Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Абай - ұлы майталман!

Blogs

09.07.2021
3653

Абай - ұлы майталман!

Абай ақын,Абай ұлы майталман
Өз ойында,іркілмеген айта алған
Сөз ісінде өз орынын орнықтап
Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік байқалған 

 

Қара сөздің хас шебері зергері
Тең келетін дейгейімен еңбегі
Ақындықтан сыр шертетін Абайдың
Байқалғандай надандықты жеңгені 

 

Көркем сөзбен өнерін өрнектеген
Әнде жазған өзіндік ермекпенен
Менде Абай секілді құлшынамын
Талмай қанат қағумен сермеп келем 

 

Өлеңдерін бейнелеп шың басына 
Сенемін мен өрмелеп тынбасыма
Эверестке теңелтіп Абай сөзін
Қаруыңды сайлап ал сынға сынба 

 

Қаруың деп атадым қаламыңды 
Үңілдіріп өзіндік талабыңды
Қалам қылыш қағазың қалқан болып
Алаулатсын қара өлең жанарыңды 

 

Абайыңның өзіндік ағысы бар
Домбырадай қаратар қағысы бар
Арғымақтай алқынып таластағы 
Бәйге бермес жорғалық шабысы бар 

 

Дарабоз деп айта аламын Абайды
Таңқалдырған өнерімен талайды
Сол өнерді естігенде ұл қызың
Ұлылардың қатарында санайды 

 

Жарасады егер жазсаң дастанда
Қалықтады қара өлеңі аспанда
Әндеріңді естігенде ұл қызың
Сөздеріңмен шымылдықты ашқанда 

 

Көгімізде қалықтады ғажап күн
Ұлы ақын шетін ашты ғажаптың
Мейлі өтсін,зымырасын мың ғасыр
Ұмытпаймыз ұлы ақынын қазақтың 

 

 

Айтжан Сержан 
Жаңақорған ауданы


Share:      
Leave a comment: