Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
«Бейімбет әдебиет биігінде» атты еске алу кеші өтті

Blogs

15.12.2019
3749

«Бейімбет әдебиет биігінде» атты еске алу кеші өтті

Ұлттық академиялық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Бейімбет әдебиет биігінде» атты еске алу кеші  болып өтті.

 

Іс-шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында өткізіліп жатқан танымал тұлғаларымыз бен ұлттық әдебиетімізді және жалпы ұлттық рухымызды насихаттау.

 

Алаш арысы, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің шығармаларын көпшілік оқырманға кеңінен таныстыру болды.

 

Ісшараға ақын, қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, аудармашы, ғалым Бақытжан Тобаяқов, ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы-журналист, қонаевтанушы Ораз ҚАУҒАБАЙ және т.б. қатысты.

 

Іс-шараның модераторы белгілі тарихшы, зерттеуші, «Тұран» колледжінің директоры Қуандық Шыңғысұлы Құдайбергенов жүргізді.


Share:      
Leave a comment: