Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Мен білер робот

Blogs

05.12.2017
9241

Мен білер робот

Мен білер робот

 

Бозғылт аспан мұнартып, көктен ақ жауын себелеп, күңіренген

жапырақтар арасында өткен күнді еске алып, жалғыз отырмын. Есімде

балапан шағымнан бір ғана нәрсе қалыпты...

Балалық шағымызда мектептегі өзіміз білетін бір жігітті «робот» деп

атайтынбыз. Осы арқылы көңілімізді елжіретіп, жүзімізге қуаныш

сыйлайтынбыз. Сол күнгі апаттан кейін өткенімді жадымнан шығарғанмын.

Кей кезде өз-өзіме «жадымда неге тек осы робот қана қалған?» деп сауал

қоямын. Бәлкім бұл мен іздеп жүрген аралдағы жалғыздың сырлы қазынасы

болар!? Мүмкін бұл өткенімді есіме салып, болашаққа деген үміт отымды

лаулататын алтын сандық болар!? Сірә, сұрағымның жауабын мен білер

роботтың өзінен табармын...

Сыныпқа шулап кіріп, шулап шығатын күндердің бірі. Мұғаліммен

сабақ жасап, керемет бейнебаянды тамашалап, тақырып аясында сөз өрбітіп

отырмыз. Неге екенін білмеймін, сыныптың қоңыр есігіне көз тастап, есіктің

әрбір элементіне қадала қарап отырмын. Өзге әлемге саяхат жасап бара

жатқандай күйдемін. Есікті соққан бейтаныс адамның келбетін көруге

құмарланып, сасқалақтап барып кілттенген есікті аштым. Қара костюм, ақ

көйлек, классикалық үлгідегі шалбар, күн көзіне шағылысып, жылтыраған

туфли, алтынмен жалатылған қымбат қол сағаты, қара шаш, мөлдіреген көз,

сүйкімді жанар, қыр мұрын, қалың қас, ұзын кірпік, әсем ерін... Әттең, тек

галстук қана жоқ. Ішімнен «сыныбымызға жаңадан оқушы келді ме?» деп

өзді-өзімнен сұрап қоямын. Қателестім.

-Сәлеметсіз бе, Лиза Серіковна. Кіруге рұқсат па? – деп баяу үнмен

мұғалімге қарады.

-Әлбетте, Дамир. Кіре ғой. Балалар, бұл жігіт – біздің жаңа практикант

ағайымыз. Аты-жөні – Жолдаев Дамир Сәбитұлы. Тәжірибесі мол, сондықтан

сұрақтарың болса, осы ағайларыңнан сұрауларыңа болады, - деп бізді жас

маманмен таныстырды. Өзін байсалды қалыпта ұстанған жігіт есік

алдындағы менің оған аңқая қараған қалпымды есіне түсіргендей болып,

маған бір қарады да, сыныбымыздың шеткі орындығына жайғасты. Кейбір

қыздар тамсанып, жігіттің сұлтанын көргендей таңданып, маманды ретінде

емес, жігіт ретінде ұнатып, кейбірі сынап та отырды. Бәзі біреулер

практикант жанындағы қызды жақтырмай қызғана да қарайды. Ұлдардың екі

көзі біздің тентек қыздарда. Өз орныма келіп отырдым да, басымды ұстазға

қарай бұрдым. Дегенмен, көңілім, барлық ойым жаңа практикантта. Оған

қарағанымда екеуміздің көздеріміз теке тіресіп қалады. Құдды бір шайқасып

жатқан екі қылыштай. Оның көздері - мен үшін жұмбақ галактика.

Ұялғанымнан, бастапқы арпалыстан кейін оған қарамауға тырыстым.

Сабырлылық, тыныштық, үнсіздік, қимылсыздық... Бұл – жігіт ұстанған

принциптер. Жанымдағы қыздар тақтаға бір, Дамирге бір қарап, сылқ-сылқ

күліп қояды. Қара қызда ес жоқ. Шашын түзейді, киімдерін жөндейді...

Жүзіне қарасаң, қараңғыдан сәуле тауып алғандай қуанышта. Қыздарымыз

сонша әбігерге түсіп жатыр, ал біздің жұлдызымыз қолындағы қағаздарға

ғана қарап, өз шаруасын тындыруда. Оның қыз атаулымен еш жұмысы жоқ.

Не күлмейді, не жыламайды. Неге жыласын, айналасындағы қыздар ол үшін

өлуге де даяр болып тұрса ... «Біріне қараса, «ап» деп жеп қоя ма» дегендей

сыңай танытқан жігіттің қолдарының дірілін де байқап үлгердім. Ұстазымыз

әңгіме арасында әзіл айтып, біздерді өзіне тартып қояды. Әйткенде,

Дамирдің магнит сынды барлығын өзіне тартып жатқаны нағыз шындық.

Мұғалима да қыздардың ішкі сезімін түсініп отырғандай. Дамирдің

мимикасын бақылап отырып ішің пысып кетеді. Онда еш реакция, тіпті

эмоция жоқ. Мен де шаршап кеттім, бірақ ол маған сондай қызық жан тәрізді

болып көрінді. Түріне қарасаң, әп-әдемі жігіт, бірақ ішіңнен «профессор» деп

мазақтаудан басқа жол таппайсың. Оны зерттемеске шараң жоқ. Жан дүнием,

ішкі әлемім қалап барады. Дамир ақылды, парасатты, білімді жан екені

көрініп тұр. Десе де, ол өзін осындай түсініксіз қалыпта ұстайтын болса, онда

оның нені біліп, нені білмейтінін ұғыну мүмкін емес. Іс-әрекет жасайтын

оның түрі де жоқ. Жанымдағы ақ құба келген қыз «өзі дем ала ма екен?» деп

әзілдеп, жан-жағын қалың күлкіге бөледі. Мұндай шуға мұғалім ескерту

жасағанымен, Дамир оған мән берген де жоқ. Дамирдің айналасы ол үшін

елес секілді. «Ұйықтап қалған жоқ па?», «Көзін ашып ұйықтайды ма?» деген

сұрақтар өзара шарлап кетті. Дамир маған тағы да бір рет қарады да,

жанындағы қысқа шашты арудан қаламсап сұрады. Ендігі арудың жай-күйін

айтпасам да түсінікті. Дамирдің іс-қимылы қатып қалған робот тәрізді. Уақыт

та осындайда тез өтеді. Сабақ аяқталысымен тыпырлай, у-шу болып

сыныптан шығып кеттік. Сыныптан соңғы болып шыққаным, оның маған

жымия қарап, қаламсапты қысқа шашты аруға беріп қоюымды өтінгені нақ

есімде. Дамирмен өткен әр күнім жадымда болғанымен, ол айтқан сөз бен

жанардан басқа ештеңе есте жоқ. Тіпті, сыныптас достардың есімі де - мен

үшін жат.

Дамирмен өткізген сабақтан кейінгі үзілістегі жырымыз, сырымыз,

әңгіме мен қалжыңдарымыз да, бәрі-бәрі Дамир жайында болды. Ақ құба

келген сымбатты практикант ол күнгі сабақтан соң бізге қайтып оралмады.

Үндемей отырып, біздің көзқарасымызды зерттеп алған шығар деймін кейде.

Әйтеуір, ендігі сабақтарымыз Дамирсіз өтті. Әлбетте, біз оны жиі көріп

тұрамыз, бірақ оның шын өмірдегі келбеті, жүрісі мен сөйлеген сөздері нағыз

роботтың өзі. Мені көрсе қашқалақтап, бетпе-бет келуден қорқатындай

болып көрінді. Тек біздің сынып қана емес, бүкіл мектеп Дамирді айтып, оны

аспандағы жүлдызға теңеді. Қарапайым, ақылды, ешкіммен де шаруасы жоқ,

өзімен-өзі жүрген робот-адам.

Онымен еш байланысым болмағанын анық білемін. Дегенмен,

жүрегімнің әміршісі атанған ханзаданы мәңгілікке есімде сақтағандаймын.

Ол мектептен кеткен соң, оны ұмытқан тәрізді едім. Ал енді ол үнемі есімде.

Әр күн сайын осы саябаққа келемін. Әр күн сайын осы оқиғаны қайталаудан

да жалыққам жоқ. «Есіме өзге нәрселер түсіп қалар» деген үмітпен саябақ

жолында қадам басамын. Осы бір бақтың шеткі орындығы менің

шамшырағым болып алғандай. Дамир - менің өткенімнің елшісі. Не себепті?

Неге дәл сол практикант? Шешімін таппағанша өткенге орала беретін

шығармын. Өткенге оралғанннан не пайда, есімде роботтан басқа түк те

жоқ...

Бозғылт аспан мұнартып, көктен ақ жауын себелеп, күңіренген

жапырақтар арасында өткен күнге көз жүгіртіп отырмын. Үстім малмандай

су болған. «Робот», «Дамир – робот», «Дамир – профессор», «Жолдаев

Дамир», «Дамир» деп қайталай беремін.

-Кешірерсіз, қарындас. Айыпқа бұйырмаңыз, сұрауға рұқсат па? Ақ

жауынның астында не себептен отырсыз, - деп бір жас жігіт сыпайылықпен

қолшатырын маған ұсынды.

-Өткен күнге саяхат жасап отырмын. Өзіңіз неге келдіңіз менің жаныма?

«Үсті су болып, ауырып қалар» деп келсеңіз, өтінемін өз жөніңізбен жүре

беріңіз. Бұл - мен үшін үйреншікті ахуал, - деп басымды төмен қараттым.

-Саябақта бір ару атымды атап шақырған соң, жапырақтар арасында суға

малынып отырған сізге қарай келе бердім, - деп жымиды.

-Қателесесіз, мен өзіме таныс бір жан туралы айтып отыр едім. Мектеп оқып

жүргенімде атағы қысқа уақыт ішінде жер жарып еді-ау. Енді балалығым мен

өткенімнен қалған жалғыз жәдігерім де сол, - дедім де көзіме еріксіз жас

алдым. Жігітке мән беріп қарамаған да екенмін. Даусын да елемеппін. Күллі

әлем мен үшін қараңғылыққа айналғанда жан-жағыма мән беру керектігін де

ұмытыппын. Басымды көтеріп, оның көзіне көзім түйіскенде жүрегімнің

соғысы жиілей бастады. Қолдарым суып, дірілдей бастады. Суықты сезіндім.

-Иә, иә. Қателеспедіңіз. Сіз білер робот мен болам, ханымым. Нақ айттым ғой

деймін. Таныспасақ танысып алайық. Есімім – Дамир. Дамир Жолдаев.

Жүрегіңіз қатты соғып кетті ме? - деп күлімсірей қолын жүрегіме апарды.

Қолымен менің алақандарымды ұстағанда, не істерімді, не айтарымды білмей

қалдым. Осы сәтте нағыз робот мен болған сияқтымын. Дамирдің мен білер

робот екендігіне сене де алмай отырмын. Бірақ мен ұнатқан көздер мені

алдамады. Қазіргі іс-әрекеттерге қарасам, Дамирді оның антониміне теңеген

тәріздімін. Әсем ернімен көзі шаттанып күле қарауда. Оның қолы менің

жанымды лезде жылытқандай.

-Мұны «тағдыр» дейді, ханымым. Сендер маған «робот» деп ат қойсаңдар,

есікті ашқан сәттегі жүзіңді көріп мен де сені роботқа баладым. Әйткенмен,

көзқарасың жүрегімді баурап алғандай болды. Сенімен тілдесуге дайын емес

едім. Өзімнің шынайы бейнемді көрсете алмай, ақымақ сынды көрінгенім де

- менің үлкен ағаттығым. Сендермен өткен 3 айымда өзіңе деген ыстық,

мөлдір сезімімді жеткізуге жүрегім дауаламады. Сені қанша іздесем де таба

алмадым. Перизатым екеніңді кеш ұғындым. Енді қолым жетті дегенде,

жұлдызымды қолымнан шығарып, қарап отыра алмаймын. Басыңнан нендей

қиындықтың өткенінен хабардармын. Кеш білсем де, демеушің болғым

келеді. Қаншама күнім осы саябақты жағалай, өзіңе қарайлаумен өтті. Мені

есіңе түсіргеніңді күттім. Шақыруыңды күттім. «Танымай қаласың ба» деп

қорықтым, маралым. Жүрегіміз бірдей соғады, бірдей дем аламыз. Бәрі-бәрі

бір-бірімен сабақтас. Сен де мені ұнатады емессің бе?! Арада 4 жыл өтті.

Сонда да мені әлі сүйетініңе еш шүбәм жоқ. Себебі мен білер робот – сен,

сен білер робот – мен. Біз бірге бола аламыз, алтыным. Ештеңе де біз үшін

өткел бола алмайды. Маған берер жауабыңды көзіңнен ұғынып тұрмын.

Асылым, өтінемін, сөнген сезіміңді қайта жағуыма мүмкіндік берші!- деді де

Дамир себелеген күзгі жауын астында мені өз құшағына басты. Менің

жүрегім де өзім де қарсылық көрсете алмадым. Себебі ол маған есік алдында

қараған мезеттен бастап-ақ расында жүрегімнің патшасы атанған-ды.

Арада 4 жыл өтті емес пе?! Ал Дамир менің жадымда жалғыз тамшы

болып сақталды. Өзіме «неге?» деп сауал қойған сәтте сұрағымның жауабын

таптым. Жүрегім Дамирдің құшағында жылып, тыныштық күйді сезіне

бастады. Жанымды мазалап жүрген қараңғылықтан да айрылдым.

Қолдарымнан қан жүре бастады. Көзім де енді от болып лаулай бастады.

Бойымдағы суық та жоғалғандай. Еріксіз күлдім. Дамирге күле қарап,

басымды изедім. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет шынайы күлкіге ие болдым.

Құдірет. Балалығымның әрбір сәті есіме түсті. Мына бір жарық ғаламатқа,

тіршілікке, өмірге роботтың махаббаты арқасында қайта келдім. Бозғылт

аспан қайта ашылып, тағдырлас екі жанның күлкісімен күн көзі күлімдеп,

біздерді шаттыққа бөледі. Өмірімді күрт өзгертіп, ғайып болған жас жігітім

маған қайта оралды. Менің роботым сиқырлы жұмбақтың шешімін тапты.

Менің жұмбағымның өзі де мен білер робот болған еді. Мені құшағына

басқан, алақанында аялаған жас практикант, мендей роботтың махаббаты,

менің өткенім мен болашағымның елшісі, жүрегімнің әміршісі, мен білер

робот... Иә, иә, мен білетін робот. Дәл өзі. Менің, тек менің роботым - Дамир

Жолдаев...

 

 

«Менің екінші теоремам» жинағының беташары

Авторы: Ізтілеу Ақмарал Сарсенбекқызы


Share:      
Leave a comment: