Blogs
Оралман
Оралман
Қайран – Ақсақал .
Рахат – Қайран ақсақалдың ұл
Әсия – Рахаттың үлкен қызы.
Алмаш – Қайрана ақсақалдың келіні, Рахаттың жары.
Жамбыл – Рахаттың кіші ұлы.
Күләнда – Қайран ақсақалдың қызы.
Сағыныш – Қайран ақсақалдың кезінде Алтай асқан бауырының ұлы. Қайран ақсақалды іздеуші.
Сурет
Елгей дәуірлес ескі үйдің қонақ бөлмесінде, дөңгеленген деңі тобықпен тізе аралығындағы үстел қоюлы. Дастарған бетінде ауыз майлап, қарын қамдар астың алуаны қоюлы. Жағалай дайын асқа тік қасық сала үй адамдары отыр. Кенет ауыз бөлмедегі үй телефоны шылдырлай жөнелді.
-Әсия: Алло...Аха.Иә,иә, осында тұрады. Жаңашымалған ауылы А.Байтұрсынов 13 аха жақсы сау болыңыз.
- Қайран ата: Әәй Әсия аманшылық па? Айналайын Күләндалар емес па?
-Әсия: Күләндалар емес, білмеймін бір кісі странный такой. Қайран ағам бар ма ? Мен Сарынның ұлы кім деп еді есімін иииии.
-Қайран ата: Өй айтсайшы ендііі.
-Әсия: Сол сізді іздеп жүр екен. Адресті бердім.
Кідіріс
-Қайран ата: ( Мазасыздана) Ой Аллай, жасаған-ай. Рахманым-ай барсың ғой, сен барсың!
-Рахат: Әй әке не болды сонша езілгені несі ол Сарын-парындарың кезінде сізді тастап Алтай асқан қашқындар емес пе?
-Қайран ата: Тәйт, балам олай айтпа.
-Рахат: Жоқ әке қарашы қаншама қиындық көрдік, қаншама қысылтаяң шақты өткердік. Туыс дегеннің исі мұрнымызға да келмей, сізден басқа ешкіміміз болмады. Енді келіп бәрі жақсы болғанда, еліміз егемендік алып еңсесін тіктегенде туыс қажет боп қалғанын.
-Қайран ата: Рахат қой енді сабырға кел.
-Рахат: Ашынғаннан шығады ащы даусым әкеее.
-Қайран ата: Рахат!
Рахат үстел үстінен тұрып, есікті тарс жауып кетіп қалады.
-Қайран ата: Ай ұшқалағым ай...
-Алмаш: Әке Сарын деген кім?
-Қайран ата: Еее келінжан кезінде алмағайып арсыз заманда айхайынан Алатау ауып, ойбайынан Сарыарқа шағылардай қазақ кешкен мұң болды. Оны өздерің де білесіңдер. Аштықтың жылында ел қырылып, ер ұрынып жатқанда, жиған-тергенін алып ел бытырады. Сол тізбекпен қазақтың тұқымын сақтау мақсатында, ұрпақ сақтау ниетінде менің әке-шешем де жөнелген еді. Ал Сарын менің жалғыз бауырым еді. Одан басқа туғаным жоқ.
-Алмаш: Онда біздің Рахат неге бұлқан- талқан болып жүр?! Қатырады.
- Жамбыл: Ата сізді неге алып кетпеген?
-Қайран ата: Анамның сіңілісі бізбен қоралас тұратын көрші еді. Ел асатында бірге шығатын болдық. Мен ол кезде он жаста едім, атұлдандыққа, барып кел-шауып келге жарайтын едім. Анамның сіңілісі Айғаным жаңа тұрмыс құрғандықтан жездем екеуіне көмек қолын созып, солармен шығатын болдым. Ал анам мен әкем ауыл байы Байсүгірдің тобына қосылып біздің алдымызда аттанып кетті. Біз шығар күні жездем белгісіз себептермен сотталып мен әпкем мен қалып қойдым.
-Алмаш: Мынауыңызға кино түсіруге болады ғой.
-Қайран ата: Ертең бауырларың келеді. Күләнданы шақыр ас дайындап қам қылыңдар.
-Алмаш: Жарайды әке.
-Қайран ата: Ал ас қайырайық. Дастарханға береке берсін, бастарыңа мереке берсін,астарыңа адалдық берсін, бастарыңа амандық берсін, дендеріңе саулық берсін аумин.
Екінші перде
-Күләнда: Әкемнің бауыры табылып жақсы болды. Қанша жыл сағыныштан мұңы сомадай сонарланушы еді. Бір құрсақатан шыққасын бір дүниеде де бірге жүргенге не жетсін... Сағат қанаша болды?
-Алмаш: Келіп қалар енді келмесе сағат алты, қараңғыға қалып қояды.
Күләнда: Иәәә.
Сырттан жүгіріп есікті қаға ашып
-Жамбыл: Анашыыыым қонақ келді. Міне маған ақса бердііі.
-Алмаш: Ай жарығым-ай жаңа ғана айтып отыр едік, ал мен дастархан жая бастайын. Джамбо сен ойна бар тез.
Есіктен жалтақтай кіре сала
-Сағыныш: Аал сәлеметсіздер ме
-Күләнда: Қощ кедіңіз! Келіңіз жоғарылатыңыз
-Сағыныш: Қайран ағам қайда?
-Күләнда: Қазір келеді мешітке намаз оқып қайтайын деп шыққан. Сіз хабарласқалы Аллаға құлшылығын арттырып жүр.
-Сағыныш: Сіз ағама кім боласыз ?
-Күләнда: Мен Қайран ағаңыздың қызы боламын.Менен үлкен ағам бар Рахат.Шешеміз ерте дүние салып кеткен.Жаңағы жүгірмек Жамбыл Рахаттың ұлы. Сарын әкеміз қалай?
-Сағыныш: Әкемде пайғамбар жасынды дүние салды. Біз алты ағайындымыз.Әкем тірі кезінде арманы еді ағасын көру. Күнде бала кезін еске алып аңыз қылып отырушы еді. Енді міне бір туғандарымды көріп көз-айым болып отырмын. Негізі Қайран ағамның тағы екі қарындасы бар. Олар Баянөлгейде, бұл хабарды естісе төбелері көкке жетер.
-Күләнда: Қойыңызшы?! Әкем армансыз болатын болды-ау.
Осы кезде сырттан Рахат кіріп келеді
-Күләнда: Оо Рахат міне бауырың келді.
Сағыныш құшағына қысқысы келіп еді, бірақ Рахат қолын алмай көкқұтандай кекиіп шекесінен қарады.
-Рахат: Бұл маңғол емес па қайдағы бауырың?!
-Күләнда: Мен Алмашқа көмектесейін. Рахат ақымақ болма.
-Рахат: Оу оралман мұнда адасып қайдан жүрсің? Қуасың ба бұл елшілік үйі емес.
-Сағыныш: Қой бауырым олай айтпа мен сенің бауырыңмын.
-Рахат: Ей қайдағы бауыр сендер маңғолсыңдар, қашқынсыңдар. Елден безіп әкемді тастап, күн күлгенде қайта оралып, ұяттан жұрдай.
-Сағыныш: Кім қашқан:
-Рахат: Кім дейді ахахахха
-Сағыныш: Бауырым ол заманда қазақ қайғысы қайнақ болып, қайнарын қоқыстау көзделген, қабырғамызды қайқылап, құсымызды ұштыртпай, итімізді үрдірмей қойғызған зарарлы уақ. Сондықтан қате сөз айтпа бауырым.
-Рахат: Бауырың қабырғаңның астында ей. Қандай заман болсада оққа кеуде тосып өлу керек. Қоян мінезділікке салынбай.
Сырттан Қайрат ата кіріп келеді.
-Сағыныш: Оо, аға-ау, бәйтерегім,-деп құшақтай жөнелді.
-Рахат: Әке бұны қалай құшағыңа қысасың? Какой-то оралман.
-Қайран ата.Тәйт, балам жетер! Орлман болса өз еліне, өз жеріне, өз ауылына оралды. Кешегі зарарлы уақытта қазақты малынан, жанынан айырып, табаурынға сап таптағанда, басқа шығар жол таппағанда, еліңнің ажалы келмей, оқтан емес аштықтан мерт қылды. Айналасын бөрі қаптағанда арыстанда кері шегінеді балам. Олар қазақ тұқымының жойылмауын қалады. Сол сұмдық тоқтатылмай, ел шет жақтан пана іздемей бәріміз қырылып қалғанда не болар еді?! Кешегі қалмақтардай қазақтың тұқымы тұздай жоғалар еді. Қазіргілердей қазынаңды тонап қашқан жоқ, қазанына қайығының оты жағылған соң тәуекел етті. О қазақта бұ қазақта бір. Біз жерге, елге, руға бөлінбейміз, қайта осылардан құраламыз. Бұл жерде біздікі емес Алланікі. Ал сен балам ағаттықа амандық білдірме. Сен де ағаң да бір атаның баласысыңдар. Бес саусақтың бірінен тістесең бәрі ауырады. Сендерде бес саусақтай болуларың керек. Бес саусақ бірікпесе, ине де қолға ілікпейді. Сен жатбауырлығыңды қой. Қабылда ағаңды әлі артыңда қанша бауырларың бар. Енді сенен асқан туысы көп адам жоқ балам.
-Рахат: Кешіріңіздерші әке. Мен тек туыссыз өскесін ашынам ғой, бауырларыңыз ата-анаңыз бөлек жерде өскесін күйінгенім ғой. Енді міне ішім жылынғандай. Бауырым келші,-деп құшақтасты.
-Қайран ата: Ееее енді дұрыс болды. Ауыл тапқан мен бауыр тапқандарым келіңдер дастарханға жайғасайық.