Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Ескермес Жақсымбетұлы

Blogs

28.03.2018
8966

Ескермес Жақсымбетұлы

Ескермес Жақсымбетұлы

                         Ескермес Жақсымбетұлы

1948 жылы 6-тамызда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылында туған. Ақын, жазушы, мұғалім.

1962 жылы Қарақұрдағы Панфилов атындағы сегізжылдық мектебін бітіріп, отбасы жағдайымен Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Белогор совхозының  марксизм бөлімшесіне  көшіп барады. Осы жылы  батыста қазақ мектептері жаппай жабылып, Белогордағы жетінші орыс сыныбынан бастап оқуға тура келеді.

1965  жылы Белогорда 8-орыс сыныбын бітіреді.

1967 жылы Созақ ауданының орталыға Шолаққорған ауылында Алтынсарин атындағы орта мектепті аяқтап, Алматыдағы Қазму-дің филология факультетіне оқуға түседі.

1972-73 жылдары  Қазақтың  мемлекеттік радио комитетінде  редактор болады.

1973-74-жылдары  республикалық жастар газеті -«Лениншіл жаста»   (қазіргі Жас Алаш газеті)  әдеби қызметкер болып қызмет атқарады,

1974- жылы  отбасы жағдайымен  ауылына келіп, Энгельс  атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болады,

1996 жылы  жеңілдікпен зейнетке шығады.

1997-98 жылдары облыстық «Айғақ» газетінің Созақ ауданындағы меншікті тілшісі болады.

Жетістіктері

 

Еңбек еткен жылдарында  Қазақ ССР Оқу Министрінің, облыстық , аудандық оқу бөлімдерінің, аудан әкімгершілігінің  мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған.

Қоғам  қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 110 жылдығына өткізілген  республикалық жыр мүшайрасының Бас жүлдегері.(2004)

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.(2012)

Сұлтанбек Қожанов төсбелгісінің  иегері.(2014)

Созақ ауданының құрметті азаматы.(2014)

Жарық  көрген шығармалары:

                  

«Балауса»–жыр жинақ,1978 жыл.                                                

 «Қаратаудан ескен жел»-өлеңдер жинағы, 1997 жыл.                                   «Әзіреті Қаратау, әулиенің кені еді»- танымдық кітап,2000 жыл.

«Бала ғашық»- өлеңдер, балладалар, поэмалар,1907 жыл.

«Теріскейге түскен жол»- деректі повесть, әңгімелер, 2009 жыл.

«Бұлар Созақтан еді»- танымдық кітап, 2011 жыл.

«Қыран қаза»- деректі повесть, әңгімелер, 2011 жыл.

 «Жаса, жарық дүние»- өлеңдер, дастан, 2012 жыл.

 «Теріскейде теңбіл доп»- деректі повесть, әңгімелер, 2014 жыл.

 «Жиырма бес пайғамбар қиссасы»- 2015 жыл.

 «Сүйіліш батыр»-тарихи роман,  Шымкент, «Азиат» баспасы, 2016- жыл

 «Телқожа батыр»- тарихи роман,  Шымкент, «Азиат» баспасы, 2017-жыл

 

                  Ақын өлеңдеріне жазылған әндер.

 

Сазгер Жанғали Меймандосовтың әні:  Ұялшағым

 

Сазгер Қыдырәлі Ахметовтің әндері: Қызылкөл кеші, Қарақұрым, Аққу арман, Ән қанатым, Ерке қызы жайлыудың, Туған күнге тілек, Інілерім, Ағама, Ғашық болдық, Сағындық сені, жыр аға, Балдырған.

 

Сазгер Пернебай Иманқұловтың әндері: Киелі жер, Таукентім, Қыземшек, Айгерім қыз, Сырғалы қыз, Бойжеткен.

 

Сазгер Махмұт Балаубековтың әндері: Бөпешім, Әке туралы ән, Адал жар, асыл арман, Асыл мекен, Жүре бер ана, бізбенен, Зулайды күндер.

 

Сазгер Әділбек Нысанбаевтың әндері: Бала ғашық, Ұлыс күн, Елім менің, Астанам-асқақ ән.

 

Сазгер Төлжанбек Жақсыбаевтың әндері: Қызылкөл аққулары, Үндеме

жаным, үндеме, Көркем-ең қалқам, сен неткен, Бауырларым, Ауылжақ.

 

Сазгер Ерғали Көшербаевтың әні: Отан

 

Сазгер Нұрила Ескенованың әні: Қыз сағынышы

 

Сазгер Мамырғали  Байстың әні: Балдәурен

 

Иегердің әні: Аңсадым, ауылым

  

Отбасы

 

Үйленген. Жұбайы Ердебекова Бибайым Нұрғалиқызы (1949.25.01.-2018.9.01)  -мал дәрігері.Ұлдары-Елжас Жақсымбетов (1974 жылы туған), Елдос  Жақсымбетов(1981 жылы туған), Айдос Жақсымбетов(1982 жылы туған), Жандос Ескермес(1989 жылы туған), қыздары- Гүлзат Жақсымбетова(1976 жылы туған), Айзат Ескермесқызы(1980 жылы  туған).

 

Діни көзқарасы

 

Діни көзқарасы-мұсылман

 

Сүйіп оқитын әдебиеті

 

Сүйіп оқитын әдебиеті-тарихи шығармалар.

 

Хоббиі

 

Хоббиі-сурет салу.

Қазір туған ауылында шығармашылықпен шұғылданады.

 

Мерзімді баспасөзде жарияланған шығармалары.

 

Өмір жолы (очерк)-Молшылық үшін газеті, 1969 жыл.

Ұста (очерк)- Молшылық үшін газеті, 1969 жыл.

Алты ордень(толғау)-Молшылық үшін газеті. 24.06.1972 жыл.

Сыр(топтама өлеңдер)-Молшылық үшін21.05.1973   жыл.

Мұхтармен күйші Сүгір кездескенде(эссе)- Молшылық үшін. 8.07.1997 жыл.

Ақын ағамыз еді(эссе)- Молшылық үшін газеті.30.08.1997 жыл.

Жібек  орамал( баллада)-Лениншіл жас газеті,  55(18503), 19. 03. 1973 жыл.

Күйші Сүгір(поэма)- Молшылық үшін газеті    83(4222)    10.07. 1977  жыл.

1977Ұшқыннан-жалын(поэма)- Молшылық үшін газеті  114(5254) 25.09,1982 жыл.

Күн астындағы жол( әңгіме)- Молшылық үшін газеті. 145(5432) 03.12.1983 жыл.

Қазақ  көрші(әңгіме)-Молшылық үшін. 6.(65901) 02.01.1991 жыл.

Таңсәріде туған ән( әңгіме)-Оңтүстік қазақстан газеті. 107.16607. 27.11.1996 жыл.

Асқақ әуен,нәзік сыр(сын)-Шымкент келбеті газеті.22(165421) 14.03.1997 жыл.

Қаламы қаржымды қаламгер(әдеби сын)-Малшылық үшін газеті. 910(6982). 21.03.1998 жыл.

Оқырманның бойтұмары(әдеби сын)-Молшылық үшін-16.10.1996 жыл.

~Күмілжітіп көңілдің...(өлеңдер)-Өртең газеті.2(2). 12.03.2004 жыл.

Бала  ғашық(өлеңдер)- Молшылық үшінгазеті 16.10.2004 жыл.

Оқалы, опырмалы домбыралы Иманбай күйші-Молшылық үшін газеті,         18. 06.2003 жыл.

Күйші Сүгір(дастан)- Молшылық үшін газеті, 2008 жыл.

Алтынтаудың ақын қызы- Оңтүстік қазақстан газеті, 2008 жыл.

Созақ тарихының сүлейі...- Молшылық үшін газеті, 5.04.2008 жыл.

Ақын, жазушы 60 жаста-Теріскей газеті. 66-69. 20.12.2008 жыл.

Сары таба наныңды сағындым,әпше(эссе)-  12.07 2008 жыл.

Батырбек Жүсіпбеков деген кім?- Теріскей газеті, 20.09.2008 жыл.

Зейнетай ақын- Аталар сөзі газеті, 11.06.2009 жыл.

Сүйіліш батыр(поэма)- Молшылық үшін газеті, 87(148).5.10. 2009 жыл.

Мен туған жер(өлеңдер)- Теріскей газеті, 65-66, 31.10.2009 жыл.

Домбырашы Ергентай(поэма)- Созақ үні газеті, 2008 жыл.

Әнші азамат еді-Малшылық газеті,16.10.2010 жыл.

Алтын ине(поэма)-Жас Ай жорналы,  2.2011 жыл.

Көгілдір тікұшақ(әңгіме)- Қазақ  әдебиеті газеті,43(3311), 19.10,2012 жыл.

Қыран  қаза(деректі повесть)- Созақ үні газеті, 61-62(18563), 17.04.2012 жыл.

Шәмші-дария(дастан)-Дөңгеленген дүние газеті, 2012 жыл.

Жаса,жарық дүние(өлеңдер)-Шапағат-нұр жорналы, 3. 08.2012 жыл.

Теріскей әнінің туу тарихы- Жас Алаш газеті-7.08.2012 жыл.

Құлжабай ақын-Молшылық үшін газеті,19.09.2012 жыл.

Теріскейдегі Қалдаяқтың бұлағы- Жас Алаш газеті, 6.08.2013 жыл.

Теріскейде туған ән(повестен үзінді)-Созақ үні газеті, 2013 жыл.

Күй сүлейі Сүгір еді- Оңтүстік қазақстан газеті,28.06.2013 жыл.

Шәмші-дария(дастан)-Отырар алқабы газеті,9.08.2013 жыл.

Қарақұрда қалған қазақ-Қазығұрт жорналы,  1,2013 жыл.

Теріскейге түскен жол(повесть)-Жұлдыз жорналы, 4,5, 2013 жыл.

Адам(әңгіме)- Оңтүстік қазақстан газеті, 2(19622). 10.01.2014 жыл.

Теріскейде теңбіл доп(деректі повесть)-Созақ үні газеті 2014 жыл.

Кемел шағың, Маха! -Созақ үні газеті,7.10. 2015 жыл.

Кемел шағың, Маха!-Айқын газеті, 2015 жыл.

Сырлы саздың сарбазы- Созақ  үні газеті,21.03. 2015 жыл.

 

 

 

 

 

 

 


Share:      
Leave a comment: