Blogs
От жағушы мен көсеу
Білдей бір мекеменің от жағушысы Бодық, көсеу керек болып базарға барды. Көсеудің бірі ұнасашы. Не бағасы қымбат, не темірі жаман.
Содан қайтайын деп тұрғанда «қырлы көсеу» деген дүкеннің атауына көзі түсе кеткені. «Іздегенге-сұраған деген осы емес» пе? Қуанып кеткен Бодық алшаң басып сонда барды. О, тоба! «Түйенің таңығаны бір жапырақ» демекші, көсеу мен қалақ, күрек пен шелек қана қолынан түспейтін ол, дүкен сөрелерінде тізіліп тұрған осы заттарды көргенде қуаныштан жылап жіберді. Әр көсеуді сүйіпте көрді, бағасын сұрап та көрді, үріп те көрді, жынды адамша екі қолдап қысып, бұрап та көрді. Таңдап жүріп үш-төртеуің алды-ау, әйтеуір.
Өзінің жеке «кәтелныйына» көсеулерді алып келіп, іліп қойды. Бірінші, екінші ... деп жазыпта тастады. Бірінші нөмірлі көсеуді сынап көрмек болып отқа сала бастап еді, көсеуіміздің жаң дауысы шықты «Ойбай, күйдім!» деген.
Бодық шошығаннан шалқасынан түсті. Жарты сағаттан соң есін жиып, жаңағы көсеуге келді. Аң-таң болып қарап тұрған Бодыққа көсеу «Қорықпа мен шынымен де сөйлеймін!», деді. «Қққалай?». «Сен бізді қай дүкеннен алдың?». «Қырлы көсеуден». «Кешір басеке, ол дүкеннің аты «қырлы» емес «сиқырлы көсеу» болатын. Біз солай сиқырлымыз адам түгіл жануардың тілің білеміз. Сендердің жаңадан салған немесе ескіні жаңартқан шатырларың сияқты жел үлп еткенде ұшып кететіні сияқты, «сиқырдың» Си-ы да ұшып кеткен ғой ». «Сен, бәле оны қайдан білесің?». «Менде алдыңда қытайға темір-терсек болып өтіп кетпей тұрғанда сондай бір шатырдың бірі болатынмың, жел соққанда кеткенбіз сол...». «Сонда қалай, сендер не бәрін сөйлей аласындар ма?». «Әрине, бірақ арамызда мылқау да сақау да бар, ол енді бізді жасап шығарған ұстаның кесірі. Мен басеке сіздің қолыңызға бірінші болып түскеніме өте-мөте қуаныштымын, әйтпесе ӘЛДЕКІМдердің қолына түсіп қайдан шығарымды...одан кейін жағдайымның не болатының? Сіздің арқанызда мен отқа түспей-ақ, барлық жұмысыңызды қалай жеңілдетуді айтып отыратың кеңесшіңіз болайын. Мұндағы қалған көсеудің сіз туралы не дейтінің, кімнің қалай жұмыс істейтінің басеке сізге жеткізіп тұрайын». Қанша дегенмен Бодық әділдікті сүйетін, жағымпаздыққа жаны қас адам болатын.
Мына көсеудің сөздерің естіген ол ашуға булығып, қаны басына шауып «Енді қалғаны көсеуді тыңдауым еді. О-тоба, мен алжиын деген екенмін. Адам баласың тыңдамайтын Бодық мына жаман көсеудің айтқанымен жүрмек пе, жоқ болмайды », деді де көсеулердің бәрін жинап далаға апарып күресінге лақтырып жіберді.
Ал сол жерде жүрген үйсіздер көсеулерді жинап алып, темір-терсек алатын жерге алып бара жатты. Ертең олардың қытайдан не болып оралатының уақыт көрсетер...