One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Айдың бетіндегі сызық

BLOGS

09 december 2020
1733
0

Айдың бетіндегі сызық

Айдың бетіндегі сызық

 

Барға жоқтай, елең етпей,–  
Жоққа бардай ақтарылу.
Өмір сүру – көбелектей,
Жанып жатқан отқа бару.

 

Жүруіңе себеп таппай,
Шаршағаны жанның онда.
Жүрегіңе сенім батпай,
Жүргені тек ... соның олжа!

 

Көру деген көз керкі ме,
Жалын шығар сезім берген?!.
Жібермесе ізді еркіне,
Елес шығар көз ілмеген.

 

Жүру  үшін бағыт керек,
Қозғалыста – өмір деді.
Қараңғыға жарық себеп,
Бір-бірінен бөлінеді.

 

Ағыстарға қарсы ақпасаң,
Өзді-өзінен қылық бастар...
Дүниеден алшақтасаң,
Өмір онда сызып тастар.

 

Алтай
(немерем)

 

Бүр жарып...
Көктемде көктеген,
Көңіл де гүлдің ағындай.
Нәзіктік еді жетпеген,
Жүректің жұқа қабындай.

 

Сәтімен жанға жеткен деп, 
Осы де бізге керегі. 
Жапырақ жайған көкпіңбек, 
Сұлулық гүлдеп келеді.

 

Келбеті ұқсап Күн, Айға, 
Сәуледен шашақ құраған.
Жарығын шашып маңайға,
Дүниеге келді бір Адам!

 

Шықсын деп көңіл құмардан, 
Өзімен өзі болған ой. 
Тоғысып жатқан мың арман, 
Шаттыққа лықып толған ғой. 

 

Ақ нұрдан оның құрамы, 
Алтынға малып алған ғой. 
Себіліп көктен шуағы, 
Төгіліп жерде қалған ғой!


Share:
     
Leave a comment:
Captcha