One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Қарындасқа

BLOGS

08 february 2020
3226
0

Қарындасқа

Қарындасым қарамашы жан жағыңа 
Сені біреу қысқа ки деп азғыра ма? 
Иманыңды жидағы ұзын киіп 
Тырыссаңшы қазағымды аздырмауға
Қарындасым қарамашы өзгелерге
Өзгелер сен қарар деп өзгере ме?
Өзге тілде тәрбие алған өр кеуделер
Естісін деп айтып отырмын ескеруге!
Қарындасым құлақ түріп тыңда бері 
Қазақтан жақын саған кім бар еді?!
Ұзын кию бұрынғының сән әлемі 
Ұзын кисең болар едің тым әдемі
Қарындасым намысымсың биік тұрған,
Қу жаным болсын арың үшін құрбан
Қазақ қызын қырық үйден тыйып қойған,
Қазағым қыздың арын биік қойған.
Қарындасым тыңдашы бұл сөзімді 
Қазақтан басқа аясын кім өзіңді 
Басқа ұлтқа тиемін деп, сүйемін деп,
Ақша үшін құрбан етпе өз-өзіңді.
Қарындасым еріңді аялай біл,
Жүректегі иманыңды саялай біл,
Ұлты үшін жанын берер ұрпақ сенен
Білімің мен тәрбиеңді аямай бер. 


Share:
     
Leave a comment:
Captcha