Blogs
12.12.2017
5508
Мысқыл
Күле қарайсың...
Күлкің қу жылмаң, байқалды.
Көріп тұрмын арамза, қу, сайқалды.
Менің жанса жұлдызым, бағым жанса.
Басың сынып, шірік жаның шайқалды.
Сыртың тұп-тұнық...
Ішіңде сенің не жатыр?!
Ақылдан кендесің, жігіт десе тым батыр.
Қу тірлігің өтіп барады, сен болсаң...
Көкірегі ашылмаған сұм, пақыр!
Мен сені аяймын, көріп тұрып түріңді,
Бейбақ жаныңды, ішіңдегі іріңді.
Мен айныдым, лоқсып тұрам қарасам.
Өмірде жүрсің бостан-бос құртып күніңді.
Өзің біл құрбым, өз өмірің қолыңда,
Екі жол тек, оң менен және солыңда.
Мен жолықтым басыңа ақыл құюға,
Миың жоқ баста, пішін тұр мидың орныңда.
Адамдық аз, сайқалдық көп қаныңда...
Әлсіз сенің иманың мен арың да,
Опасыздық қылдың... менде обал жоқ.
Опасыздық күтер сені алдыңда...
Share:
Leave a comment: