Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Екі түрлі...

Blogs

27.09.2023
516

Екі түрлі...

Екі түрлі неліктен аспанымыз? Бір жұмыр жер емес пе басқанымыз. Көңілдегі сезімдер егіз болып, Қосылмай жүр, қалайша бастарымыз? Тоғыспадық жолдардың торабында, Ұштаспаған ойлардың орамы да. Сезімдер де еріксіз, көзден ғайып, Жасырынған тұйықтық қорабында. Тәуекелді тұсаулап қорқынышқа, Сабырлықпен көмулі сағыныштар. Ымыраға келмеген ымдасулар, Жүректерді өртеген қабыныстар. Екі түрлі неліктен аспанымыз? Қосылмай ма дәл қазір бастарымыз! Әттеген-ай болмасын соңғы сөздер Ақ шалғанда уақыттан шаштарымыз.

Share:      
Leave a comment: