Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
«Балалар әдебиеті мен қазіргі заманғы білім беру: тенденциялары мен болашағы» атты дөңгелек үстел.

Blogs

27.06.2017
7593

«Балалар әдебиеті мен қазіргі заманғы білім беру: тенденциялары мен болашағы» атты дөңгелек үстел.

«Балалар әдебиеті мен қазіргі заманғы білім беру: тенденциялары мен болашағы» атты дөңгелек үстел.

   «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы  аясында ұйымдастырылған аталмыш дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында балалар мен кітапханалық қоры мен оқу мәдениетінің деңгейін талқылайтын және балалар әдебиетінің насихатталу жолдары бойынша кәсіби іс-тәжірбие алмасуды көздейтін дөңгелек үстел өткізілді.

      Балалар әдебиетін зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар6 ЖОО-дың профессор-оқытушылар құрамы, жазушылар, өңірлерден келген балалар және жасөспірімдер кітапханаларының басшылары мен мамандары және мектеп кітапханашылары қатысты.

        Өзекті тақырыптарда «Оқу шығармашылық мәселелердің шешімді стратегиясы» атты тақырыпта Мәскеу педагогикалық университетінің Әлемдік әдебиеттер кафедрасының профессоры Черноземова Елена Николаевна (Мәскеу, Ресей), «Қазақстандағы балалар әдебиеті, мәдени код, тілдердің мүмкіншіліктері мен үлгілері» атты тақырыпта ф.ғ.д. профессор, ҚХА ғылыми-эксперт кеңесшісі Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы (Астана, Қазақстан) және өңірлік кітапханалар директорлары баяндамалар оқыды.

       ҚР Статистикалық агенттігінің соңғы мәлімдемесі бойынша Қазақстанда тұратын 15 жасқа дейінгі балалардың саны 4,9 миллионға жетіп, бүкіл халықтың 30,7 үлес салмағын құрап отыр. Осыған орай еліміздегі балалар кітапханаларының саны небәрі 286-ақ, яғни ҚР МСМ  қарасты кітапханалардың 7% ғана, ал олар қызмет көрсетіп отырған оқырман-балалардың саны ересек оқырмандардың 30% құрайды. Соған қарамастан балалар кітапханасының саны көбеймейді, қайта біртіндеп азаюда. Қоғамда «Балалар кітапханасы неге керек?» деген пікірлер де жоқ емес.

       Дөңгелек үстелде қаралған мәселелер:  қазіргі заманғы балалар әдебиетінің даму барысы, қазіргі балалар қандай кітаптарды оқиды, олардың оқу мәдениетінің деңгейі, ЖОО-ы балалар әдебиетін оқытуда қандай жетістіктерге қол жеткізуде, балалар кітапханадарының мәселелері , балалар әдебиетін өзектендіруде ғылыми-зерттеу жобалардың міндеті және т.б.


Share:      
Leave a comment: