Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Елін сүйген, жерін сүйген кемеңгер тұлға: Н.Ә. Назарбаев

Blogs

01.12.2020
4214

Елін сүйген, жерін сүйген кемеңгер тұлға: Н.Ә. Назарбаев

Елін сүйген, жерін сүйген кемеңгер тұлға: Н.Ә. Назарбаев

Көктем гүлдің бағын ашады, 

көсем елдің бағын ашады.

      

Қазақ халқының басынан не келіп не кетпеген? 1991 жылы  алған тәуел-сіздігіміз  ел қоғаған ата – бабаларымыздың, бесік тебеткен әже – анаралымыз-дың орындалған үлкен арманы еді. Сол жылы тәуелсіздік жылдары еліміздің басшылығына 1991 жылы 1 желтоқсан күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  алғашқы Президенті болып сайланды. Тәуелсіздік жылдарындағы алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде  Н.Ә. Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,8% дауысына ие болған еді.

    

2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылған болатын. Негізінен бұл идея   бастауы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы жеткен жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған болатын.

     

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ол 1960 жылы  Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірген. Ұлт көшбасшы-сының мамандығы негізінен металлург. Ол 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ВТУЗ-ды  үздік бітірген.Еңбек жолын 1960 жылы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады . Содан кейін ол құю машиналары үшін шойын ретінде жұмыс істеп, Қарағанды металлургия комбинатына көп еңбегін сіңірді. Елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.

   

«Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді» деген мақал еліміздің Тұңғыш Президентінің тұлғалық ерекшелігіне сай келетін сынды. Себебі, Елбасымыз әлемге мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Тәуелсіздік алған жас мемлекетте қиындықтар болды сол кезеңде мемлекет басшысының ұсынған көптеген саяси, эканомикалық, әлеуметтік реформалар халықтың үмітін тағы да жандандырып, жүздеріне күлкі ұялатты. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарламалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, асқан саясаткерлігінің арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің ғана емес, әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлғасы. Еліміздің қолындағы ядролық арсенал санатынан үздік төрттікке кіруіне болатын еді, бірақ Елбасымыз Семей ядролық сынақ алаңын Жабу туралы Жарлығын шығарды. Ұлт басшысының саяси ерік – жігері арқылы қазақ ұлты әлемде ядролық сынақтан қатты зардап шеккен халық ретінде қауіпті қаруды таратпау туралы бастама көтерді. Бүгінгі күні Қазақстанның бастамасын қолдап, Ресейдегі Жаңа жердегі сынақ полигоны, АҚШ жеріндегі «Невада» полигоны, Француздардың Тынық мұхитындағы полигоны және Қытайдағы «Лобнор» ядролық сынақ алаңдары өз жұмыстарын тоқтатты.

 

Қазақстан Республикасының дамуына зор үлес қосқан қазақ елінің, Тұңғыш Президентіне студенттер қауымының алғысы шексіз. Себебі біз бейбіт, қалыптасқан Қазақстан мемлекетінде тұрып, болашақтың мамандары ретінде білім алып жатырмыз. Еліміз осылай бейбіт те қалыпты өмірін жоғалтпай, жарқын болашаққа мақтанышпен қадам баса берейік!

 

                                                  Назымгүл Маратқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс студенті 

                                           

    Ғылыми жетекшісі: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

 аға оқытушысы Керім Қабдолдина  


Share:      
Leave a comment: