Blogs
Асылай Есқалиқызы: Адамдар-ай.өмір сүрейікші бірлесіп!
Қария шері
Көптен бергі арманым сол болғасын,
Көргім келіп ақ жаулық,өр тұлғасын.
Қарттар үйін ақырын аяңдадым,
Қарияның алсам деп бір батасын.
Армысыз!-деп бір бөлмеге кіріп келдім,
Бұл қай бала?!-деп ата күдіктенді.
Құдайы қонақпын ғой дегенімде,
Деді ата;немерем деп үміттендім.
Жағдайыңыз қалай?-деп күбірледім,
Ойланып тұрды да:Шүкір!-деді.
Тірілей мені ұлым өлтіргенмен,
Қарағым,мені үкімет өлтірмейді.
Әңгіменің қаладым жалғасқанын,
Айналайын,ішім де шер-дастаным.
Үш қабатты үйі бар ер баламның,
Бір бұрышын қайтейін қимағанын.
Үш қабатты қарттар үйінмекендедім,
Тамағым тоқ,бәріне де шүкір дедім.
Келінім көрсетпеген қызметін,
Күтуші қыздарымнан көрдім!-деді.
Қадірін біл жарығым,кемпір-шалдың,
Немересі екенсің есі бардың.
Үйдегі ата-әжеңе сәлем айт!-деп,
Күлімдеді.Қия алмай мен қоштастым.
Аз болса да басылғандай сағынышым,
Қайталана береді бір дауыс,үн.
Қара жердің астындағы ата-әжеме,
Қалай сәлем айтам?!-деп жылап шықтым.