Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
ESSAY
Отбасы ойран болмасын

Blogs

27.06.2018
7853

Отбасы ойран болмасын

Отбасы ойран болмасын
1. Мен Л. деген таныс әйелдің ажырасқаннан кейін қатты жан күйзелісін көзіммен көрдім, өзімше қолдау көрсеттім, ажыраспашы деп үгіттедім, түк шығара алмадым. Бір-біріне сай жұп деп, сыртынан сүйсініп жүретін бұл екеу ажырасыда деп ойламайтынбыз. Отасқандарына он жыл болған кезде бұл отбасы ойран болды. Ол күйеуінің көзіне шөп салғанын кешіре алмады. Күйеуі кешірім сұрады, татуласуға әлденеше рет әрекеттенді. Бірақ онысы еш нәтиже бермеді. Л. күйеуіне илікпеді. Ажырасамын, тұрмаймын деп жүріп, ақыры күйеуінен кетіп тынды. Енді содан бері екі қызын жалғыз өзі тәрбиелеп жүр. Бет-жүзі мен сымбаты келіскен келіншек өзіне жұп болар ер-азаматты кездестірмеді. Сөз айтқандардың бәрінен опасызды көріп тұрды. Шайлыққан жүрек қабылдамады. Қазір кей түндері өкініштен бармағымды шайнаймын дейді. Сол уақытты кері айналдыру мүмкін болғанда, күйеуімнің бір сәттік әлсіздігін кешірген болар едім дейді. “Бірақ ол кезде оның опасыздығын кешіре алмадым. Оған менің ақылым жетпеді. Ең бастысы некені сақтап қалудың мүмкін еместігіне сенімді болатынмын”,— деп есіне алады.Бірақ, бәрі кеш. Ол күйеуі көп жүрмей, басқа әйелге үйленіп кетті. Л. болса, әлі жүр. Беттің әрі кетті. Жалғыздық- менің тағдырым шығар дейді. 
2.Енді бір Р. деген құрбымның құдағиы 60 жасқа аттаған шағында күйеуімен апжырасуға мәжбүр болды. Қатты күйзелісте жүр. Қанша жыл отасты, бір-бірлеріне деген сезімдері суыған жоқ. Жақында ауызашарда отырғанда, Р: 
- Мен күйеуімді жаман дей алмаймын. Жақсы азамат. Қамқор отағасы. Біздің арамыздағы кикілжің оның намаз оқуынан басталып, он жылға созылды. Мен орысша тәрбие алдым. Оның айтқанына көніп, үстіме етек-жеңі ұзындау көйлек кидім. Тек басыма орамал тарта алмадым, құран дұғаларын қанша тырыссам да жаттай алмадым, намазға жығылмадым. Ол болса,соған ашуланды. Сол үшін айқай-шу щығаратын болды. Ақыр соңында, қолын сілтеп, заттарын жинап, кетіп қалды. Ел- жұрттан ұят-ты деп, ешкімге білдірмеуге тырысқанмен, қиюы кеткен нәрсе келіспейді екен. Ақыры сот арқылы ажырастық. Өзім арыз бердім. Бірақ, күйзелістен арыла алмай, сырқатқа шалдықтым. Оның да ана жақта қатты қажып, берекесі кетіп жүргенін білемін. Тек намазға жығылғанымды, орамал тарқанымды талап етеді. Сонымен екеуміз екі жақта, жалғыздықтың азабын тартып, бір-бірімізді қинап жүрміз ,-дейді. 
3. Енді бір әріптесімнің баласы алғашқы келіншегін ашы-шашық, бұтына шорты киіп, шашын қиып селтеңдеп жүргендігін қойдыра алмай, ажырасып кетеді. Екінші әйел алып, одан екі бала сүйіген кезде, сол мәселе тағы шықты алдынан. Жоқ, бұл жолғы келіншегі өзінен он жас кіші, әрі бұны қатты жақыс көреді. Айтқанынан шықпайды. Алып берген ұзын етек көйлекті киіп, орамалын тағады, намазды бірге оқиды. Тек... Орынбор жақтың орыстанып кеткен қазағының қызы еді. Шешесі қызының кейпін көріп, бұ не қылғандарың деп, шу шығарды. Қызы анасының да сөзін жерег тастай алмайды. Жігіттің шешесі екі оттың ортасында не қыларын білмей, шақшадай басы шарадай боп жүр. Өзі заманауи киім киеді, Шариғат жолын қатты ұстанатын баласына билігі жүрмейді.Ажыраспай, осы әйелімен тұрса екен деп тілейді. Бірақ құдағиы мына жақта қисайып отыр. отбасы ойран болайын деп тұр. Құдағиына да, баласына да не айтарын білмейді. Егер құдағиы жақтан қысым жалғаса берсе, баласының келіншекті тастап кететінін анық біледі. Келінін аяйды, немерелерін қимайды. Алдыңғы әйелімен айрылысқанда, араларына түспей өздері шешсін деген едім. Артынан балам сендера раласпаған соң, ақыл бермеген соң, ажырастық деп кінәлағаны жүрегінде тұр. Осы жолы солай демесін деп, араласайын десе... Қорыққанынан ұйқыдан айрылға ол әйелге не деп кеңес берерімді белмедім. 
4. 8 ұлдың ішіндегі жалғыз өскен З. деген қаланың қызы (курстасымның қарындасы) ауыл жігітіне тұрмысқа шықты. Ауыл болғанда, аудан орталығы. Жарының айтқанын екі етпеді. Баланы туды, үй шаруасын да, жұмысын да атқарды. Сиырды сауды, құрт жасады, от жақты, күл шығарды. Ата-ене, ауылға жақты. Тек... Жігітің жұмысқа қыры болмады. Бар білетін қалтаға ақшаны салып алып, таксилетемін деп көлікке мініп алып, кетеді. тапқан табысы жоқ. Әкәку-сәкәкумен күні өтеді. Келіншегі бірдеңе десе, жұдырығын ала жүгіреді. Не әкенің, не шешенің айтқанын құлаққа ілмеді. О дүниелік болғанда, әке-шешеден қалған үйді сатып жіберді. Келіншегі 2-3 баламен пәтер жағалап кетті. 15 жыл төзген екен. Ақыры қолын сілтеп, ажырасты. Анда-санда ішіп алғанда, ала таяқ ойнатуға келіп, мазаларын алып тұрса да, әлі сол ауылда отыр. Үйренген ауылымды қиамймын дейді.

Үйлену тез, үй болып кету қиын, ажырасу оңай

Ерлі-зайыптылардың арасындағы келіспеушіліктер үлкен дау-жанжалға ұласып, туындаған қиындықты тек ажырасу арқылы шешу көбіне жеңіл боп көрінеді. Содан да болар, қазір ойран болған отбасылардың саны күрт өсіп барады. Себебі үйлену тез, үй болып кету қиын, ажырасу оңай болып кетті. 
Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, ажырасқан ерлер мен әйелдердің көп пайызы айырылысқандарына өкінеді, күйзеліске түседі. Соның кесірінен некелерін сақтап қалғандарға қарағанда олардың көпшілігі тән және психика ауруларына көбірек шалдығады екен. Ал олардың балаларының бойындағы абыржу мен қайғы көптеген жылдар бойы басылмайды. Сол себепті де отбасы ойран болғанда, ортадағы баланың көбірек жапа шегетіндігі жайлы айтылады. Баяғыда ортадағы бала дәнекер деуші еді. Қазіргі отбасыларға бала да дәнекер болмай қалды.

Сонымен некені бұзу, ажырасу туралы шешім кенеттен қабылданбайды. Некеде көзге көрінбейтін қиындықтар шешу мүмкін емес боп көрінгенге дейін өсе береді, өсе беруі мүмкін. Алайда бұл қиындықтарды уақытында шешіп отырса, көптеген ажырасулардың алдын алуға болады дейді мамандар.
Мәсеел сол қиындықтарды қалай шешудек. Соның жолын ешкім көрсетпейді. мен атап өткен 4 нақты жағдайда олардың отбасыларын сақұтап қалулары үшін не істеулері керек еді?


Share:      
Leave a comment: