Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Өмір ағыны

Blogs

12.12.2017
5811

Өмір ағыны

Өмірдің ағыны ағызып әкетті сезімді,

Сол кезде бірақ, жүрегім ауырып езілді.

Ал енді қош бол алғашқы ыстық махаббат

Жүректе сақтармын ең алғаш ғашық кезімді.

 

Уақытпен кетті, шайылып, сезім селдіреп,

Талай егілгенмін, тамшы жас көзде мөлдіреп.

Тым жас боп, бірақ, қайғымен ерте есейіп.

Ойласам қазір, жүрегім кетед елжіреп.

 

Тағдырым мені өзгертті, енді басқамын.

Кей кезде бұлтты, кей – кезде ашық аспаным.

Мінезім қатты, тасбауырлаумын ендігі.

Жүрмін ғой мен де, көз жасын төгіп басқаның!


Share:      
Leave a comment: