Blogs
ӘЛЕМ АСТАНАЛАРЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ
21 мамыр 2018 жылы Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында (Тәуелсіздік даңғ., 52) және 22 мамыр ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көш., 11) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы) «Ел жүрегi - Астана» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында әлемнің 20-дан астам ірі кітапханалары мен Қазақстанның кітапханаларының қатысуымен «ӘЛЕМ АСТАНАЛАРЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ» атты халықаралық көрмесін өткізеді.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Әшімбаев Мәулен, Филология ғылымдарының докторы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Жолдасбеков Мырзатай, Амброзиана академиялық кітапханасының ғылыми хатшысы (Милан қ., Италия) Канетта Эдуардо, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бородавкин Алексей, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль және журналистік брифингке ҚР ҰАК Басшысының м.а. Нуржан Жолдыбалинов, Адам ресурстарын басқару және дамыту істері жөніндегі кітапхана директорының орынбасары (Тегеран қ., Иран) Мехди Мосави, Берлин мемлекеттік кітапханасындағы Орталық Азия бағыты бойынша маман (Берлин қ., Германия) Роза Туляшева, Ресей Ұлттық кітапханасының, Мәдени бағдарламалар бөлімінің кітапханалық және көрме жұмысы бойынша бас маманы (Санкт-Петербург қ., Ресей) Александр Гоз сынды мамандар қатысса, пленарлық отырысқа ТҮРКСОЙ бас хатшысы (Стамбул қ., Түркия) Дүйсен Қорабайұлы Қасейнов, Тарих ғылымдарының докторы, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы, Халықаралық Түркі Академиясының Президенті (Астана қ., Қазақстан) Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ., Қазақстан) Үмітхан Дауренбекқызы Мұңалбаева және «Кітапхана қорларын цифрландыру, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі» атты 1 Сессия жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының директоры Б.А. Оразалиев, Словения Ұлттық Кітапханасының Бас директоры, Словакия Кітапханашылар Ассоциациясының Президенті, «Кітапхана қауымдастығы менеджменті» ИФЛА Тұрақты комитетінің мүшесі (Братислава қ., Словакия) Сильвия Стасселова қатысады. «Кітапхана – жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылық» тақырыбындағы 2 Сессияға Молдова Ұлттық кітапханасының бас директоры Елена Константиновна Пинтилей, Тәжікстан Ұлттық кітапханасының директоры Мирализода Абдусалом Мустафо, Ресей мемлекеттік кітапханасының изобасылымдар бөлімінің меңгерушісі Любовь Родионова, Берлин мемлекеттік кітапханасының Шығыс Азия бөлімінің ғылыми қызметкері (Берлин қ., Германия) Айсыма Миерсулитан, Татарстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары Ирек Хадиев, Саха Республикасы Ұлттық кітапханасының қорларды құжаттау жөніндегі директорының орынбасары (Якутск қ., Саха Республикасы) Светлана Бойтунова және облыстық кітапханалар қатысады. «Әлемдік өркениеттегі – түркі тілдері» тақырыбындағы 3 Сессия жұмысына филология ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Шәкір Ыбыраев, филология ғылымдарының докторы, Альберт Людук атындағы Фрайбургск университетінің шығыстану факультеті түркология бөлімінің профессоры (Германия) Рут Бартоломе, Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның бас хатшысы (TURKSOY) (Түркия) Дүйсен Қасейнов, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің ғылыми қызметкері (Алматы) Өмірбек Қанай, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры (Астана) Мақсат Алпысбес, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры (Астана) Айгүл Үсен, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана) Рахымжан Тұрысбек, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі (Астана) Айман Азмұханова, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника университеті (Астана) Өмірзақ Сұлтанов, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана) Болат Қорғанбеков және т.б. ғалымдар қатысады. «Астана - бейбітшілік пен мәдениет қаласы» атты 4 Сессия жұмысына Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы (Алматы қ., Казақстан) Ұлықбек Есдәулет, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Құттықадам Сейдахмет сынды белгілі Қазақстан және шетел зиялы қауымдарымен халықаралық шығармашылық кездесу өтеді.
Іс-шара аясында Қазақстан астаналарын көшіру туралы көлемді көрме, сондай-ақ, әлемнің ірі кітапханалары астаналар ауысуы туралы сирек басылымдар, деректі хроникалар, фотожиындар, сондай-ақ, өз мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті туралы жазба ескерткіштерін ұсынады.
Іс-шараға ТМД және әлем елдерінің ұлттық кітапханаларының жетекшілері, Қазақстанның ұлттық және облыстық кітапханалары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, баспагерлер, мемлекеттік мәдениет, білім және ғылым институттарының жауапты қызметкерлері, кітапханашылар шақырылды.
Халықаралық көрменің өткізілуі халықаралық мәдени алмасуға, мәдениеттер диалогына және кітапаралық ынтымақтастықты дамытуға ақпараттық ресурстарды жинақтауға және кеңейтуге мүмкіндік береді.