Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Адасқан өмір

Blogs

08.06.2018
6127

Адасқан өмір

Тухан Нұрбол 05.03.1998 Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы ауылы

 

 

Адасқан өмір,

Жабырқау көңіл,

Баршаның жанын жүдетті.

Адассаң ұрып,

Барыңды жұлып,

Жылатып,жасты көлдетті.

Тау тасты кезіп,

Ел-жұрттан безіп,

Кезерсің талай қыратты.

Асылдан кетіп,

Тозығың жетіп,

Жартастан сені құлатты.

Нәпсіге еріп,

Жалғанға сеніп,

Байлардың іші тарылды.

Жылтырақ нәрсе,

Бір жерден көрсең,

Саларсың соған барыңды.

Біреуге жалған,

Біреуге арман,

Қарайтты өмір қаныңды.

Жалғанға сенсең,

Тек босқа жүрсең,

Бір күні алар жаныңды.


Share:      
Leave a comment: