Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Ауылым алтын тұғырым

Blogs

09.08.2017
5814

Ауылым алтын тұғырым

Ауылым алтын тұғырым

 

               Қайран Ырғыз

Сан сағымы есімді алып тірліктің,

Қанжар сермеп,найзамды да сүңгіттім.

Алқам- салқам өміріммен алыстым,

Нұр боп шығып батып жатты мүлгіп күн.

 

Пенделікпен артыппын-ау бекер сын,

Сөйтсем мені күнде күткен екенсің.

Тұра келіп,қала жаққа аттанып.

-Жұмағым - деп сені аңсаппын не дерсің.

 

Көкпарына қызу кіріп жалғанның,

Ат тұяғы батты талай алдандым.

Өлермендік өмір заңы екен ғой,

Елемей түк.

Ере бердік таңғалдым.

 

Зырлауық күн асып талай қырды сан,

Жетемін деп бір қараға тырмысам.

Қарым талып қала жақтан қайтам да,

Қайран Ырғыз -

Жусаныңды мың құшам.

 

Аунаймын да топырағыңа түлеймін,

Қала жақтан естілгенше дүлей үн.

Атқа қаонып сосын айыл тартам да,

Дала жақтан қарымтаға жөнеймін.

 

Қайрап солай жусаныңа жігерді.

Мына жалған мың сынайды шын ерді.

Ақ қалада сары даламды жырлаймын,

Мені тәңір тек сол үшін жіберді.

 

 

                  Ауылға қайтам

Сарыобаның көрінетін белінен,

Нұра деген бір ауылдан келіп ем.

Қала мынау,

 дүрбелеңі шаршатты.

Сол ауылға қайтам шығар тегі мен.

 

Тобылғы сай, толқып аққан Торғайым,

Төсіңді еміп тысқа кетсем оңбайын.

Бораншының жағалауын жамбастап.

Байтағымды,

Байлығыңды жырлайын.

 

Күтіп жатыр Телқара да тентегін,

Көтерілсе еңкиеді келте күн.

Мен ауылға қайтам бір күн асығып,

Керіп алып сағыныш жыр желкенін.

 

Ырғыз жатыр сол баяғы жылы ағыс,

Қарғалының бұлты болып жылағыш.

Сары даламның шөлін жырмен басар ем,

Сонан артық таба алмаспын жұбаныш.

 

Тас көшелер тастан бетер көңілдер,

Туған жерін сүйіп өсед тегінде ер.

Сары далама барып жабам жыр кілем,

Өлең деген құдіретті -

   сосын келіп көріңдер.

 

              

                Далаға шығайық

Досым ау жүр шығайық далалыққа,

Сәлем бере барайын нар алыпқа.

Қой баққан жерлерімді аралайын,

Бір барып қайтайында балалыққа.

 

Тамашамды жыл менен ай ұрлады,

Мына жерде жығылған тайым қалды.

Мына жерде шомылған көлім барды,

Жусан басып кетіпті қайырларды.

 

Әжімдері тереңдеп жылғалардың,

Осы арадан ұшушы еді тырналар мың.

Соларменен бірге биік кетсем деген,

Бір бейне...түріп алыпжүр балағын.

 

Саздан салған қайда екен үйшіктерім,

Рас екен шынымен кешіккенім.

Мына қырдың астында балалардың,

Қой қайырған дауысын есітпедім.

 

Тайымда жоқ басылмайтын бөгелегі ,

Көкейіңде ұстадың көке нені?

-Бәрін уақыт қанжығаға басып кетті,

Тек молайтып бейітті төбедегі.

 

 

                   

                Таңмен бірге

Жазғы таң,тып тынық күн, шағала айдын,

Мендегі өлең түсінер далам айқын.

Анда - санда қаз, үйрек  сызып өтсе,

Су бетін балық қана мазалайтын.

 

Қармақпенен сүңгітіп қиялымды,

Тыңдадым торғайлардан зиялы үнді.

Өзен басы өзіммен өзім қалып,

Ағысқа сап жібердім сия мұңды.

 

Отырмын арбап арман елесі алдан,

Ал мұңды алысырақ тебе салғам.

Ақын мен әсемдікті үйлестіріп,

Қалай қиып бұл таңға бере салған.

 

Достардан қалған өзің сұрыпталып,

Тұрғанымда орнымнан құрып барып.

Ақ шағала мазасыз, екеумізге,

Тағдыр ай қойған мұңнан құрық салып.

 

Таң..

Тыныштық тақалып маған ақыр,

Тоқайрап тентек ойлар жағада тұр.

Анау жерде мүйісте бір топ үйрек,

Жай басып жайылымға бара жатыр.

 

Бақташы айдап барады ауыл малын,

Жүдеп қайтар қоржынын қалыңдатып.

Тым аулақта түтіндетіп отырады,

Жалғыз қалып ойлану нағыз бақыт.

 

Шалғыншы да табылып тұрағынан,

Шалғысы жалтырайды құрақ орған.

Өзіңменен таластыған тіршілікті,

Ару күн айналайын шуағыңнан.

 

Келте күннің тағынып сырғаларын,

Өмір ағып барады жылғада мың.

Жазғы таң, тып тынық күн жағалауда,

Ту сыртынан тірліктің бір қарадым.

 

 

           Әдемі еді сол кештер.

Кезім еді жабағы мініп ес білген,

Әжем отыр ыңылдайды, ескі үнмен.

Көкжиекке бара жатты күн құлап,

Сарыобаға сағымданып кеш кірген.

 

Тақымыма тай мініп тағалаған,

Ұзақты күн ойынға қарамаған.

Кештерде көп жүруші ем тамашалап,

Бар ғажабын ұсынса дала маған.

 

Күн аптабын өткеріп салқындаған,

Бәтшағарлар сауықтан тартынбаған.

Қыр басына жиылып қариялар,

Домбырашы баладан ән тыңдаған.

 

Бораншының ырғалып толқындары,

Күн сәулесін тербеді бұлқынбады.

Қанатты екі ғашық айдында жүр.

Осы араның еркесі сылқымдары.

 

Алтын шашы айдынмен абаттасып,

Күн қыр асты аяғын санап басып.

Екі ғашық беттеді ұясына,

Сызылып,сұңқылдасып,қанаттасып.

 

Осы кезде мал келді өрісінен,

Қарт бақташы,

Қоржыны түгесілген.

Бораншының суына бір батырып.

Қайта киді қалпағын тері сіңген.

 

Отарымен табыны жағаласып,

Ызы-қиқы шу болды табан асты.

Торғайдың суатынан үрке шығып,

Бір топ киік Батпақты барады асып.

 

Ғашық едім осындай кештерге мен,

Құлын уақыт құйғытып дес бермеген.

Әр нәрсеге қызыққыш балалық ай,

Қолда барда қадірін ескермеген.

 

Қалғандай самала кеш әрі ескіріп,

Шалдар да жоқ отыратын кеңес құрып.

Көз алдымда мың сурет құбылмайды,

Домбырашы баланың әні естіліп,

 

 

         Мен даланың баласымын.

Далаға ғашық, далаға ғашық жан едім,

От жалын болып, ат жалында өскен бала едім.

Даланы тастап қалаға қоныс ауғанда,

Көкейде тұрды мұнда өмір қалай сүремін.

 

Әкеме едім даланы шарлап жасымнан,

 Жайлауда өстім қорықпайтынмын жасыннан.

Күн бата барып қыр басына шыққанда,

«Адам бол балам » - сипайтын еді басымнан.

 

Өтіп кеткенбе сол күндер қайда сезбедім,

Қалаға келіп бұл күнде бақыт іздедім.

Бақытым бірақ далада сынды көрінеді,

Сонда ғой менің ізгі күндерімменен іздерім.

 

Сонда атты менің ақ күміс аппақ таңдарым,

Жусанның исін аңсадым нөсер тамғанын.

Ауыздық алып жармасып жүйрік жалына,

Келеді жалпақ даланы менің шарлағым.

Сол жаққа ауды ауытқыл менің арманым.

Бос әуре қойшы қаланы мынау қалғанын

 

Кетемін қара жаз шықсын аяқ кеңісін,

Көліне сүңгу,

  көбелек қуу қызық жоқ асқан мен үшін.

Күтіп тұр мені арқандаулы арғымақ,

Арқасы қозып әрең алып тынысын.

 

Естіңдер бәрің мен даланың баласымын,

Ойлаңдар сірә кемтігі бар ау санасының.

Қапастай маған мына бір құрғыр қалашығың,

Еркіндік аңсап өзді өзім кейде аласұрдым.

Менің жаным жайлаудан тапқан жарасымын,

Естіңдер бәрің мен даланың баласымын.

 

 

            Ауылдастарыма наз

Дүбір дала бұл дала тұғыр дала,

Құшағы ашық жатқа да жұрынға да.

О құдірет бүгінгі жастың көзін ,

Заманның захарына тығындама.

 

Ем таба алмай жүрмін ау дерттке көптен,

Рухы берік ел едік ертеректен.

Батыр еді бабалар балалары,

Аманаттан алыстап шетке кеткен.

 

Тағдырдың сан тұзағы тұсайды көп,

Сайқалдықты сімірген сыпайы көп.

Қайран бабам сендей емес сенгендерің,

Ерге емес есерсоққа ұсайды көп.

 

Шықса да шартарапқа атың мықты,

Таңбалыға танытпайсың жақындықты.

Кенесары,Әбілқайыр қалдырған жоқ,

Ағайынға көрсет деп батырлықты.

 

Азғындап адамдықтан аса бермей,

Қамданайық рухымыз тасада өлмей.

Ыбырай мектеп ашып беріп еді,

Білім ал деп білгеніңді жаса демей.

 

Қайран елім мейірімді суытпайық,

Ақылға сап жақсы жаман сұрыптайық.

Ынтамақсыз ырысың тасымайды,

Әйткенің ақылын ұмытпайық.

 

Замананың озған мен көші ілгері,

Тайынбайтын суыңнан шешінгені..

Ыдырап жүр Ырғыздың ынтымағы,

Қайран бабам кеше алсаң кешір мені.

 

 

 


Share:      
Leave a comment: