Blogs
Ғажап сәулелер мекенi. Ертегi.
Бiр ғажайып елдi-мекенде көп қорқақ адамдар тұрады. Жел соқса да, жаңбыр жауса да, таныссыз дыбыс естiсе де, олар қорқады екен. Бiрақ бұл адамдар өте еңбекқор, сыпайы және мейiрiмдi. Олар әрдайым бiр-бiрiне көмектеседi.
Бұл жерде түнде түрлi-түстi сәулелер аспанға дейiн жетiп, жарқырап тұрады. Сәулелер өте көп, өте әдемi. Осы мекен «Ғажап сәулелер мекенi» деп аталады.
Кейде бұл сәулелер музыкалық дыбыстар шығарады. Адамдар өте қорқақ болғандықтан, сәулелерге жақындауға қорқып, үйлерiн алысқа салады.
Осы ғажап елдi-мекенде бiр отбасында ештеңеден қорықпайтын, батыл балақайлар тұрады. Заңғар мен Мирас өте ақылды, зерек, тез үйренгiш және өте батыр бауырлар.
Әдеттегiдей Заңғар мен Мирас күн бата салысымен, сәулелердi тамашалап отыр.
‒ Ағатай, осы әдемi сәулелер неге күн шыққанда жоқ болып кетедi? ‒ дедi Мирас.
Заңғар iнiсiне қарады да, йығын қысып қоя салды:
‒ Бiлмеймiн, ‒ дедi. ‒ Ал олар неге дыбысты кейде шығарып, кейде үнсiз болады?
Мирас ойланып отыр.
‒ Аға, осы сәулелер маған өте ұнайды.
‒ Мағанда ұнайды. Қасына барып көрсек қой. Бiрақ анашым мен әкешiм рұқсат бермейдi.
Осылай балақайлар күнде армандап, табиғаттың сұлулығына қарап отырады. Бiр кезде бiр сәуле сөнiп қалды, жер қатты сiлкiндi. Мұны балалар көрiп, байқады. Адамдар үйлерiнен шығып, қорқып, шулап жатыр. Осыдан бiрнеше түнде екi-үш сәуле сөнiп, қатты дауыл болып, жел соқты. Халық қорыққаннан не iстерiн бiлмей әуре. Мирас пен Заңғар бұл жарықтардың сөнiп жатқанының сыры бар деп, соны бiлуге аттанды.
Жолда олар улкен, бiр көздi Циклопты кездестiрдi. Оның көзi көрмейдi екен.
‒ Маған көмектесiңдершi, ‒ деп отыр.
Балалар оны өздерiмен бiрге ертiп алды да, үшеуi жолда әңгiмелесiп келе жатты. Олар кiп-кiшкентай қоңызды көрiп қалды. Ол мұңайып отыр екен. Оның музыкалық аспабы сынып қалыпты.
‒ Ендi қайтiп көңiлдi музыкамды ойнаймын? ‒ деп өте қатты мұңайды қоңыз.
Балалар қоңызды ертiп алды. Төртеуi әңгiмесiн айтып, сәулелер мекенiне тез жеттi. Сәлелер күндiз жоқ болмайды, тек күн шыққанда көрiнбей қалады екен.
Соқыр Циклоп байқамай бiр сәуленiң ортасынан өттi.
‒ Әй, балақайлар, сендер өте кiшкентай екенсiңдер. Ал мынау қоңыз құрттай ғой, ‒ деп қарқылдап күлдi алып Циклоп.
‒ Сен бiздi көрiп тұрсың ба? ‒ деп Заңғар мен Мирас қуанып қалды.
Сәуленiң сиқыры Циклоптың көзiн емдеп-жазды. Дәу би билеп, жердi дiрiлдетiп жiбердi. Кiшкентай Қоңызда өзiнше мәз.
‒ Мынаны қараңдаршы, жердегi ойықтардан сәулелер шығып жатыр екен, ‒ дедi Циклоп.
Бәрi қарап жатыр.
‒ Ал анау жерге тас құлап, тесiк жабылып қалыпты, ‒ дедi Мирас.
Дәу Циклоп тасты алып тастап едi, керемет, әдемi сәуле аспанға ұмтылды.
‒ Жарайсың, Мирас, ‒ дедi Қоңыз.
Бiрде бiр сәуледен әдемi, сазды дыбыс шықты. Қоңыз жүгiрiп барып едi, қолындағы аспабы сәулеге тиiп кеттi. Аспап жаңадай болып қалды. Кiшкентай Қоңыз қуана отырып, музыкасын ойнап, ән салды.
‒ Керемет ән!
‒ Жарайсың!
Осылайша оны достары мақтап жатыр.
‒ Бұл сәулелер сиқырлы екен, ‒ деп Заңғар ойын ортаға салды.
Қобыздың дыбысы ерекше сиқырлы болып, бiр сәуледен естiлдi. Ол тоқтап, басқа сәуледен домбыраның музыкасы шырқалды. Осылайша пианино, гитара, және көптеген аспаптардың музыкасы кезек-кезек шырқалып жатыр.
‒ Бiзге көмектесiңдер, ‒ деген дауыстар естiлдi.
Бәрi таң қалып бiр-бiрiне қарады. Дауыстар жердiң астынан шығып жатыр. Циклоп үлкен тастарды жерден көтерiп алысқа лақтыра бастады. Көптеген сәулелер босатылды.
‒ Рақмет! Рақмет! Рақмет! ‒ деп олар сыбырлап жатыр.
‒ Мен Батылдық сәулесiмiн, ‒ деп сөйледi бiреуi.
‒ Мен Сенiммiн, ‒ дедi басқасы.
‒ Мен Бақытпын, ‒ дедi тағы бiреуi.
Осылайша балалар және олардың достары жердiң астында қалған сәулелердi босатты. Ал табиғаттың құбылып, жер сiлкiнiп, жел соғып, дауыл көтерiлгенi сәулелердiң тастардың астында қалып қойғаны екен.
Осы күннен бастап ғажап сәулелер мекенiнiң тұрғындары ешнәрседен қорықпайтын, батыл, ержүрек бола бастапты, өйткенi батылдық сәулесi оларға әсер еткен. Адамдар сәулелердiң қасиетiн түсiнiп, үнемi оларға қарап жүретiн болған. Таудан домалаған тастарды алып тастап жүредi.
Мiне, осылай Заңғар мен Мирас ержүректiк пен батылдықтың арқасында осындай жеңiске қолжеткiзiптi. Ал халық оларды кiшкентай батырларымыз дейтiн болыпты. Циклоп пен Қоңыз ендi бiздiң балақайлармен айырылмас дос болып қалған.