Топырақ

12.09.2017 5567

Тәкаппармыз-ау! Жер бетінде мәңгі қалатындай еш нәрсенің қадірін білмейміз. Дүние сондай кең, ғажайыпқа толы. Сіз әрбір затқа мұқият қарай аласыз ба?

Қара топырақ. Нені көрмеген қара топырақ. Бала кезде талай дәмін татып едік. Зер салып қарастырсақ Алланың жасағанына еш күмән келтірмейміз.

         Қара жер. Талай адамның қаны төгілген, талай жанның жасына толған жер. Бұл талай қылмыскерлердің, небір күнәһарлардың тәкаппарланып жүрген жері.

Қайран қара топырақ. Өзге елде дүние салған адамдарға жетпей жатқан бір уыс топырақ. Шіркін, қанша күшті, арман болған өзге елдің жері өз еліңнің қара жеріне жетпейді ғой. Содан болар қазақта: « Туған жердей жер болмас» деген мақал бар. Дана қазақ қателеспейді ғой. Адам топырақтан жаралады да, топыраққа қайтады. Адамдар: «бір уыс топырақ салайық» деп айтып жатады. Топырақтың қадірі. Сіз жерде жүрген жәндік немесе құрт-құмырсқалардан жиіркенесіз ғой, солай ма? Енді бүгіннен бастап тәкаппарлығыңызды өміріңізден ысырыңыз. Себебі, сіз жер қойнына кірген кезде олар сізді ешқандай тәкаппарлықсыз азық етеді.

Айтқым келген ой: өмір-ағыны тоқтамайтын өзен болғанымен, оның шыңырау шегі болады. Өмірді өзенге теңесек, өзен де бір күні құрғайды. Ойланайық! Тәкаппар болмауға тырысайық!

Share: