Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
SATIRA
Мұхтар ШЕРІМ.

Blogs

20.10.2023
4387

Мұхтар ШЕРІМ.

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. 

СӨЙТЕР МЕ ЕКЕНБІЗ?

   Ееей, күлдір, күлдір кісінетіп,  күреңді мінер ме екенбіз, күреңді  қойшы, бәрінен, «Джипті» мінер ме екенбіз...  «Персик» тағып, алтыннан,  қымбаттан  киер ме екенбіз... Бай баласы сияқты, долларға бас иер ме екенбіз... Жоқшылықтан күйзелдім, пиццадан ауыз тиер ме екенбіз... Диплом бар, жұмыс жоқ, кім айтар қазір көңіл тоқ, жұдырық түйер ме екенбіз... Анам ауру, сан кесел, жегеніміз вермишель... бай болып кетсем, шіркін-ай, Дубайда жүрер ме екенбіз, «Протон»  кетіп жерімнен, біз де бір күлер ме екенбіз... Есік алдында малым жоқ, кейде жейтін наным жоқ... адам сияқты өмір сүрер ме екенбіз!

   Ееей, ор қояндай жүгінтіп, аш күзендей бүгілтіп, көкпар болса  есекпен, таңдап мінер ме екенбіз, сол есекке мінген соң, қызыл қоңыр папкі алып, Астананы төске алып, министр болар ма екенбіз...  Ауылауыл жол қылсам, Қызылқұмды көл қылсам, терроршыны жинап ап, шеттерінен нөл қылсам,  адалдарды жинап ап, өз алдына ел қылсам, машинам болса «мерседес», доңғалағын майласам, алдыма келсе жемқорың, шандырдай шандыр шайнасам, көк байрағым қолымда, бұрқсарқ қайнасам, Астана жақты жайласам, «Бие» деген фирма ашып, желілеп бие байлатсам, күнде жиын, күнде той, «Мұзартыңды» ойнатсам, ауыл әкімін сайларда, дені түзуін сайлатсам, мұнай берген дәулетті көтеріп тұрар ма екенбіз? Демократия елі боп, мойынды бұрар ма екенбіз?


Share:      
Leave a comment: