Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Мұхтар Шерім. Өгіз өлтірмейді

Blogs

27.03.2019
6070

Мұхтар Шерім. Өгіз өлтірмейді

Мұхтар Шерім. Өгіз өлтірмейді

 

Түн үшінде түлен түрткендей, перронда бір албасты күткендей, күркілдеп жөтеліп аламын да, жөнеле беремін. Ашығын айтсам, айкезбемін, сандырақтап кетемін де, есік болсын, тесік болсын тасыр-тұсыр аттап, шығып кетемін. Әйелім тәуіптерге де апарды, небір профессор дәрігерлерге де емедетті, бірақ осы бір дерт денемде қалып қойды.

 

Көктем көкем келіп, айналадағы қар біткен ағыл–тегіл «жылап» жатқанда, бір күні түнде орнымнан ұшып тұрыппын да, көрші келіншектің үйіне барыппын. Есігін тарсылдата қағыппын. Күйеуі күртешесін киіп, алдымнан шығыпты. Оны ысырып тастап, жаман ырым бастап, жатын бөлмесіне кіріппін де, әйелінің қасына жата кетіппін. Осының бәрін кейін көршім айтып бергеніндей, қорылға басыппын. Әйелі де өзінің күйеуі, өмірдегі сүйеуі деп ойласа керек, мені құшақтап, мойнымнан иіскепті, бірақ одан әрі тиіспепті. 

 

–Тұр деймін, неғып жатырсың? –деп көршім сұқ саусағын мұрнымның ішіне тығып алғанда барып ояндым.

–Неғып жатырсың?

–Ұйықтап...

–Не, менің қатынымның қасында ұйықтамасаң, таң атпайды ма?

–Кешіріңіз...

–Қашанғы кешіремін? Осымен үшінші рет әйелімнің қасына қонып кеттің! Емделсеңші! –деді менің айкезбе дертімен ауыратынымды білетін көршім. Көршіме рахмет, түсіністікпен қарады, қызғанбады. Өз әйелім де мыңқ етпеді. Ауыл біткен айкезбе екенімді біледі. Содан не керек, тағы бір түні орнымнан тұрдым да, далаға шығып кеттім. Көздерім жұмылған. Құшақтасып отырған ғашықтардың қасына барып, бастарына бір–бірден қойып қалғанымды білемін, бір кезде басыма бірдеңе былқ ете қалды. Тырбаңдаймын келіп, жүре алмаймын. Көзімді ашсам, көршімнің далада жайылып жүрген қара өгізі! Соның қампиған ішіне басымды тірей тоқтаппын. Бір кезде алыстан бір сарын естілгендей болды. Аңырып тұрғанымда, тасқын ауылдағы үйлерді жапыра, қымыздай сапыра, жойқын күшпен келе жатты. Жалмауызға да жан керек, көршімнің өгізіне ырғып мініп алдым. Бала–шағамды ойлап, миымды шағып келемін, қысқасы, «кәтәтсә» етіп, ағып келемін. Жағалауда адамдар аласапыран жүгіріп, солардың арасынан аудан әкімін де көріп қалдым–ау деймін? Галстугы желбіреп, шіреніп тұр. Қыстай қар тазаламаған әкім ғой бұл. Қолымды бұлғадым. Әкім шляпасын көтерді. Қасында тұрған орынбасары күрк–күрк жөтелді. Төмен қарасам, ақшалар ағып барады екен. Қу дүние–ай, еңкейіп, ақшаны іліп аламын дегенде, денем дірілдеп, ауып түстім! Өлген деген осы! Хош, хош, қайран, жарық дүние! Бір кезде есімді жисам, өгіздің мүйізіне түрсиім ілініп қалыпты. Мүйізден ұстап, мойын арқылы жылжып, үстіне қайтадан жайғасып алдым. О, атаңа нәлет тасқын! Жылда жапырып кететін жалмауыз тасқын! Бір кезде, арқам жылынып сала берді. Мойнымды бұрып қарасам, көршімнің әйелі құшақтап отыр! Өгіздің үстінде! Ойебай, бұл қашан мінгесіп алған? Сөйтсем, ол да ағыспен ағып, өгізінің құйрығынан ұстай алған екен! Жағалауға қарасам, көрші көкемнің көздері атыздай болып, жүгіріп келеді! Ұят болды–ау, түнделетіп, жеңешемнің қасында жатып кететінім өз алдына, енді өгізі үстінде құшақтасып барамыз... О, атаңа нәлет тасқын! Билік тасқынның тас–талқанын қашан шығарады екен, а? Мен өгіздің мойнына жылжып, мүйізін қос қолыммен ұстадым. Көліктің рулі сияқты оңға бұрсам, солға ағып кете береді. Солға бұрсам, оңға ағады. Көршімнің әйелі солқылдап жылай бастады. Мен оған қарсы отырып алдым.

–Енді не істейміз? –деп сұрады ол.

–Өгіз өлтірмейді.. –дедім мен. Әдемі келіншек өзі. Көйлегі денесіне жабысып, дір–дір етеді. Еркек екенім есіме түсіп, құшақтай алып, шиедей ерніне жабыстым. Сол екен, тоңқалаң асып, екеуміз де, тасқынға құладық. Құдай біледі, моторлы қайықтағылар құтқармағанда, сол құшақтасқан күйі құлағымызға су кіріп, тұншығып өлер ме едік? Құдая, бүйткен тасқыны құрысын!


Share:      
Мұхтар Шерім
27.03.2019 10:30
Мұхтар ШЕРІМ. ӨГІЗ ӨЛТІРМЕДІ... Түн үшінде түлен түрткендей, перронда бір албасты күткендей, күркілдеп жөтеліп аламын да, жөнеле беремін. Ашығын айтсам, айкезбемін, сандырақтап кетемін де, есік болсын, тесік болсын тасыр-тұсыр аттап, шығып кетемін. Әйелім тәуіптерге де апарды, небір профессор дәрігерлерге де емедетті, бірақ осы бір дерт денемде қалып қойды. Көктем көкем келіп, айналадағы қар біткен ағыл–тегіл «жылап» жатқанда, бір күні түнде орнымнан ұшып тұрыппын да, көрші келіншектің үйіне барыппын. Есігін тарсылдата қағыппын. Күйеуі күртешесін киіп, алдымнан шығыпты. Оны ысырып тастап, жаман ырым бастап, жатын бөлмесіне кіріппін де, әйелінің қасына жата кетіппін. Осының бәрін кейін көршім айтып бергеніндей, қорылға басыппын. Әйелі де өзінің күйеуі, өмірдегі сүйеуі деп ойласа керек, мені құшақтап, мойнымнан иіскепті, бірақ одан әрі тиіспепті. –Тұр деймін, неғып жатырсың? –деп көршім сұқ саусағын мұрнымның ішіне тығып алғанда барып ояндым. –Неғып жатырсың? –Ұйықтап... –Не, менің қатынымның қасында ұйықтамасаң, таң атпайды ма? –Кешіріңіз... –Қашанғы кешіремін? Осымен үшінші рет әйелімнің қасына қонып кеттің! Емделсеңші! –деді менің айкезбе дертімен ауыратынымды білетін көршім. Көршіме рахмет, түсіністікпен қарады, қызғанбады. Өз әйелім де мыңқ етпеді. Ауыл біткен айкезбе екенімді біледі. Содан не керек, тағы бір түні орнымнан тұрдым да, далаға шығып кеттім. Көздерім жұмылған. Құшақтасып отырған ғашықтардың қасына барып, бастарына бір–бірден қойып қалғанымды білемін, бір кезде басыма бірдеңе былқ ете қалды. Тырбаңдаймын келіп, жүре алмаймын. Көзімді ашсам, көршімнің далада жайылып жүрген қара өгізі! Соның қампиған ішіне басымды тірей тоқтаппын. Бір кезде алыстан бір сарын естілгендей болды. Аңырып тұрғанымда, тасқын ауылдағы үйлерді жапыра, қымыздай сапыра, жойқын күшпен келе жатты. Жалмауызға да жан керек, көршімнің өгізіне ырғып мініп алдым. Бала–шағамды ойлап, миымды шағып келемін, қысқасы, «кәтәтсә» етіп, ағып келемін. Жағалауда адамдар аласапыран жүгіріп, солардың арасынан аудан әкімін де көріп қалдым–ау деймін? Галстугы желбіреп, шіреніп тұр. Қыстай қар тазаламаған әкім ғой бұл. Қолымды бұлғадым. Әкім шляпасын көтерді. Қасында тұрған орынбасары күрк–күрк жөтелді. Төмен қарасам, ақшалар ағып барады екен. Қу дүние–ай, еңкейіп, ақшаны іліп аламын дегенде, денем дірілдеп, ауып түстім! Өлген деген осы! Хош, хош, қайран, жарық дүние! Бір кезде есімді жисам, өгіздің мүйізіне түрсиім ілініп қалыпты. Мүйізден ұстап, мойын арқылы жылжып, үстіне қайтадан жайғасып алдым. О, атаңа нәлет тасқын! Жылда жапырып кететін жалмауыз тасқын! Бір кезде, арқам жылынып сала берді. Мойнымды бұрып қарасам, көршімнің әйелі құшақтап отыр! Өгіздің үстінде! Ойебай, бұл қашан мінгесіп алған? Сөйтсем, ол да ағыспен ағып, өгізінің құйрығынан ұстай алған екен! Жағалауға қарасам, көрші көкемнің көздері атыздай болып, жүгіріп келеді! Ұят болды–ау, түнделетіп, жеңешемнің қасында жатып кететінім өз алдына, енді өгізі үстінде құшақтасып барамыз... О, атаңа нәлет тасқын! Билік тасқынның тас–талқанын қашан шығарады екен, а? Мен өгіздің мойнына жылжып, мүйізін қос қолыммен ұстадым. Көліктің рулі сияқты оңға бұрсам, солға ағып кете береді. Солға бұрсам, оңға ағады. Көршімнің әйелі солқылдап жылай бастады. Мен оған қарсы отырып алдым. –Енді не істейміз? –деп сұрады ол. –Өгіз өлтірмейді.. –дедім мен. Әдемі келіншек өзі. Көйлегі денесіне жабысып, дір–дір етеді. Еркек екенім есіме түсіп, құшақтай алып, шиедей ерніне жабыстым. Сол екен, тоңқалаң асып, екеуміз де, тасқынға құладық. Құдай біледі, моторлы қайықтағылар құтқармағанда, сол құшақтасқан күйі құлағымызға су кіріп, тұншығып өлер ме едік? Құдая, бүйткен тасқыны құрысын!
Leave a comment: