Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Өмірдің ерке толқыны

Blogs

17.04.2019
5948

Өмірдің ерке толқыны

Өмірдің ерке толқыны

Өзгеріп жатыр дүние
Өзгерме бірақ сен досым.
Өмірдің ерке толқыны
Өзгерте берсін пендесін.

 

Керек деп жиған дүние
Жақсысы саған бұйырсын
Өзгере берер күніге
Осы ғой өмір қиын сын.

 

Қонақ қой адам сенімге
Қателік қылма жаңылып.
Сақталар өшпей көңілде
Достықта бақыт барын ұқ.

 

Өзгерсін мейлі гүлденсін
Жасарсын өмір жаңарып.
Қаншама сезім түрленсін
Достыққа орын бары анық.

 

Өзгерер нәрсе өзгерсін
Өзгерер сөйтіп өмір де.
Түсірме бірақ көлеңке
Достыққа деген сенімге.
                       

9.11.2017

 


Share:      
Leave a comment: