Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
аударма поэзия

Blogs

01.08.2017
8402

аударма поэзия

аударма поэзия

 

  В.Гюго

Бәрі басқа, өзгенікі бәрі де,

Сен жүретін сүрлеуі өзге тоғайдын.

Өзге әйел су кешеді әріде,

Өзгенікі сен сүйетін ақ айдын.

Мүмкін бе бұл? Бәрі ізсіз өте ме,

Жасыл алап, мейір төккен қаяусыз...

Назымыз жоқ, құштарлық жоқ...Бөтендер...

Жер бетінен жоқ етіпті... аяусыз.

Айтшы, бұлақ, дала, орман алабы,

Ұшар басы ұя толған қалын бақ.

Сыбдырыңды кім ұнатып , қалады,

Сыр айттың ба өзгелерге жалындап...

                 

 Ф.Тютчев.

 Соңғы махаббат

Ұлғайған шақты әурелеп

Ғашық етті тағдыр талайы.

Жарқыра, жарқыра сәулелеп,

Махаббаттың соңғы арайы!

Көгімді көлеңке көлбелеп,

Тек сонау батыс нұрланды.

Келмеші , ымырт өрмелеп,

Аялда, сезім! Қал мәңгі!

Соңғы рет жүрек шарқ ұрды,

Сезімдер қайта жанғандай.

Шарасыз үміт талпынды,

О, соңғы махаббат, сор маңдай!

                       

                   ***

Түк білмей жатты күнімен,

Қымтады мықтап көлеңке.

Жып – жылы жанбыр үнімен,

Ән салып жатты гүл ерке.

Ес жыйды ол енді жәй ғана,

Айнала құлақ сап шуына.

Үн қатпай ұзақ таңғала,

Шомғандай ойдын буына.

( Қасында тұр ем мен, тірі өлік)

Сенделтіп сабылыс, күйбін ой.

Айтты аңық, күйініп , мың өліп,

« О, осының бәрін сүйдім ғой!»

Сүйіп ең, сендей сүйе алу,

Бұйырмас енді ешкімге!

Көрдім- ау мұны да, құдай – ау,

 

Тірідей өліп, өштім де...

           А.В.Кольцов

« Киелім» деп әруаққа бас ұрдым,

Сақташы деп қатал тағдыр кәрінен.

Дауылдардан – жауындардан жасырғын,

Сақта мені талайымның бәрінен.

Пендем ғой деп, түкке алғысыз мүсәпір,

Рухың жебеп , себер сенім сәулесін?

Сабыр берші, төзімдердің күші артып,

Тәрк етермін жалған дүние әуресін..

Мүсіркемедің! Мінажатты күйінген,

Құйындатып түн түнегі талады.

Тозақ жалған... енді түкке сүйінбен,

Жоғалды үнсіз жан тілеуі жаралы.

Жоқшылықта сөнем бе әлде осылай,

Тойынбадым, артты өмір тек азабын?

Арманыма тілегім кеп қосылмай,

Қанып жұтпай көктем демін, ғажабын.

                         ***

 Тәтті үміт

О,тәтті үміт,мұңлы түннің  перзенті,

Келші маған, бұлтты аспаннан тұманды.

Көріңсеңші  аяулым боп  келбетті,

Жанары жас жарқыраған  құмарлы.

Жан жүрегін мазалайсың  ақынның,

Алдап, арбап себезгілеп сәулелеп.

Бірде дерттей, бірде өрттей  жасын мұң.

Қайғыны да тәтті  умен   әурелеп.

Армандайды,  қоя алмайды арманды

Жетелейді қиял Сельм нуына.

Нөсер ұрып, дауылдарда қарманды,

Масаң болып  бозғылт тұман буына.

Кейде көбік  мұхит үсті көлеңке,

Кейде шаттық толы шара жанары.

Ақын кеуіл сонда кернеп ән ерке,

 

Шырқай берер, шаттанып жан аралы.

Сонда әнмен жаңғырады дала орман,

О,мас  қиял.. жоғал   қыстың өктемі!

Гүл тәжімен оранғандай нала арман,

 

Мұз жарады  махаббаттың  көктемі!

                          ***

Кездестің кімге...

Көп күндер өтіпті ау, біз ажырағалы,

Өзгерген шығарсың сен мүлде.

Қапалы едің... кеуіл азынағалы,

 

Кездестің екен сен кімге?

Өн менен түстін арасында едің,

Дем салып бөгде оятты ...

Құшағында ыстық таласың ба енді

Тапқандай нағыз тоятты...

Түндеріңде енді өзге түс көресің бе,

Ләззатқа шомған тәнің албырап.

Ығына жығылып, үнсіз көнесің бе ,

Мәуелі бақта бөтен балбырап..

                С.Есенин

              Анаға хат

Армысың, қайран анашым,

Аманмын мен де, аманмын.

Сәулеңмен  нұрлы, панашым,

Жылытшы  жанын балаңның.

Хат алдым елден, қамықтым,

«Қалды анаң, - депті - , қалжырап.

Жолыңды тосып, жабықты,

Көнетоз тоңы жалбырап.»

Жайыңды, ана, білемін,

 

Жүрсін – ау, алаң балаға.

Түсіне, әлде, кіремін,

Қараусыз жатқан далада?

Неліктен сонша таусылдың?

Егілдің, сезем, түн талай.

Естімей жылы даусыңды,

Өлемін, ана, мен қалай?

Өзгерген жоқпын мен, ана, ,

Перзентпін  ұлы сезімді.

Жерітіп суық, сұм қала,

Аңсаумен жүрмін өзіңді.

Оралам, апа, көктемде,

Алма бақ жұпар шашқанда.

 

Сегіз  жыл өтіп кеткен бе?

...Оятпа енді ақ таңда.

Қозғама мені, оятпа

Дауасыз жүрек наласың.

Тым ерте жеріп, тояттап,

Көп көрдім өмір аласың.

Мінәжат ет деп жалынба,

Оралмас енді өткен күн.

Сен ғана бағым, барым да,

Сен ғана шуак көктемім.

Шықпа енді жолдың бойына,

Көнетоз тоның жалбырап.

 

Қайдағы түсіп ойыңа,

Қаларсың  босқа қалжырап.

             ***

                 А.Ахматова

  Тұмшаламан енді пердемді,

Қарағын, мейлі қарама.

Білемін, жүрсің кете алмай менен,

Мысқылда , мейлі қарала.

Ызадан күйдің...Жаныңды үнсіз

Жегідей жедім, тырнадым.

Қайғыға орап тұңғиық, түпсіз,

 

Ұйқыңды мәңгі ұрладым.   

                  ***

Мақтап, даттап жүрмедің неге,

Жалт етті бізден бақ талай.

Жаныма , дедің, өзіңсің еге,

Өсиет етіп: Сақтағай!

Алаңдап жүрмін , күтумен енді,

Тұңғиыққа бірде құласаң?

Әзәзіл келсе, әурелеп мені,

Жаныңды сені сұраса?

Жасырам қалай жаныңды , ерім,

Азапта, құдай, азапта!

Жоқтаумен ессіз әуенмен сені,

 

Өртеніп барам тозақта!

              ***

          ***

О, жоқ, сүймедім мен сені,

Өліп – өшіп жанбадым.

Алапат басып енсені,

Саған тартты... Таң қалдым.

Жығылдың кеп аяғыма,

Үкім сұрап, қадалдың.

Саған сол сәт таяды ма,

Көлеңкесі ажалдың?

Кеттің солай. Жеңіс емес,

Ажал іздеп. Жүрегіме мұң құйып.

Сезбедің бірақ сол сәтте сен,

Қайғымды менің тұңғиық.

Кенет әппақ жұмақ таңы,

Жарқыраса алдымнан.

 

Жұмақ құсы сайраса әнің,

Оған да мен таң қалман.

Сезем сонда: Сен  - өлісің,

Айта алмадың  не маған?

Қазылған көрдей көрінді кенет,

 

Днестр қанға боялған...

                   ***

 Жанымды құпияң күйретіп,

Әуенге ащы саламын.

 Тәнімді зорға сүйретіп,

Сарғайып, естен танамын.

Әуенмен мәнсіз әурелеп мені,

Сезімді босқа алдама.

Аяусыз жаншып тырмала енді,

Кеудемді дімкәс тырмала.

Жүрекке  мұңлы қадалған дертті,

Суырып алшы кеудемнен!

 Құтқаршы ажал, құтқаршы мені,

 

Сезімнен ессіз, сенделген!

                   ***

Жұмбақсың, өзгесің әрдайым,

Күнің болуға, күнің болуға мен дайын.

Темірдей суықсың, өртке де саласың,

Мейірімсіз махаббат мұздайың.

Ән салма, күлме де,

Тәңірден сұранба, - деп едің.

Бәрібір маған да,

Десең тек « Біргемін».

Осылай жерге де, көкке де,

Жоқпың мен. Мұз сезім қаусырды.

Тозаққа, жұмаққа жеткізбей,

Жанымды алдың сен. Әнім де таусылды.


Share:      
Leave a comment: