Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кітаптарды ресми сыйға тартуы кездесуі өтті

Blogs

12.05.2017
5399

Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кітаптарды ресми сыйға тартуы кездесуі өтті

Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кітаптарды ресми сыйға тартуы кездесуі өтті

11 мамыр күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханада, Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кітаптарды ресми сыйға тартуы кездесуі  өтті.

            Ресми кездесуге:

       . .Испанияның Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі - Педро Хосе Санс Серрано

  • ҚР Испанияның Өкілетті Елшісі - Педро Хосе Санс Серрано
  • ҚР Бразилияның Төтенше және Өкілетті Елшісі - Деметрио Буэно Карвальо
  • ҚР Португалия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі - Марио Годиньо де Матуш
  • ҚР СІМ Америкаадаға департаментінің директоры - Сугурбаев Болат Болатұлы
  • Консул - Марлене Эспиноса Иглесиас
  • Парламент депутаты,  «Халық коммунистері» фракциясының басшысының орынбасары – Косарев Владислав Бориұлы.
  • Қазақстан-Куба халықаралық достық қоғамының Президенті  - Саркенов Еркін Жайықұлы
  •  Қазақстан-Куба халықаралық достық қоғамының Вице – Президенті, академик, жазушы- Рүстемов Бақытқожа Төлегенұлы
  •  Роман тілдері орталығының директоры  - Аренов Валерий Байбекұлы
  •  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты – Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы
  •  ҚКХП  Орталық Комитет штабының бастығы – Смирнов Виктор Александрұлы
  •  «Халық коммунистері» фракциясының Парламент депутаты - Магирамов Магирам Мамедұлы
  •  Парламент депутаты,  «Халық коммунистері» фракциясының
  •  Халық коммунистері» фракциясының Парламент депутаты - Сыздыков Тұргын Ысқақұлы
  •  Ақын - Григорий Шишов
  •  Португалияның уақытша Аделина де Сильво
  • Қазақстан-Куба халықаралық достық қоғамының мүшесі - Аубакирова Алипа Наисибуллақызы
  •  Венесуэлла Елшілігінің Өкілі – Қожахметова Шолпан
  • Куба Елшілігінің хатшысы – Рүстемов Нұрсұлтан

Мақсаты - Мәдениеттер жақындасуының Халықаралық онжылдығы  аясында мәдени, рухани мұраларды, кітаптарды дәріптеу болып табылады.

Кітапхана қорына 40 дана кітап тарту етті.

Арнайы кітапхана қорынан «Кітап – мәдениетаралық диалог», «Книга - межкультурный диалог», «Book - Intercultural Dialogue» тақырыптарында кітап көрмесі қойылды.

            Сондай-ақ, Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі - Карлос де ла Консепсион өз сөзінде Куба мен Қазақстан достастығына 25 жыл толуына орай 26 шілде күні болатын мерекелік іс-шараға шақырды. «Еркін болу үшін, мәдениетті болу алғы шарт екенін айтып, ғылым мен білімнің ошағына жанның тыныштығына айналған кітапханаға кітаптар сыйға тартудың ғанибеттілігін жеткізді».

Куба мен Қазақстан арасындағы ұланғайыр достық та сонау 1992 жылдардан бастау алады. Куба мен Қазақстанның қарым-қатынастарды құрудағы ынтымақтастықты дамыту өңір елдерімен басым болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алғанда қуанышы мен шын ниетін білдіріп, Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған Кубаны біз жақын дос әрі тілеулес мемлекет деп білеміз. Тілеулес қана емес, тағдырлас деуге де болады. Қазақстан да, Куба да егемендік үшін күресіп, азаттықтың ақ таңы үшін талай қиындықтарды бастан кешті. Екі ел де арман мұраттарына жетіп, бүгінде байланыс көпірін орнатып, достық пен ынтымақтастықтың биік үлгісін көрсетуде. Биыл осы достыққа 25 жыл толып отыр. Бұл аралықта екі мемлекет те үлкен жетістіктерге жетті, өрлеу мен дамудың жаңа белесіне көтерілді. Екі ел арасындағы экономика, мәдениет, білім беру, денсаулық саласындағы қарым-қатынастар орнап, қазір қарқынды дамуда.


Share:      
Leave a comment: