Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
▪Мұң басқан да▪

Blogs

07.11.2017
6833

▪Мұң басқан да▪

▪Мұң басқан да▪

Мұң басқан да...
Мұң басқан да не жетсін сырласқанға..
Өкпем де көп толатын бір дастанға.
Жүрегімнің бұл шаңын сүртіп алам,
Тағдырыммен бетпе-бет сырласқанда.

Самал болып қайғы-мұң күзде ескен де,
Өміріңмен шынайы тілдескен де.
Қалам ба деп мылқаудың күйін кешіп,
Сорлы тағдыр өзіңмен жүздескен де.

Мұң басқан да...
Өзімді-өзім жат сынам біртүрлімін..
Бұзды тағы о тағдыр шырқыңды кім.
Бәрі де жат барлығы бөтен маған,
Біртүрлі ой тағы да бір түрлі мұң.

Көңілім де ескірген сағыныш бар,
Ұшты бүгін көңілсіз тағы құстар.
Бұл құстармен бірге ұшып бірге қонып,
Сырласуға бұл жүрек тағы құштар.

Мұң басқан да...
Өзгені ойлап жабықтым сені күттім..
Сені күтіп о тағдыр желігіппін.
Мұң басқан да тағдырмен сырласқан да,
Тәтті ұйқыдан тұрғандай серігіппін.

Шаң басады ағыңды кір қылады,
Езілсе кір жаныңды мұң қылады.
Мейлі мұңға батайын тұншығайын,
Бұл жүректен мәңгі ағар жыр бұлағы...

 


Share:      
Leave a comment: