Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Бурабайға не үшін баруға болады?

Blogs

18.07.2017
10705

Бурабайға не үшін баруға болады?

Бурабайға не үшін баруға болады?

Жаз басталғалы Қазақстан жұртшылығы Астанаға жан-жақтан ағылып жатыр. Бірінің мақсаты - ЭКСПО-ны көру болса, енді бірі шілдеде ерекше жасанып, құлпырып кететін Астананы көргісі келеді. Әрине, қала көрген, ЭКСПО аралаған жақсы. Алайда ақыры алыстан келіп тұрған соң Қазақстанның ең көрікті мекендерінің бірі - Бурабайды да неге көре кетпеске?! Сондықтан сіздерге, Бурабай хақында бірнеше кеңес ұсынамын.


1. Бурабайға жетудің бірнеше жолы бар. Жеке көлігіңіз болса, Астанамен екі ортадағы 257 шақырымды айнадай жарқыраған жолмен, зырлап өте шығу түк емес. Жылдамдығыңызға қарай, 2-2,5 сағатта құстай ұшып, жетіп барасыз. Немесе индрайвер такси арқылы баруға болады. Бір бағытқа 2000-2500 теңге (келіскеніңізге қарай) төлеп, көзді ашып-жұмғанша Бурабайда боласыз. Ал үшінші жолы - пойыз немесе электричка арқылы бару. Өзіңізге қолайлы уақытты таңдап, бағасы 995 теңгеден басталатын билетті сатып алып, Астананың екі вокзалының бірінен отырып, Курорт Боровое деген бекеттен түсіп қаласыз. Ары қарай Бурабайдың өзіне адам басына 500 теңгеден таксилер баршылық.  

2. Бурабайға жетіп алғаннан кейін ішін еркін аралауға ВЕЛОСИПЕД жалға алуға болады. Жалға беретін жерлер сыртында толып тұр. Сағаты - 500 теңге. Ішінде шаршамай, қуыс-қуысын түгел аралап шығамыз десеңіздер, велик қолайлы.


3. БУРАБАЙ көліне шомылуға да болады. Дикий пляждар тегін. Жабық пляждар адам басына 800 теңге. Бірақ суы біздің Алакөлдікіндей қайдан болсын)) Өзім ешқашан ол жақта шомылған емеспін. Тек табиғатта демалуға ғана барамын. Бірақ шомылып жүргендер баршылық.

4. Жағалаудан ЖҰМБАҚТАСҚА қайық немесе катамаранмен жетуге болады. Қайық бағасы жарты сағатқа 3000 тг, катамаранның 4 адамдығы - 1500 тг, 2 адамдығы - 1000 тг. Жұмбақтаста әдемі суреттер жасауға болады))

5. Бурабайға барған адамдардың барлығына ОҚЖЕТПЕСТІ төменнен көріп қоймай, шыңына шығуға да кеңес берер едім. Оның биігінен қарағандағы көріністің сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бір сәт жүрек құмыраңыз әдемілікке толсын десеңіз, міндетті түрде Оқжетпеске шығыңыз. Ол жаққа экспедиция 3000 теңге тұрады. Және қолайлы аяқ киіміңіз бен мықты денсаулығыңыз болсын) 

6. Егер сіз барған күні Оқжетпеске экскурсия болмай қалса, КӨКШЕТАУ шыңына шықсаңыз болады. Оның да табиғаты өте әдемі, бағасы да сол шамалас болар.  

7. АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫ. Бұл ескерткішті де көре кеткен жөн. Айналасында түрлі сувенилер сатылады. Әрі биыл этноауыл жасап қойыпты. Алаңға қарама-қарсы тұстағы кафеден тамақтануға болады. Адам басына орташа баға - 3000 теңге.  

8. КӨКШЕТАУ БАЛМҰЗДАҒЫ. Жалпы бұл өңірге келген соң ерекше тәтті Көкшетау балмұздағының дәмін татпай кетуге болмайды. Бағасы - 200 теңге. 

9. ТАРЗАНКА. Бурабай музейінің ішінде орналасқан бұл тарзанкалар күшті енді! Жер бетінен 3 метр биіктікте ағаштардың арасын жалғайтын 8 кедергіден өткенде өзіңді батыр сезінесің. Бағасы - 2000 теңге.  

10. КЕНЕСАРЫ ҮҢГІРІ. Бұл - әлі өзім бармаған жер. Келесі сапарымда Алла қаласа, барамын деп ойлап отырмын. Бұл жерге де экскурсиялар ұйымдастырылады дейді. Қалай болғанда да көруіміз тиіс жер.  

  
#МарфуғаШапиян #саяхат #саяхатшы_қыз #кітапtravel #travelblog#Қазақстан_ғажайыптары #Бурабай #Көкшетау 
#Оқжетпес #Жұмбақтас #Боровое #Абылайханалаңы


Share:      
Leave a comment: