Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
«Асыл сөзді іздесең...» атты on-line марафон өтеді

Blogs

03.08.2020
3923

«Асыл сөзді іздесең...» атты on-line марафон өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанындағы Балалар кітапханасы қазақ халқының бас ақыны, ойшыл, ғұлама ғалым Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Асыл сөзді іздесең...» атты on-line марафон өткізеді.

 

Онлайн марафонды өткізудегі мақсаты – хакім Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау мен оқырмандар тарапынан қызығушылықтарын арттыру, балалардың оқу шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту мен тұлғалық болмысын қалыптастыру. Сонымен қатар, ұлы ақынның қара сөздеріндегі тәрбиелік ойларға мән беру мен рухани құндылықтарын жаңғыртуды басшылыққа алу болып табылады. 

 

Марафон талаптары төмендегідей:   

 

- Марафонға 7-14 жас аралығындағы кез - келген балалар (ата-анасының және ұстазының парақшасынан) қатыса алады.

- Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылық ізденіспен сапалы түсірілген бейнебаяндарды дайындайды.

- Балалар бейнебаянды ұлттық киімдерде орындауы басты назарда болады.

- Шығармашылық тапқырлықпен мәні мен салтанаты жарасқан көріністе қара сөздерді мәнерлеп оқу арқылы тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу.

- Қашықтықтан өткізілетін марафонның 1 кезеңі 2020 жылдың 3 тамыз күнінен бастау алады. Марафонға қатысушылар жолдап отырған жұмыстары (бейнебаян) 2020 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады. Марафонға қатысушылардың жұмыстары фейсбук әлеуметтік желісінде үзбей жарияланады.

 

Байқау үш кезеңнен тұрады: 1. Қара сөздерді мәнерлеп оқу. 2. Өлеңдер мен поэмаларын оқу.3. Әндерін орындау.

 

Марафонға қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде ақынның қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқиды. Екінші кезеңде өлеңдер мен поэмалар оқылады. Ал, үшінші кезеңде ақынның әндерін орындаудың ұзақтығы 2-3 минуттан аспайтын бейнероликтер қабылданады. Бейнероликтің түсірілу сапасы, шығармашылық ізденісі, мәнерлеп оқу көркемдігі бағаланады.

 

Байқау соңындажеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.


Share:      
Leave a comment: