Blogs
Иман
Өтер күзі,қысы-жазы көктемі,
Өмір-жалған,өмір-алуан төкпелі.
Азап күндер көрсеңдағы досым-ай,
Тәңіріңе айта көрме өкпені.
Әлмисақтан жаралғанда қандай ең,
Таза,мөлдір зәмзәм шіркін жандай ең.
Ал бүгінде өзіңді-өзің лайлап-ай,
Тәңір берген тазалықтан шалғай ең.
Өзгерді өмір өсе-өсе танымың,
Кетіп бастан барады әне қадірің.
Адалыңды ұмытқанмен жан-жағың,
Ұмытпайды жалғыз ғана Тәңірім.
Өмір сендік болғанменен не пайда,
Осы жағын алдыменен сен ойла.
Жиғаныңды бірсыпыра кем ойла,
Иманыңды тәубе қылып кең ойла.
Иманыңа жүктегейсің ісіңді,
Алқы-солқы қылмас үшін күшіңді.
Уа,Құдайым не жаздым деп мен саған
Жаратқанға арта берме қысымды.
Құдай саған ілтипатын бергенде,
Неге кердің арақ ішіп сен кеуде.
Неге тайдың Алла жазған ақ жолдан,
Өшіре сап иманыңды кеудеңде.
Сен емессің Құдай сені жаратты.
Тағдырыңа жазып сын мен сауапты.
Тағдырыңды жазғанменен Жаратқан,
Иманыңа ғана сенің жауапты.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.