Өзіме емеспе

22.08.2026 17

Өзіме емеспе

Білемін сол бір жанды күнде ойлайсың
Сенің күйің қара бұлтсыз жаңбырдайсың
Уақыт емші сенші маған дидарым
Нөсер жаңбыр шайды сенің жанарың
Лаулап жанған мына сенде жүректі
Сөндірді ғой сол бір сенген алауың

Мәрте мәрте бейнесіне қарайсың
Енді бірге кешкі серуен құрмайсың
Құдайым деп қайырлы етуін тіледің
Келешекті тек сол жанмен көздедің
Есің шығып көбелектер айналды
Енді қайтып келмес күндер білесің

Сағынасың жоқтайсың
Сен қазір отыны жоқ шоқтайсың
Фәни қысқа тағдырына мойыма
Түсінемін үміттенбеу оңайма
Бақыт тіле шын сүйсең егерде
Тағдырың болса қосыласың қалайда

Leave a comment: