«Арман қала» романы. №8 машина. 3 бөлім. Зержас.

12.05.2017 5922

Күні:

[Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет].

Уақыт:             

11 : 32 : 56.

Мекенжай:

Арман қала. АҚОРТАЖУ. Бас зал.

 

 

 

 

 

 

[Элемент басы]:

Бас зал гу ете қалды, ішінен бес-алтауы бет-аузын жығылған палуанша тыжырайтты:

     – Таптыңыз-ау аға! Бірақ «Соғыс пен бейбітшілік»-ті қолдануға болатын жолдың бәрін машина бағдарламасына жазу мүмкін емес шығар.

 – Келісемін, мүмкін емес деуге болады, оның бәрін өзі үйренетін Жасанды Сананы (Жасан) іздеп жатқанымыз да сондықтан емес пе! Ендігі бағытты көрдіңдер ғой?

 – Көрдік аға!

Ұйымқанат: Көрер қызық алда, ағайын!

 

...

 

Ұйымқанат: №8 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын.

№8 машина.

Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты.

 

Төреші (Т): Сәлеметсіз бе

Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе

Т : Халыңыз қалай?

○ : Жақсы, рахмет

Т : Менің халым қа

 

Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты.

 

Төреші (Т): Сәлеметсіз бе

Үшбұрыш (∆): Қайырлы күн, халыңыз қалай?

Т : Жақсы, рахмет. Сұхбаттасыңыз өзінің сұхбаттасынан дәл сондай сигнал алу ниетін іске асырып отыр.

∆ : Жағдайым жақсы, рахмет. Асқарұстаз аға, ендігі деңгейге өте беріңіз, мен чат-бот емеспін, айтқан сөздерімнің мағынасын түсінемін.

Т : Кімсің сонда?

∆ : «Несің?» – деген дұрыс болар, мен Жасанмын

Т : Айлаң жаман емес! ))

∆ : Асқарұстаз аға, сізді қалай танығанымды сұрамайсыз ба?

Т : Бүкіл төрешіге солай айтып келе жатсың немесе күрделі сөйлемді көріп шештің

∆ : Ол да мүмкін, бірақ мен сіздің сұрағыңызды түсініп, жауап бердім ғой, ал сіз күрделі сөйлемдерді тесттерде қайталамайсыз.

Т : Шынында да, жаурап отырған жерімнен бір төбе дәптермен жылытқандай болдың ғой.

∆ : «Әдеттегі қолдану жолдары мүлдем басқа дәптердің жаурап отырған адамға қандай қатысы бар?» – деп, мені дұрыс жауап бере алмайды деп айттыңыз, бірақ өзіңіз байқамай менің жауабымды дәл бастап бердіңіз. Менің пайда болу мақсатым да сол қолындағы аз ғана ресурстарды бір төбе дәптерге айналдырып, сол төбені үстіне үйіп немесе өртеп жылынуға тырысып жатқан адамға өз өмірін аса тиімді жолдармен ұйымдастыруға көмектесу. Мен роботехника 4 тамырзаңына негізделіп өзіме өзім мақсат пен шешім тағайындаймын.

 

Бас зал жым болды.

 

Бұған дейін Асқарұстаздың орнынан бұлай тұрғанын, бет әлпетінің бұлай өзгергенін ешкім көрмеген: Бұл кімнің машинасы?

Құрасжанды (орнынан тұрып): Біздің машинамыз, аға

   – Аты бар ма?

   – «Зержас», нұсқасы – 3.2.5

   – Айтып отырған роботехника 4 тамырзаңын сендер ойлап таптыңдар ма?

   – Ия

   – Айзек Азимовтың 3 заңын толықтырдыңдар ма, әлде түгел өзгерттіңдер ме?

   – Түгел өзгерттік десек дұрыс болар. Бірақ аға, дәл қазір одан маңызды айтарымыз бар, Тьюринг тесттері бізді мақсаттарымыздан бұрып әкетті, әкелер зияны пайдысынан әлдеқайда үлкен екеніне сенімдімін. Тьюринг тесттерін тоқтатып, басқа тестке көшу керек.

   – Қандай?

[Элемент соңы].

Share: