Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
MY OPINION
Өзгеру керек!

Blogs

17.01.2019
10831

Өзгеру керек!

Өзгеру керек!

Егер сен өзіңді өзгертпесең,
Алла сені өзгертпейді..
.

Құран, Рағыд сүресі 11-аят.


Өзгерейін деп шештім! Осыған дейін аузым айтып, істеуге келгенде кері тартып қалатын жалқаулығымды жеңдім. Бастамасы жәй ғана, кітап оқудан басталды. Қараңғы өмір сүріп, уақытымды зая кетіріп жүріппін. Шет елдің ғалым-философтарынан мысал келтіріп қажеті жоқ. Бізге керектінің барлығы - Абайдың Қара сөздерінде!

 

Мықты болсаң өзіңді жең!-дейді Абай атамыз. Қанымызда бар кемшілікті тізіп айтайын, білкім сіздің де бойыңыздан табылып қалар...

 


- Ұялу;
- Жалқаулық;
- Сасық көкірек;
- Өзіне сенімсіздік;
- Жаман ойлар;

 

Ұят болады деп өсіп, ешкімге бас имейм-деп өтірік көкірек керу, ондай бізде қайдан?!, ақша мен таныс болмаса деп қозғалуға ерініп жүре береміз.


Баяғыда бір адамның ақылы көөөп, басы қатты жұмыс істеп, идеялары көп екен деседі. Мен әлемді өзгертемін деп әлемді кезіпті. Өз еліне қайта келгенде, әлемді болмаса да елімді өзгертем дейді екен. Содан қаламды, ауданымды, ауылымды, отбасымды деп жүріп қалса керек. Соңында тым болмағанда өзімді өзгертейін деп өзімен жан-жақты жұмыс істеп еңбектенген екен.Сөйтсе, отбасы жылулық пен махаббатқа, ауылы парасатқа, ауданы көркейіп, қаласы дамып, елі өркендегенін байқаған екен. Бұдан түйеріміз не?! Ойымызды өзгертейікші. Ең басты дүние ой, сөз, әрекет болып жалғаса береді барлығы.


Share:      
Leave a comment: