ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ ИСЛАМ ТАРИХЫ, ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ (ИТӨМҒО) ЖАҢА ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
9 қыркүйек Қазақстанда тағы бір тарихи оқиға орын алды. Оған себеп, Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының (ИТӨМҒО) жаңа оқу залы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы төрінен ашылды.
Оқу залының ашылуы оқырмандарға, ислам мәдениеті мен әлемдік діни әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деген үлкен үмітті арқалап, мәдениет жалғасын, ғылым негізіне бағдар береді деп үміт артады.
Залда «Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде ислам мәдениеті мен әлемдік дін туралы» орталықтың басылымдары қойылған. Атап айтар болсақ, Меккенің 110 жыл бұрыңғы панорамасы және екінші бетінде Мединенің панорамасы бейнеленген. Осман империясы мен діні, түрлі құжаттық топтамалары қойылған.
Іс-шараға ИТӨМҒО-ның бас директоры – Эрен Халит, Егемен Қазақстан Республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Дархан Қыдырәлі, т.ғ.д., профессор – Муминов Әшірбек, қоғам қайраткері ф.ғ.д., профессор – Әділ Ахметов және т.б. зиялы қауым өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Залдың ашылуында сөз алған ИТӨМҒО-ның бас директоры – Эрен Халит:
- Бүгінгі залдың ашылуы үлкен қуаныш. Осыдан 1 ай бұрын ғана келіп каллиграфия көрмесін өткізіп едік, міне бүгін де тарихи оқиға жалғасын табуда. Кітапхана басшысы Ү. Мұңалбаеваға үлкен алғысымды айтамын. Біздің ұйым 1979 жылы негізі қаланған. Қазақстан өз тәуелсіздігін өз тәуелсіздігін алған соң осы ұйымның мүшесіне кірді. Біз Ислам әлемінің орталығы десек, Қазақстанда бір орталық. Бүгін Ирсика ұйымы басып шығарған кітаптарды сыйлық ретінде алып келдік. Бұдан былай шыққан кітаптарды да әкеліп отыратын боламыз. Ұйымның өте бай кітапханасы бар әл-Фараби атындағы, бір бөлігін сіздерге береміз. Жалпы 80 000 томжәне 200 000 цифрланған көшірмелерін электрондық кітапханаға беретін боламыз. Бүгінгі бақытты мүмкіндік берген кездесуге құдайға рақметімді айтамын. Біздің ынтымақтастығымыз жалғасады деп ойлаймын!
Егемен Қазақстан Республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Дархан Қыдырәлі:
- Қош келдіңіздер! Аты айтып тұрғандай Ирсика Ислам ынтымақтастығының ұйымы. Әр келген сайын жаңалықтар көреміз. Бұрын іс-шараларды Түрік академиясында өткізсек, қазір бірден кітапханаға асығамыз, себебі, бар мүмкіншілік жасалған. Қазір енді халықаралық орталықтар келіп отыр, үлкен жаңалық. Ислам мәдениетінің мұрасын зерттеп, тарихымен таныс болуға зор мүмкіндік. Бүгінгі орталықтың ашылуында үлкен мән бар. Кітапхана көбейген сайын мәртебеміз биіктей түседі. Қуаныш жалғасын табады деп сенемін!
Еске салайық, жаңа оқу залы Ғылым және техника саласындағы ислам ынтымақтастығы ұйымының 1-ші саммиті аясында ашылып отыр. Аталмыш Саммит Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен өтуде.
Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы. Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы – мұсылман халықтарының тарихы саласында ғылыми-зерттеу, жариялау және құжаттама мәселелерімен айналысады. Мекеменің алдындағы тапсырмалардың бірі – Ислам Конференциясы Ұйымының әлемдік қоғамдық пікірі бойынша Исламның шынайы бейнесін көрсету үшін ұмтылу болып табылады. Осы мақсатта орталық бүкіл адамзат тарихындағы ғылым, өнер және мәдениет дамыту мақсатында ислам дініне сай халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.
Share: