One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Көктем оятқан махаббат

BLOGS

12 march 2019
275
0

Көктем оятқан махаббат

 

Мен сені ұнатқан жоқпын,

Көз тартқан көркің үшін,

Титтей де, тимімдей де

Талайды тәнті мүсін –

«Көз құрты» сұлатқанда.

Мен сені ұнатқанмын:

Дем беріп дарын күшің,

Сейілтіп мүң аптабын,

Сезімнің бұлақтарын,

Селдеткен жаның үшін.

                       

С.Томанов

     

Далада күн жарқырап тұр. Аспан көк теңіздей тұп-тұнық. Табиғат та жайнап тұр. Айналаның бәрі көгалданып, ағаштар бүршік жарып тұр. Бұл көктемнің белгісі. Жастар көшеде, саябақ, алаңдарда толы. Сабақтан шыққан бұлар орталық саябаққа тартты. Басы қосылған қыздар әңгімелері таусылмай, жадырасып келе жатыр.

   

Кенеттен алыстан көзіме оттай болып, бір жігіт басылды. Неге екенін білмеймін, жүрегім дүрсілдеп қоя берді. Сол, сол екен дедім. Өзімнен-өзім аласұрып, жүрегім де дүрсілдеп қоя берді, тек қыздар байқаған жоқ. Неге менің өшті, бітті деген махаббатым өшпепті-ау, әлі жалын атып тұр екен ғой. Бір мезетте ол қасымыздан өтті. Жоқ, сөйтсем ол емес екен. Таң қаламын өзім үшін бәрін жауып тастап едім, сөйтсем бәрі бекер екен. Жүрекке әмір жүрмейді, ол ешкімді тыңдамайды екен. Қалай одан көңілім қалып еді...

     

Жаздың бір жадыраған күнінде көрші қыз бізді таныстырды. Оған аса мән бере қойған жоқпын. Кездесе қалғанда екеуміздің сәлемдеріміз түзу болды. Қалай басталғанын, екеуміз тез тіл табыса бастадық. Оның әңгімелері де қызық еді. Ол әрқашан жадырап, өзінің бір тылсым күшімен бөлісетін. Қол ұстаса алғашқы жұлдыздармен қыдыруға шығамыз. Ол әрдайым мені аялап отыратын.

       

Жазғы сессиядан кейін мен ауылға кеттім, ол қайта хабарласпады. Мені мүлдем ұмытқандай болды. Мен үшін кіршіксіз, таза махаббат болса, ол үшін тек алдамшы сезім болғаны ғой. Қаншама жаныма батса да, қанша оны көргім келіп тұрса да, мен де оны іздемедім. Оны іздеп, хабарласуға намысым жібермеді. Бірде аялдамада тұрғанымда біреудің тесіле қарағанын сезіп тұрдым. Бірақ сол адамды таппадым. Кенет арғы бетке қарасам, ол тұр. Иә, дәл өзі, еш өзгермеген. Мен оны байқамағандай, тіпті автобустың бағытына да қарамай мініп кете бердім.


Share:
     
Leave a comment:
Captcha