Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Кездейсоқ кездесу

Blogs

21.01.2019
7618

Кездейсоқ кездесу

Кездейсоқ кездесу

 

Іздеп сені дүниеден     қаңғырдым

Таппадым, тек жүрегімді қан қылдым

Тасқа соғып, аяғым да мертікті

Әлім бітті, ғарып болдым ғой тіпті

                                         

Рудаки

 

 

Алла Тағала - ислам дінінде бүкіл әлемді, адамзатты, барлық тіршілік иелерін жаратушысы. Барлығы Алла Тағаланың әмірімен болады, бүкіл болмыстың түп-тірегі деп түсіндіреді. Осы Алла Тағала адамды жаратқан соң, оны екіге бөліп жіберген дейді. Әрқайсысы дүниенің бір түкпірінде немесе дәл үйіңнің түбінде тұруы мүмкін. Адам өмірде осы екінші жартысын іздеп жүреді екен. Тапқан адам екі жарты бір бүтін болып, бақытты ғұмыр кешеді деседі. Сондықтан да болар, екі адам бір-біріне ұқсаса, бақытты болады деп айтулары.

 

Ал, менің жартым қайда жүр екен? Жастық шақтың ең жанып, жалын атып тұрған кезінде тұрмын. Бірақ осы жасқа дейін бір жігітпен жүрмеппін. Ешкімнің көңілімнен шықпағаны ма, әлде олардың мені ұнатпағаны ма, әлде мен әлі де өмірге көзәйнек киіп қарап тұрғаным ба, болмаса жай ғана бұйырмағаны ма? Кім оған жауабын берер екен...

 

Қыстың азынап тұрған шағы. Далада аяз, әр басқан қадамыңнан сықырлап дыбыс шығады. Бейне бір аспаптың құлағында ойнағандайсың. Үйге асыға, тоңа кірдім. Кіргенім сол еді, телефон безілдеп қоя берді. Ол жеңгем бүгін баласының туылған күнін тойлайтындықтарын айтып, кешке келуімді өтінді. Мен әрине кешке болатындығымды айттым.

 

Кешке туылған күніне арналған кешіміз басталды. Дастархан гүлдей жайнап тұр, ет асылып жатыр. Бір уақытта қонақтар да көбейе бастады. Дастарханға отырмастан, безілдеп ағамыз бен жеңгемізге қызмет ете бастадық. Ол аздай, туған күн иесі мазасы кете жылап, шешесіне жабысып алды. Жеңгем шарасыздан қозғала алмай, қонақтарды қарсы алумен отыр. Дастархан басы  лық толы адам. Сол туысқандар, жеңгемнің құрбылары және бөтен бір жігіт. Сөйтсем ол ағамммен бірге жұмыс істейтін жолдас баласы екен. Ұзын бойлы, аққұба келген, көк көзді ма өзі дедім. Байқағаным, қыздар жағы оны ұнатып отыр екен. Ол бір патшаның ұлындай төрде қыздардың арасында майысып отыр.

 

Туған күн қызып, көптеген тілектер айтылып, қызықты өтіп жатыр. Бөтен жігітіміздің маған көз тастап отырғанын байқадым. Ойыма «бұған қыз аздық етіп отыр ма» деген ой келді. Кеш соңына қарай үлкендер тарасып, жастар қалды. Мені ағам дастархан басына отырғызам деп, бөтен жігіттің қасынан бір-ақ шығарды. Таныстық. Жастар үшін мейрам енді қызғандай болды. Тілектер айтыла, бөтен жігіт ән сала бастады. Көпшіліктің сұрануымен ол екінші әнін бастап кетті. Бірақ, ол ән өзгеше. Маған арнап айтылғандай, менің жүзіме тесіле айтты. Мұны байқағандар да баршылық. Мысалы, менің ағам. Мені дәл бүгін көргендей жұбайының қасына отырмай, мені құшақтап отыр. Бұл оның қызғанып отырғаны ғой. Би басталғаны сол еді, ағам «ертең жұмыс, демалыңдар» деп су сепкендей бәрімізді басты. Мен жинастырып жатқанымда ол менің қасыма келіп, әңгіме айтып тұрды. Сол мезеттерде ағам қасымыздан өтті. Мен ыңғайсыздандым. Ағам болса бір емес, бес-алты рет өткендей болды. Әңгімеміз аяқталмаған күйінде қалды. Ағам оны жетелей қыздардың арасына алып кетті. Мен бұл жағдайға аса назар салып, мән бере қойған жоқпын.

 

Уақыт деген ұстатпайды, көзге көрінбейді, тек зымырайды. Ай, жылдар өткен жаздың керемет күні. Құрбым екеуіміздің әңгімеміз бітпей, күлісіп келе жатқанбыз. Әскери киім киінген жігіттің қасынан өтіп бара жатқанда, оның бізді бақылап тұрғанын көрдім. Артынша артымыздан келіп, маған амандасты. Қызық, туған күн кешіндегі жігіт. Тек амандаса әрқайсымыз өз жолымызбен кеттік. Таң қалғаным, оның есінде менің қалғандығым. Бірде жеңгемнің құрбысын кездестіргенімде «туған күн кешіндегі жігітті көрдім, бірақ, ол мені танымады» деген болатұғын. Мен де оны әрең есіме түсірдім. Тек оның көгілдір көзінен таныдым.

 

Әр жыл мезгілі өзінің табиғатымен ерекше ғой. Әне-міне дегенше күз де келді. Биылғы күз жауын-шашынды болып тұр. Сабақтан келе жатқан бетім, қараңғы түсіп келе жатыр. Тез жетейін деп асығыс басып келе жатсам, жердің астынан шыққандай сол баяғы жігіт шықпасы бар ма. Ол менің қолымды ұзағынан ұстап амандасты. Жерден жеті қоян тапқандай сондай мәз-мейрам боп тұр. Біз сөйлестік. Мен тұратын үйдің қасында көршілес оның әпкесі тұрады екен. Мені үйге дейін шығарып салды.

 

Үш жыл мезгілін сала, біз қайта кездесіп жатырмыз. Ол өзгермеген сол қалпы. Өмірде еншәрсе кездейсоқ болмайды. Мүмкін бұл тағдыр шығар, екеумізді қайта жолықтырып отырған.  


Share:      
Leave a comment: