Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Қайырлы таң

Blogs

28.11.2017
6351

Қайырлы таң

Қайырлы таң көкжиектің көктемі,
Қайырлы таң кең даланның көк белі.
Қайырлы таң Торғайыммен Арқалық,
Сендерменен өлең өлкем көктеді.

Қайырлы таң шиқылдаған торғайым,
Сенен сәлем мына әлемге жолдайын.
Серік болғын кел қасыма шиқ-шиғым,
Өзіңменен табиғатты шарлайын.

Қайырлы таң қарқылдаған қарғалар,
Азаннан-ау тіршілікке қамданар.
Жалғыз ғана пенде емес-ау құс біткен,
Күйбен тірлік ауырлығын арқалар.

Қайырлы таң шыбын шіркей оянған,
Күнге шықтың қордаланған саяңнан.
Еңбегіңе ұмтыласын тыным жоқ,
Сезіледі жорғалаған аяңнан.

Қайырлы таң келген күнім бүгінгі,
Қысқартқан-ау қысқартқан-ау ғұмырды.
Әр күнімнің аманатты деп білем,
Әр жазылған дәптеріме жырымды.

Қайырлы таң дәптерменен қаламым,
Бірлігіміз жарасқан әз одағым.
Дүниенің дүрбелеңін жазбақ боп,
Ойларыммен тағы арманды шоламын.

Қайырлы таң...

              Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 


Share:      
Leave a comment: