Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
​© Көлеңкенің жарығы

Blogs

10.06.2017
5564

​© Көлеңкенің жарығы

​© Көлеңкенің жарығы

Қолындағы дирижердің таяқшасын қайдан пайда болғанын білмей, құлағындағы ойнап жатырған әуенге еріп айналасындағы оркестрді басқара кетті... Дүние бөлшектеніп кете барды...қолын жоғары көтергенде көшедегі мәшинелердің дөңгелектері бөлек, моторы мен ішіндегі жанып жатырған от, жердегі жапырақтар мен құмның қиыршықтары, адамдардың киімдері бөлек - бөлек шешіліп, ойлары да басынан ажырап жоғарыға көтеріліп, ауадағы жаңғырған дауыстар, қалаймын, тағы да қалаймын, ақша, мен сені сүйем, өліп барам, көмектес, жо- жоқ жек көремін, кім еді ол, бәрібір маған барлығы бірге ілге, жоғарыға бір көтеріліп, қолын төмен тастағанда барлығы өз орнына қайта түсіп жатты. Сиқырлы еді ойнап жатырған симфония, эпикалық , ешқандай жанрдан емес, салыстыруға келмейтін, ажыратуға боламайтын, тұтас. Ал сондай тұтастықты, бірлікті бұзатын әрқашан бір адам табылады: 
- Кешіріңіз, жасыл түс жанды сіз жүрмейсіз бе? 

 


Share:      
Leave a comment: