One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Орынбор күнделігі: Ахмет Байтұрсынұлның ізімен - 1

BLOGS

08 may 2019
324
0

Орынбор күнделігі: Ахмет Байтұрсынұлның ізімен - 1

 

 

І. АҢДАТУ ҺӘМ ІЗ КЕСУ

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына екі жыл толып отыр. Көп жұмыстар атқарылды. Алғашқыда кез-келген тәрбиелік мазмұндағы іс-шараны «Рухани жаңғыруға» тіреп, қосақтап қойып отырған бүгінгі қоғам өзгерген. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама мазмұнына халқымыздың рухани-мәдени құндылықтарын танитын, дүниетанымын түгендейтін, тарихи-әлеуметтік даму салаларында ұлттың кеткен есесін бағамдайтын жобалар ене бастаған. Сондай жобаның бір парасын А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жаңа басшы Алма Досжанова ханымның қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асыруды қолға алды. Жобаның атауы – «А.Байтұрсынұлының ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедиция. Оның алғашқы сапары «А.Байтұрсынұлының ізімен: Орынбор кезеңі» деп аталды.

 

data-cke-saved-src=/upload/318/2019/05/08/58ee70ed0d574dd0d47163df5ab42762.png

 

 

Қазақстанда билік транзитының көрігі қызып жатқан тұста ғылыми-танымдық экспедицияның ат басын бұрған бағыты көршілес Ресейге қарай түсіп, университеттің филолог, тарихшы, журналистика саласының ғалымдары, магистранттары мен докторанттарынан құралған топ Орынбор шаһарына жол тартты.

 

Орынбор - Алаш зиялыларының табаны тиген, ағартушылық, қоғамдық һәм саяси қызметтерінің көрігі болған тарихи мекен. Мұнда А.Байтұрсынұлы 1910-1925 жылдар арасында жандармия құжаттарындағы деректемелер бойынша 2 жыл айдауда жүріп, кейін өз еркімен қалада қалып, қазаққа қызмет етеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының «тілі, көзі һәм құлағы» болған «Қазақ» газетін (Ә.Бөкейханның ықпалы, М.Дулатұлының тікелей жәрдемі) шығарады. Ертеден қолданысындағы араб графикасына реформа жасап, қазақ тілінің фонемалық болмысына бейімделген жаңа әліпби жасайды, қазақ тіліне қатысты оқулықтар жазады. Ахаң ғұмырнамасындағы және Алаш қозғалысының тарихындағы Орынбор кезеңі қазақ зиялыларының қоғамдық және саяси қайраткерлік қызметінің ерекше жарқырап көрінген тұсы болды.

 

1917 жылғы Ресейде орын алған қос төңкерістің (біреуі бейбіт, ерікті түрде, екіншісі қарулы төңкеріс арқылы болған) салдарынан туындаған, бірінде үміт, екіншісінде күдік басым болған алмағайып кезеңде екі мәрте жалпықазақ сиезі өтіп, шілде айында өткен алғашқы сиезде Уақытша үкімет жариялаған демократиялық өзгерістердің нышаны болған «Учередительное собрание»-ға депутаттар сайлау, «Алаш» партиясын құру, ал желтоқсан айындағы өткен екіншісінде «Алаш» автономиясы жарияланып, төрағалыққа Ә.Бөкейхан сайланған Алашорда үкіметі құрылады.

 

«Большевиктер бүлігінен» кейін аласапыран заман басталып, заңды билікті қалпына келтірушілер мен большевиктер арасында қарулы қақтығыстар басталады. «Азаматтық соғыс» деген атаумен тарихта қалған қанды оқиғалар желісінің ақыры Ресей империясының территориясында кеңестік биліктің орнауымен аяқталады. 1919 жылы алашордалықтарға кешірілім (амнистия) беріліп, 1920 жылы олардың «ә дегендегі» автономия талабының ұзын сонары негізінде кеңестік үкіметтің билігінің бақылауындағы Қазақ кеңестік социалистік автономиялы республикасы Орынборда ту тігіп, 1925 жылға дейін қала ел-жұртымыздың астанасы болады. Ол автономияда бірсыпара Алаш зиялылары үлкен лауазымдық қызметтер атқарады.

 

Орынбор қаласы алғашқыда бекініс ретінде салынған. Қаланың атауы екі түбірден тұрады. Бірі – өзеннің атын білдіретін «Ор», екіншісі -  қала деген мағына беретін немістің «бург» сөзі. Бекініс алғашқыда Ор өзені бойында салынып (қазіргі Орск қаласы), кейін Жайық өзенінің бойына ауыстырылады. Стратегиялық тұрғыдан келгенде, өзен-сулардың бойын жағалап көшетін көшпелі халықтардың жеріне сыналап кіру үшін бекіністің жаңа орны аса маңызды болды.

 

Орынбор бекінісінің алғашқы қазығы қағылған жер - Жайықтың оң жағалауындағы биік жар қабақ. Жар қабақты Жайық - бекіністің қазақ даласы бетіндегі табиғи қорғанысы (жоғарыдағы суретте). Далалық тұрғындармен тауар, мал саудасы жүретін «Меновый двор» өзеннің сол жағалауына орналасқан. Патшалық замандағы ескі карталарда Жайықтың сол жағалауы «қырғыз» даласы немесе «Степь кочующих киргиз-кайсакской Малой орды» деп белгіленген (қараңыз).

 

data-cke-saved-src=/upload/318/2019/05/08/3e645ac9260cb6b4bb21c3e99a43ac22.jpgОрынбор бекінісін көшуін көрсеткен карта

 

 

data-cke-saved-src=/upload/318/2019/05/08/7518e4fe658ffc441b361db1ff882cf8.jpgОрынбор губерниясының 1851 жылы жасалған картасы

 

 

Бекініс орнаған биік жарға қаланың алғашқыда «Большой» деп, кейін «Николаевская», одан кейін «Советская» деп аталған басты көше келіп тіреледі. Генерал-губернатордың сарайы, Кадет корпусы, полиция мекемесінің кеңсесі,  граф Браунның үйі, Шекаралық комиссия мекемелеріне қатысты нысандар т.б. қазіргі таңда тарихи-мәдени құндылығы аса маңызды ғимараттар осы көшенің бойына орналасқан.

 

 

data-cke-saved-src=/upload/318/2019/05/08/8b481f1773e8bc676a934e9d4d757f9b.jpg

Алаш партиясының атынан сайлауға түскен тұлғалар тізімі

 

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан Орынборда бір уақыт осы көшеде, «Николаевская, 10» деген мекен-жайда тұрады. 1917 жылы «Учередительное собрание»-ға «Алаш» партиясының атынан сайлауға түскен депутаттар тізімінде Ә.Бөкейханның тұрғылықты жері деп аталмыш адрес көрсетілген (суретте). Жергілікті өлкетанушылар айтуынша, 1917 жылы шілде айында өткен І жалпы қазақ сиезіне келушілердің бірқатары Алаш көсемінің үйіне орналасады. Үй ұзынша қалыпта салынған. Ә.Бөкейхан уақытша тұрған тарихи үйдің қазіргі күйі көңіл көншітпейді: күтімсіз қалып азып-тозған, елеусіз қалыпта.

 

class=alignnoneЫ.Алтынсарин оқыған, А.Байтұрсынұлы мұғалімдік білім алған орыс-қазақ мектебі

 

 

class=alignnoneЫ.Алтынсарин оқыған Орынбор шекаралық комиссия жанындағы

орыс-қазақ мектебінің қабырғасына қойылған белгі

 

 

Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақ халқының балалары үшін арнайы ашылған орыс-қазақ мектебі де осы көше бойында. Мұнда қазақтың атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин білім алады.

 

1889 жылы Орскіде Торғай облысының білім инспекторы Ы.Алтынсариннің бастамасымен ашылған қазақ-орыс мұғалімдік мектебі өртеніп кетіп, оқу орны Орынбордағы бұрынғы шекаралық комиссиясының жанынан ашылған қазақ-орыс мектебінің ғимаратына көшіріледі. Осылайша ол Орынбор қаласына орналасып, Қазақ даласындағы ауылдық орыс-қазақ мектептеріне мұғалім дайындайтын оқу орнына айналады. Ахмет Байтұрсынұлы Торғайдағы екі класттық училищені аяқтаған соң «үлкен қиындықтармен» (М.Дулатұлы) 1891 жылы Орынборға келіп, аталмыш оқу орнынын 1895 жылы 14 түлектің қатарында аяқтайды. Демек, Ахмет Байтұрсынұлы Ы.Алтынсариннің Торғайда ашқан орыс-қазақ мектебінде, кейін оның тікелей араласуымен ашылған мұғалімдік мектепті тамамдайды. Аталмыш оқу орнын аяқтаған түлектерге қоғамға қызмет етудің екі жолы айқара ашылатын еді. Бірі – патша әкімшілігіндегі шенунік қызмет, екіншіс – қазақ балаларын оқытатын мұғалімдік қызмет. Ахаң екіншісін таңдап, «халық мұғалімі» атанады. Кезінде еуропалық білім үлгісі мен мазмұнына зәру қазақ халқы үшін «Халық мұғалімі» деген атақ үлкен сый-құрметке лайық мамандық болды.

 

Ғұмыр керуенінің тізгінін ұстаздық қызметке «байлаған» Ахаң сол жолда жүріп саяси қызметке араласады. Халық мұғалімінің саяси қызметке не себептен аралсқанын біз оның 1922 жылдың тамыз айындағы Ташкентке сапары барысында қалың қазақтың ұлт ұстазына көрсеткен сый – құрмет, қөшеметіне рахмет айта сөйлеген сөзінен аңғарамыз. Онда ол былай дейді: «Мен – халық мұғалімімін. Оқуым көп емес, аз. бірақ білімімді халық мақсаты үшін жұмсағаным рас. Оның да себептері бар. Менің істеген аз жұмысым, сендердің де қолдарыңнан келеді. Мен де өздеріңдей адамын. Мені тудырған – заман, патша заманының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы» [Қамзабекұлы Д. Руханият (Мақалалар мен зерттеулер). –Алматы: «Білім», 1997, 104 б].

 

Ал Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 1925 жылы Мәскеуден А.Байтұрсынұлына жазған хатындағы мазмұнның бір парасында ол оған Ы.Алтынсарин туралы мақала жазуды өтіне келіп: «...Алтынсары баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгеніңде, оның ісін жасарың хақ» [Қамзабекұлы, 95 б], – деп түйіндей жазуында, Ахаңның ағартушылық, ұстаздық қызметінің тарихи һәм қоғамдық-әлеуметтік мән-маңызынан терең хабар беретіні сөзсіз.

 

Жалғасы бар...


Share:
     
Leave a comment:
Captcha
Add writing