Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Бауырым ба? Қызым ба?

Blogs

28.11.2017
5402

Бауырым ба? Қызым ба?

Бауырым ба? Қызым ба?

Бұл өмір мылтығын жүр кезеп
Мен ақыл сұраймын досымнан
Айрылу бәрінен бір мезет
Өмір ғой болады тосыннан

Қасыңда бар болса жолдасың
Алдыңда ендеше сынақ бар
Кеудеңе түсердей қорғасын
Жауапсыз қалғанда сұрақтар

Таңдауым түседі қайда дөп
Қайсысын болады таңдасам
Өтірік достықтан пайда жоқ
Ол үшін шаруаға бармасаң

Досымның қолы да ұзынды
Бірақта маған күн кешпейді
Таңдасам егерде қызымды
Бірақ ол шаруамды шешпейді

Қазірде достықтың түрі бар
Адал деп,арам деп бөлінер
Іс түссе басыңа құбылар
Сол кезде барлығы көрінер

Адал дос, жан бар ма жететін
Ұғынар жүзіңде мұң барын
Сатқындар, лақтырып кететін
Мен үшін бір тиын құндарың

Көтерген бар істің ауырын
Арамыз мызғымас келісім
Артықтау ендеше бауырым
Бір саты қызымнан мен үшін

Білмеймін,қате ме,дұрыс па
Не қылам қатеден тартып бой
Ойланбай кіретін ұрысқа
Жолдасың,бауырың артық қой

Ал қызым тағдырым,жүрегім
Жанымның тіршілік тынысы
Таңдауым қиындау білемін
Бірақта бауырым дұрысы

Ақылға тағы да бағынды ой
Сай болып құрылған жоспарға
Қызым ол-өмірім,жаным ғой 
Жанымды қиямын достарға.


Share:      
Leave a comment: