Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Опасыз махаббат

Blogs

12.12.2017
5757

Опасыз махаббат

Жүзі шырайланып, нұрланып,

Бір қызып, бір суып, сұрланып.

Жүрегі дүрсілдеп тиылмай,

Жанары қарайды ұрланып.

Бойжеткен қақпанға ілінді,

Бұйыққан сезімі тірілді.

Махаббат жайлады жүрегін,

Денеге таратып дірілді.

Бейтаныс жігітке елікті,

Тия алмай ойдағы желікті.

Есінен итеріп шығарды, тіпті,

Жаныңда отырған серікті...

Бұл жігіт құрбының серігі...

Сонда да үдеді жерігі,

Өзінің жолдасын менсінбей,

Сұм ойы ушықты, желіді.

Сол сәттен, сол күннен басталды.

Құрбының опасыз қылығы.

Ластанды, өмірдің лайланды тұнығы.

Екі ғашықтың шырт сынды сезімі.

Қалды тек уатылған сынығы.

Бейшара құрбысы білмеді, сезбеді,

Жалғанға, алдауға жүрегі төзбеді.

Айрылып тынды, серігін босатты.

Бостан-бос қорланып жүрегін езбеді.

Жүрегі сезген, сұмдық іс боларын,

Жайнаған көңілдің, бүрісіп соларын.

Көзбенен дымды, көрмесін мейлі.

Жоғалтқан еді, болашақ ол жарын.

«Мейлі», деп жіберді еркіне оны,

Жылжысын, кетсін... «Бөлек» деп жолы.

Қан жылап, азамен күнін жалғады.

Жүрегі үгіліп, осылып жоны...

 

...Құрбысы гүлдеді,жайнады,

Қызуы бойында қайнады.

«Сүйдік» деп шынайы екеуі.

Сезімнің бал әнін сайрады.

Бейшара ару тек қайғылы,

Көңілі жүдеген қаймығып,

Шарасыз жас төгу амалы,

Қан жұтып, азамен қайғырып?!

 

Бар ойы...

Кім болды сүйгені?

Қайда оның өрт болып күйгені.

Кім болды, жанындай құрбысы?

Сұмдық қой, ту сырттан түйгені.

Кінәні, кімге артып тағады?

Қалайша жазады жараны?

Махаббат, біреуге бақ беріп,

Қалайша? Қалай ол?

Біреуді етеді қаралы?

Опасыз қайсысы бұл жайда?

Әр адам өзінше болжайды.

Ал ару, ешкімнен көрмеді,

Кінәлап ашуға ермеді.

«Опасыз махаббат» айыпты,

Деді де, қолын бір сермеді!

 


Share:      
Leave a comment: