Өмір жолы

16.02.2024 3833

Ешкім де мәңгілік өмір сүрмек емес. Әркімнің өз сызулы жолы, өлшеулі өмірі бар. Қанша уақытың бар екені тек бір Аллаға аян. Ал біз кітаптарда айтылатындай мына өмірде жолаушылармыз. Асығып жүрген жолаушы, сүрініп жүрген жолаушы, жолдан келген жолаушы, тәубаға келген жолаушы. Айналып келгенде алдамшы өмірді сүрудеміз. Шыр етіп дүниеге келеміз, өссем екен, арманыма жетсем екен деп талпынамыз. Бір бас екі бас болған соң, балалы болуға одан немере, шөбере сүйемін деп алданамыз. Жақсы ана, құрметті жан, беделді қызметкер, құда-жекжат дей отыра өтіп жатқан уақытпен таласа сондай дүниелерге алдана өмір сүреміз. Бірақ кейде біздер адамдардың көңіліне қарай алмай қаламыз. Менмендік, тәкаппарлық қалыптасқан басып қалатыны бар. Уақыттың өлшеулі екенін ұмытатынымыз тағы да бар...

Share: