Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Бір ел, бір жер, бір тіл, бір рух

Blogs

19.03.2022
5023

Бір ел, бір жер, бір тіл, бір рух

Бір ел...
Өзі бір елі.
Бұғанасы қатпады ма?
Бір ойланар кез келді-ау,
Арқасына сып-сып тиген шыбықтарды сезбейдіме, қамшылар батпадыма?
Талай қаның төгіліп,
батырларың əр түпкірге жатпады ма?
Аманатын ұрпағың сақтадыма, əлде жерге таптадыма?

 

Бір жер...
Бұл өзі кімнің жері?
Бар ма екен бұл жерде Мен дер ерің?
Жерім! -дейді. Ашылмапты түндігің, басылмапты күңдігің.
Қане қайсысың, шықшы бері?
Астыңа ат тие сала əкімсің,
Өзіңе жау, өзгесіне жақынсың.
Жері бар - бірақ жері жоқ, көк қағаздың артынан қаңғып жүрген елің көп.

 

Бір тіл...
Үйде бар - жүзде жоқ.
Ұялғаннан сөйлетер бабадан сіңген қан мен тер.
Аналары бар ана тіліне тіл етер.
Құлдық санадан шықпаған.
Араша болмай ішіңнен, жанашыр болды қай балаң.
Қашанға дейін қақсасын жүз қамал алып ақсасын...

 

Бір рух...
Адасқан рух,
Сасық куде.
Оянады бір қандасың опық жеуде. Қазағым деп лүпілдеген боз жүректер, жанып-өшіп, асып-тасып жүр ернеуден.
Себебі жоқ аталардың оң батасы,
Шатасқан рух одан бекер жүр шатасып. Салып алып дəл төрінен астанасын, уа қазағым жарты ғасыр мақтанасың!
Жан жағыңда мөлейген шахарлар көп.
Уақыт болды. Олармен де көр санасып.
Ағалары жүргенде бет жаласып -
Інілері безіп жатыр шекара асып.

 

Кабанбаев Е.
23.10.2019


Share:      
Leave a comment: