Blogs
Отыздағы Жалғасқа айтарым
Бүгін бір тілек жазам тірлігіме,
Білмеймін бұл тірлігім үлгіліме.
Отыз жыл тірлік кешкен бұл ғұмырым,
Татымас қазағымның бірлігіне.
Отыз жыл ғұмыр кешкен әрбір күнім,
Өмірдің іздеген ет тартымдығын.
Ел болам десең Жалғас отызыңда,
Қазақтай парасатты халқыңды ұғын.
Азығың қандай Жалғас өмірдегің,
Қарарсың отызыңда өмірге тың.
Адамдығын болмаса мақсатыңда,
Даңқыңа қарамайды елің сенің.
Ұмытпа ең алдымен пендесін сен,
Бабаңнан қалған асыл жерде сүрген.
Адалдықтан тайқып-ай отызыңда,
Шығарма Жалғас айтам елді есіңнен.
Айтылар талай жерде атыңа мің,
Кемелдік парызына шақыратын.
Еліңнің бір кірпішін қалаған ет,
Алты жыл бұрын құрған шаңырағың.
Бұзбасын сол шаңырақ ел іргесін,
Ұрпағың артыңдағы елім десін.
Ел қамын ойлайтұғын ұрпақ өсір,
Еліңнің ертеңі үшін ерінбесін.
Отызға толып жатсың бүгін Жалғас,
Жазылар әлі талай жырың Жалғас.
Адам бол айтарым сол ертеніңе,
Адамдықтан атасаң түгін қалмас.
Ұмытпа АЛАШдеген ұраның бар,
Амалыңды сынайтын Құранның бар.
Жақсы бол жаман болма ғұмырыңда,
Жаратқанның алдында сұрауың бар.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.