Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Арқалық көктемі

Blogs

28.11.2017
4268

Арқалық көктемі

Жапырағы жайқалған желек-желек,
Ағаштар тұр жол бойын көлеңкелеп.
Арқалықтың көктемін әндетіп тұр,
Шат дауысты торғайлар терекке кеп,
Таң шапағы сәулесін аша түсіп,
Тіршілігі оянды аса қызық.
Жұпар иісін аңқытып хош шіркін-ай,
Арқалық тұр көктеммен жасарысып.

Көшелері шаттанып тіршілікпен,
Күн артынан сағына күнді күткен.
Сейілтпек боп салқынды жылымығы,
Алысады шуағы түнгі шықпен.

Бүрін жарған қайыңдар меңмендейді,
Төгілтіп жапырағын көлбеңдейді.
Самал желмен әлдилеп Арқалықты,
Көктем жыры Арқаны көркемдейді.

Шырайыңнан айналдым көктем сенің,
Бойға қуат береді өпкен лебің.
Арқалықтың көшесін серуендеп-ай,
Көктемгі өлең құлпырып өркендедім.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ


Share:      
Leave a comment: