Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ИТАЛИЯНЫҢ ВЕНЕЦИЯ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН КА' ФОСКАРИ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНДА АШЫЛДЫ

Blogs

09.01.2018
6841

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ИТАЛИЯНЫҢ ВЕНЕЦИЯ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН КА' ФОСКАРИ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНДА АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ИТАЛИЯНЫҢ ВЕНЕЦИЯ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН  КА' ФОСКАРИ УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНДА АШЫЛДЫ

   Италия елінің Венеция қаласының «Ка-Фоскари» ұлттық кітапханасынан Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығының ашылуы өтті.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының 2016 жылдан бері 17-ші орталығы болып отыр. Оның алдында әлемнің 16 елінде: Кореяда, Қырғыстан Республикасында, Финляндияда, Венгрияда, Ресейде, Арменияда, Малайзияда, Түркияда, Қытай Халық Республикасында, Грузияда, Францияда, Жапонияда, Швецияда, Македония, Болгария және Чехияда Орталықтар ашылып оқырманға қызмет көрсетуде.

         Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің ықпалдасуымен ашылуда.

         Орталықтың ашылуына елшілігінің өкілдері, Қазақстандағы Италия,

         Іс-шараға Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстандағы Италияның елшісі Стефано Равианан, университет Ка-фоскари университетінің ректоры және проректорлары, сондай-ақ университет ғалымдары мен студенттері, Венеция кітапханалары қауымдастығының президенті және Италия елінде білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.

         Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы халықаралық ынтымақтастықта және ғаламдық кітапхана кеңістігінде, өзара түсінушілікті жақсартуға, бірлескен кітапханалық жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Соынмен қатар кітапханасы оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді.

         Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

         Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылды. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылды. Бұл кітаптар македон оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.

         Іс-шара барысында екі кітапхана арсындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылып, концерттік бағдарламалар арқылы жалғасын тапты.

 


Share:      
Leave a comment: