One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Жаралы жарқанат

BLOGS

31 december 2018
3878
1

Жаралы жарқанат

 

Жұмыстан кейін Гамбургте бір неміс досыммен сөйлесіп, үйге қарай кетіп бара жатыр едік, шөптердің арасынан бір жарқанаттың баласы шыға келді. Келе жаңағы немістің аяғына оралып, көмек сұрай бастағандай кейіп танытты. Мен ойбай деп қорқып кеттім. Жарқанат күндіз ұшпаған соң, оны көру сирек қой. Ал ол кішкентай жарқанат. Кіп-кішкентай. Қанаты жараланыпты. Көмек сұрайды. Кімнен көмек сұрау керек екенін біледі, бейшара. Неміс жігіт тұра қалды да, оны алақанына салып, қарай бастады, содан жедел жәрдемге хабарласты, 2-3 минуттан соң жедел жәрдем жаңағы жарқанатты жаралы адамды алып кеткендей келіп, алып кетті. Мен сол қалпымда қақшиып қалыппын. Сол оқиға әлі көз алдымнан кетпейді. Жарқанат та адаммен бірдей құрметтелетіні олардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінің көрінісі деп ойлаймын.


Share:
     
Leave a comment:
Captcha