Елім-Жерім
Айналып байтақ жерін көшіп қонған,
қазақ деп атын беріп хандық құрған.
Бес ғасыр, елу жылдық тарихы бар,
Қазағым еркін ел боп мәңгі қалар.
Өтсе де талай ғасыр, талай заман,
арпалас кезендерден шыққан аман.
Әлі де келе жатыр бұл әлемде,
Қазағым қазақ болып өз жерінде
Дүбірлі бәйгісімен әлем білген,
үнімен домбыраның күмбірлеген.
Бұл елге ата-баба бата берген.
бұл жерге қазағымның исі сіңген.
Егемен ел болудың жолын тапқан,
көгерді көк туымен Сарыарқаң.
Қол жетіп армандардың арманына,
өзгерді заманға сай ұлы дала.
Ел десе оттай жанып жалындаған,
жан десе жан беруден тайынбаған.
Елім деп намыстанған әр қазаққа,
табылмас бұдан артық дәрі жанға.
Дүбірлі бәйгісімен әлем білген,
үнімен домбыраның күмбірлеген.
Бұл елге ата-баба бата берген,
бұл жерге қазағымның исі сіңген.
