хира үңгірі құшағын ашады, тура Кағыбаға бағытталған үңгірдің биктігі екі, ұзындығы үш, ені бір жарым метір, іші сондай тыныш, әдемі майда самал бетіңді өбеді. Тік тұрып намаз оқуға өте ыңғайлы.
Пайғамбарымыз 39 жасынан бастап, Хира үңгірінде ғибадатпен шұғылданды. 6 ай бойы Илаһи түстер көрді. Үйге қайтқан жолында тастар мен ағаштар оған «сен Алланың расулысың»,- деп тіл қатты. Милади 610 жылы 40 жасында Рамазан айының он жетінші күні дүйсенбіде Жебрейіл (ғ.с) Хира үңгіріне келіп, «Ей, Мұхаммед(с.а.у)! Мен Жебрейіл періштемін. Сен Алланың Пайғамбарысың», «оқы!»- деді. «Барлығын жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адамды ұйған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Раббың қаламмен жазуды үйретті. Адамдарға білмегендерін білдіретін асқан жомарт!»(Аләқ сүресі1-5)
Тағы бір күні Фатиық ұстаздың бастауында барлығымыз №алланың қалауымен Сәур тауына барып сәур үңгірін де көрдік.
Хауанамыз жатқан Жидда қаласынан ұшаққа мініп, әлемдегі ең үлкен Түркия жаңа әуежайына келіп қондық. Әлі толық жұмысын бастамапты. Тамақ, қонақүй дайын болмай күндізгі сағат 10 дарда келген біздер тамақты кешкі бесте бірақ іштік, біраз қажылардың ауыздары кереқарыс болды.
14 тәулік жүріп естен кетпес өмірлік естелік алып, Аламаты әуежайына азанда аман-есен Алланың қорғауында қондық. Аллаға мадақ.
Share: