Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Қайырлы таң

Blogs

17.04.2019
11071

Қайырлы таң

Қайырлы таң


Қайырымды адамдар.
Не бар дейсің ертеңіме алаңдар.
Кетпес үшін келген күнге қарыз боп
Айтайыншы арманымды саған бар.

 

Осы күн ғой апаратын ертеңге
Қызық қой ол көрмесең де, көрсең де.
Бақыт деген осы дүние, осы шақ
Майдан да осы мен сенейін, сен сенбе.

 

Қайырлы таң!
Қайырымды жандарға.
Қолын созсын, жетсін биік арманға.
Төмен қарап тұрмасыншы тұқиып
Алшаң басып алдарына барғанда.

 

Қайырлы таң!
Қадірлі өмір сүйікті.
Жайдары жаз жасыл киім киіпті.
Абзал жандар ізгілікті алға ұстап
Хан мен қара алдыңа бас иіпті.
 

Қайырлы таң!
О, адамзат болшы аман.
Еңбегіңнің жемісін же, шаршама.
Мына өмір сәл-пәл қатал болса да
Барша бақты тілейінші мен саған!
Қайырлы таң!!!
                                 

18.07.2017


Share:      
Leave a comment: